4-ДӘРІС.Айнымалылардың алдын ала аныкталған типтері (қарапайым).
Типтердің иерархиясы. Қарапайым типтер.
Нақты. Бүтін. Символдық. Логикалық (бульдік).
Интервалдық (аралық тип). Саналатын.
Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» үғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады. Олармен жұмыс істеу колайлы болу үшін алгебра курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты атаулар пайдаланылады. Бұл атаулар әр түрлі мәндерді (сандық мән, символдық мән т.б.) қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т.б. Разрядтылығы 16 биттен тұратын дербес компьютер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша INTEGER) -32768-ден +32767 дейінгі аралықта ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.
Паскаль тілінде ондық және он алтылық бүтін сандар пайдаланылады. Он алтылық сандардың алдына $ белгісі қойылады. Мысалы, $АВС немесе $8В2.