9 жаттығу Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады.
Нұсқаулық: «Қазір біз өзіміздің ойларымызға, сезімімізге, уайымдарымызға назарымызды топтауға біршама уақытымызды бөлеміз».
Ыңғайлы отырыңыз да, баяулап көзіңізді жұмыңыз. Өзіңіздің деміңізге назар аударыңыз, ауа мұрыныңыз арқылы өтіп, тамағыңызға кеудеңізге түскенін, өкпеңізге толғанын сезініңіз. Әр деммен Сіздің денеңізге энергия түсетіндігін, ал әрбір шығарылған деммен қажет емес уайымдар кетіндігін сезініңіз. Өз денеңізге назар аударыңыз. Денеңізді сезініңіз: барлығын – аяғыңыздың ұшынан бастап, төбеңізге дейін... Сіз орындықта (кресло) отырсыз, қандай-да бір дыбыстарды естисіз, бетіңізге ұрған ауаны сезінесіз. Мүмкін сіздің отырысыңызды өзгертіңіз келетін шығар, өзгертіңіз.
Ал енді біз өмір сүрін жатқан әлемнің құбылмалығына ойыңызды жинақтаңыз... Біздің зулаған заманымызға жылдама әрі күтпеген өзгерістер тән.
Кейде олар найзағай жарқылы тәрізді... Өткен ғасырда ондаған жылдарға созылған әлеуметтік және технологиялық өзгерістер, қазір санаулы айларда, тіпті апталарда жүзеге асуы мүмкін, және осының барлығы әрдайым әрқайысымызға әсер етеді.
Осы жөнінде ойлаңыздар.
Қандай ойлар туындайды?... Бұл құқбылмалы әлемде сіз өзіңізді қалай сезінесіз?.. (Бұл сұрақтарды жаттықтырушы аралықпен 2-3 рет қайталайды).
Бұл құбылмалы әлемде сіздің қандай қасиеттеріңіз, мінезіңіздің ерекшеліктері өмір сүруге көмектеседі, ал қайысысы кедергі жасайтындығын есіңізге түсіріңіз. Біздің ортамызға оралыңыз және бұны сізге ыңғайлы екпінде жүзеге асырыңыз. Сіз көзіңізді бірден аша аласыз немесе біраз жұмулы күйде отырсаңызда болады.. Мұнда, біздің ортамызға оралыңыз және өзіңізге ыңғайлы екпінде жүзеге асырыңыз».
Топтың барлық мүшелері көздерін ашқаннан кейін, жаттықтырушы барлығына тағы біраз уақыт өздерінің сезімдерінде, әсерлері мен уайымдарында болуын және олардың суретін салуды ұсынады. Бұл үшін топ мүшелеріне ақ парақ, бояулар, фламастер, қарындаштар ұсынылады
Топ мүшелерінң суреттерін келесі дәрістердің барысында барлығы көре алатындай орналастыру керек.
Барлығы сурет салып болғаннан кейін, және суреттердің барлығы қабырғаға орналастырылғаннан соң, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Жұмысымызды жалғастырайық. Қазір біз топқа бірігеміз: әрқайысысында 4-5 адамнан – және өз әсерлерімізбен, ой- толғамдарымызбен бөлісеміз, бір-бірімізге құбылмалы әлемде сіздің өмірімізді қиындататын және жеңілдететін мінез ерекшелігіңізбен, қасиеттеріңізбен бөлісіңіз. Өз тобыңызда осы қасиеттердің тізбегін құрыңыз. Жалпылауға ұмтылмаңыз, тізімге қосатын қасиет немесе мінез ерекшелігі нақты болсын. Шағын топ жұмысының соңында, сізде қандай нәтиже болғандығымен бөлісуге дайын болыңыз».
Әр топтың өзінің қасиеттер тізбегін таныту барысында жаттықтырушы қалған қатысушыларға өздеріне түсінікті емес мәселелерге қатысты сұрақ қоюға шақырады. Бұл кезде жаттықтырушы аталған қасиеттерді, мінез-құлық ерекшеліктерін тақтаға немесе ватман қағазға жазып отырады.
Бұл жаттығу топтың әр мүшесінің құбылмалы әлемдегі өзінің өмірлік тәжірибесін сезінуге бағытталған. Креативтік тренингінде бұл жаттығуды өткізу креативтік неде көрініс табатындығын сондай-ақ, оның көрінуіне кедергі жасайтын бірнеше кедергілерді түсіну жолында ілгері қадам жасауға мүмкіндік береді.
Төменде біз құбылмалы әлемде өмір сүруге көмектесетін және кедергі жасайтын мінез ерекшеліктері мен қасиеттердің қысқа тізімін келтірдік. Бұл қасиеттер біз өткізген креативтілік тренингтің әртүрлі топтарында ұсынылғандар.
1. Құбылмалы әлемде өмір сүруге көмектесетін қасиеттер мен мінез ерекшеліктері:
адамдарға деген махаббат, өмірге деген оң қатынас, оптимизм;
өзін және өмірді барлық көрінісінде қабылдау;
мәселеге басқаның көзқарасымен қарай білу;
әзілкештік сезімі:
өзінің әлі жетілмегендігі, «толық аяқталмағандығы» үшін уайым кешу;
үйірлік, жанастық;
сенситивтілік, эмпатия;
адамдарға көмектесуге ұмтылыс тілегі;
жұмысқа қабілеттілік;
арманшылдық, қиялдай алу қабілеті;
шешімшілдік, табандылық, мақсатшылдық
және т.с.с.
2. Құбылмалы әлемде өмірді күрделендіретін қасиеттер:
өзіне, өз күшіне сенімсіздік;
алдын-ала ойланған пікір;
өз-өзін төмен бағалау;
дербессіздік;
тым аса ұстанымдарды ұстанушылық;
формализм, аса ұйымдастырушылық;
ойлау мен мінез-құлықтың елітемілігі;
жалпы қабылданған нормаларға, ережелерге бағыттану, басқалардың пікіріне аса сезімшілдік;
жоғары иланушылық және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |