IDEF1X әдістемесін қолданып, ақпараттық жүйелерді логикалық және физикалық жобалау
ERwin – деректер қорының құрылымын өңдеу құралы. ERwin – WINDOWS – тың графикалық интерфейсінен тұрады, яғни мұнда ER диаграмма салу үшін аспаптар орналасады, соның ішінде деректер моделінің логикалық және физикалық сипаттамасын құру үшін арналған редакторлар және белгілі ДҚБЖ – ның реляциялы түрлерін ұстанады. Erwin – нің көмегімен ДҚ кері жобалау (реинжеринг) немесе құруға болады. ERWiN – де моделдеуде реляциялық ДҚ теориясының базасында немесе IDEF1х методологиясында таратуға болады.IDEF1х методологиясы терминология стандарттарын анықтайды, олар ақпаратты моделдеуде және диаграммалардағы типтік элементтердің графикалық бейнелеулері кезінде қолданылады.
Ақпараттық модельдің екі көзқарасы, сәйкесінше екі модель деңгейі бар. Бірінші логикалық (пайдаланушы көзқарасы) - өндіріс бизнесінде қоланылатын деректер сипаттамасы. Екінші – физикалық – ДҚ ақпараттардың берілуін анықтайды. ERwin – оларды бірнеше деңгейі бар бір диаграммаға біріктіреді.
IDEF1X әдістемесіндегі диаграммалардың тағайындалуы мен мақсаты: Диграммалар негізінен реляциялық деректер қорын пайдаланады. Реляциялық моделде барлық деректер болмыс және байланыс факторлары түрінде беріледі. Мысалы, билеттерді резервтеу жүйесі пассажир және рейс болмыстары ақпараттарынан тұрады. Болмыстар арсында функциональды байланыс анықталған. Әрі қарай, пассажир және рейс болмыстары алып бару байланыстарын анықтайды (рейс көптеген пассажирлерді арып баруы мүмкін). Болмыс – бұл, мысалы, олар жайында сақталатын ақапараттар ол адам, орын, зат, оқиға, концепция болуы мүмкін. Болмыстар әдетте зат есіммен аталады, олар астып алушы, компьютер, жұмысшы, сату т.б.с.с. болуы мүмкін. Нақтырақ болмыс - бұл жекеленген обьектілер жиыны, бұл кездегі обьектілер әртүрлі болып табылады. Байланыс - болмыстар арасындағы функциональды тәуелділік мысалы, жұмысшы сауды жасауда. Әрбір болмыстың атрибуттары болады. Атрибут – бұл обьект қасиеті, ол оның экземплярын сипаттайды. Жұмысшы болмысының келесі атрибуттары болуы мүмкін – аты, туған күні және т.б. Жалпыға бірдей реляциялық деректер моделінің графикалық бейнесі түрінде ER – диаграмма алынады. Бұл диаграммада болмыстар (кестелер) төртбұрышпен бейнеленеді, мүмкін, олар өзара байланыс сызықтарымен (байланыстар) бірігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |