54
1. «Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңіндегі Дала образы»
тақырыбында әдеби сын жазыңдар.
Оқу сауаттылығы
1. Туған дала,
Менсіз талай қамалдар алыныпты!..
Сенің арың – маған да ар.
Кешір мені, кеш келіппін өмірге!
Кеш туыппын!
Кеш қалыппын!
Не амал бар?
Саған уақыт сәл қиындық жолдаса –
Қағаберіс қалмаспын мен,
Енді аса!..
Сұрақ:
Осы үзіндіде «қағаберіс қалмаспын» деген нені білдіреді?
a) қиындықта қалу
b) тасада қалу
c) алысқа кету
2. Туған дала,
Жаным сенен от алды.
Сен деп білем:
Анам,
Әкем, атамды.
Сұрақ:
Үзіндіде «Туған дала, Жаным сенен от алды» деген жолдар
-
дағы «от алу» нені білдіреді?
a) бұл мүмкін емес
b) жанып жатқан отты бөліп алу
c) күш-қайрат, жігер алу
3. Туған дала,
Ұлың емес тек қана! –
Қабақ шытпас,
Құлақкесті құлыңмын!..
Достарыңызбен бөлісу: