3. Висмут (ІІІ) оксидінің қасиеттері. Висмут (ІІІ) тұзының ерітіндісімен де жоғарыдағы сияқты тәжірибе жасаңдар. Висмут (ІІІ) тұзының ерітіндісіне әлсіз сілтілік орта түзілгенше натрий карбонатының ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Қоспа құрамындағы көмір қышқыл газы түгел бөлініп шыққанша сынауықты қыздырыңдар. Тұнба түгел шөккенен кейін оны ыстық сумен бірнеше рет шайыңдар. Осы тәжірибеде жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар. Висмутил катионының құрамы қандай?
Висмут (ІІІ) оксидінің суға, сілті, тұз және шарап (Н2С4Н4О6) қышқылдарына қатынастарын анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жүргізілген тәжірибелер висмут (ІІІ) оксидінің қандай қасиетін көрсетеді? Натрий арсениты және антимониты ерітінділерін күміс нитратымен тексеріңдер. Тұнбаға не түседі? Зерттелетін ерітінділерге йод суы қалай әсер етеді? As (ІІІ) және Sb (ІІІ) қосылыстары осы реакцияларда қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Аs (ІІІ), Sb (ІІІ) және Ві (ІІІ) гидроксидтерінің қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздану қасиеттерін салыстырыңдар.