Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет59/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

3. ЭКВИВАЛЕНТ. ЭКВИВАЛЕНТТЕР ЗАҢЫ

Химиялық реакциялардағы әрекеттесетін заттардың эквиваленттігі туралы түсініктер химиядағы негізгі түсініктердің бірі болып қала береді. Зат мөлшері – физикалық шамасын енгізгеннен кейін “эквивалент” түсінігінің бұрынғы мазмұны өзгерді. Таза және қолданбалы химияда Халықаралық одақтың (JUPAC) ұсынысы бойынша "эквивалент" термині химиктер бұрын үйренген мағынада емес, қазір мүлдем басқа мағына береді. Жаңа негізгі бірліктердің енгізілуіне байланысты зат мөлшерінің өлшем бірлігі - моль, ол химиялық реакцияларға қатысатын кез-келген нақты (молекулалар, иондар, электрондар, протондар, радикалдар және т.б.) немесе шартты (1/5 KМnO4; 1/2Ca2+ ионы және т.б.) бөлшектерге қолданылады.


Эквивалент деп берілген қышқылдық-негіздік реакцияда сутектің бір ионына немесе тотығу-тотықсыздану реакциясында бір электронға эквивалент бола алатын сәйкес шартты немесе нақты бөлшекті айтамыз. Осындай мағына "эквивалент" терминінде ион алмасу және электрохимия әдістерінде қолданылады. "Эквивалент" терминін қолданған кезде әрдайым оның қандай реакцияға жататындығын міндетті түрде көрсету керек. Жоғарыда берген анықтама бойынша эквивалент нақты және шартты бөлшек болғандықтан, оның өлшем бірлігі моль болады.
1 моль эквиваленттің массасы "эквиваленттің молярлық массасы" деп аталады, мысалы 1/5 KМnO4-тің 1 молінің массасы 31,6 граммды құрайды, яғни ол сандық мөлшері бойынша қышқыл ортада тотығу-тотықсыздану реакциясы кезіндегі KМnO4-тің грамм-эквиваленті мәніне сәйкес келеді.
СИ жүйесінің енгізілуіне байланысты массаның негізгі өлшем бірлігі - килограмм, зат мөлшерінің негізгі өлшем бірлігі - моль екенін есте сақтау керек, ал грамм-атом, грамм-моль, грамм-эквивалент, грамм-ион және олармен сәйкес концентрацияны өрнектейтін (мысалы, грамм-эквивалент/литр) өлшем бірліктері қазіргі кезде қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет