Программа тақырыбы: Сипаттау бөлімі
Begin Орындалатын бөлім
end. Программа тақырыбы Program қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады. Мысалы:
Program esep1 (input, output); (стандартты енгізу, шығару файлы);
Мұндағы esep1 – программаға берілген атау. Программалаушы программа атауын өз қалауынша бере алады. Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш.
Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т.б. хабарланады.
Орындалатын бөлімде begin және end қызметші сөздері арасына операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, begin (ашу) және end (жабу) қызметші сөздерін операторлар жақшасы деп атаса да болады. Оператор - нұсқаулардың машиналық тілде жазылуы. Сонда әрбір оператор орындалуға қажетті әрекетті машинаға түсінікті түрде сипатталады. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасына (;) нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын көрсететін end сөзінен кейін (.) нүкте қойылады. Программаның орындалатын бөлімінде жазылған операторлар тізбегін-программа денесі деп атаймыз.
Turbo Pascal тіліндегі программа төмендегі бөлімдерден тұрады: