Құрамы мен классификациясы. Газ заңдары Сұрақтар


 Парафиннің түзілуінің алдын-алу



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата16.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162983
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
darister

3. Парафиннің түзілуінің алдын-алу
Мұнай- жеңіл және ауыр кӛміртегілердің күрделі қоспасы және ол қабат 
жағдайларында термодиномикалық тепе-теңдікте болатыны белгілі. 
Мұнайды игеру термодинамикалық жағдайлардың ӛзгеруімен және 
мұнайдың қабат жағдайынан жер бетіндегі жағдайға ӛтуімен байланысты. 
Бұл кезде қысым және температура тӛмендейді. Қоспадағы бӛлек 
кӛміртегілердің фазалық тепе-теңдігі бұзылып, бір жағынан белгілі құрамды 
кӛміртегі газы түрінде бӛлінеді, ал екінші жағынан парафин, смола және 
асфальтен түрінде ауыр және майлы фракциялар бӛлінеді. 
Кӛтерілу кезінде мұнайдың сууы, қысымның тӛмендеуі кезінде газды 
фракциялардың бӛлінуі, парафин және смола сияқты ауыр фракцияларға 
қатысты еру қабілетін азайтады, олар парафин кристаллы түрінде бӛлініп, 
жаңа қатты фазаны құрады. 
Мұнай ӛзінің кӛміртегілік құрамы бойынша әртүрлі. Сондықтан, кейбір 
кен орындарда мұнай игеру кезінде парафин бӛлінбейді. Парафиннің ұсақ 
бӛлшектері асулы күйде қалып, сұйық ағынымен айдалып кетеді. Белгілі 
шарттар кезінде, олар бірдей бӛлінетін асфальтен және смоламен бірге 
жабысып, қатты жабысқақ кӛміртегі түйіршіктерін құрайды, олар құбырдың 
бұдырлы бетіне жабысып, қимасын азайтады.
Мұнайда парафиннің қатты бӛлшектері пайда болатын температура, 
парафиннің кристалдану температурасы деп аталады. Ол әртүрлі мұнайға 
және парафин фракциясының құрамына байланысты әр түрлі.
Парафиннің балқу температурасы 27
0
С –дан 71
0
С дейін, ал оған жақын 
церезин (С
36

55
) -65 тен 88
0
С дейін. Шығыс кен орнындағы парафинді мұнай 
үшін (Татария, Башкирия, Перм), СКҚ жапсарында парафиннің қабаттануы 
бастайтын температура 15-35

құрайды, ал Манғышлақ түбегінде кейбір кен 
орындарда парафиннің шӛгуі қабат жағдайларында да байқалады, себебі 
кристаллдану температурасы бастапқы қабат температурасына жақын. Суық 
суды айдау нәтижесінде қабаттың шамалы сууы, парафиннің жарым-шарты 
кристаллдануына әкеліп, оның фильтрациялық қабілетін нашарлатады. Оның 
салдары қиын.
Парафиннің қабаттану қалыңдығы-құбырдың ішкі бетінде температура 
тӛмендеген сайын және мұнайдың газсыздануы сайын ұңғыманың түбінен 
сағаға қарай ӛседі. Шығыс ӛңірлердегі кеніштерде, құбыр бетінде 
кӛміртегінің ауыр фракцияларының шӛгуі 400-300м. тереңдікте белгіленеді. 
Бұл шӛгулер –смола, церезин, асфальтен және парафин қоспаоарынан 
тұратын тұтқырлы масса түрінде болады. Әдетте, оның қалыңдығы 200-


500м.тереңдікте максимумға жетеді, ал сағаға жақын шӛгу қалыңдығы 
тӛмендейді. 
Бұл газдың кӛбею нәтижесінде, газсұйық қоспаның қозғалыс 
жылдамдығының артуына байланысты, және парафинді қабаттарды сұйық 
ағынымен механикалық бұзуына байланысты. Парафиннің қабаттануына 
беттің бұдырлығы, ағынның кішкентай жылдамдығы, және бүлкілдеу 
нәтижесінде беттің периодты ашылуы себеп болады. 
Парафиннің қабаттануын алдын-алу үшін және ұңғыманың жұмыс 
жағдайларын қамтамасыз ету үшін әртүрлі әдістерді қолданады. 
Парафиннің қабаттануын жоюдың негізгі әдістерінен келесіні 
айқындауға болады: 
1.Механикалық әдістер, оған жатады: 
а) серіппелі қырғышты пайдалану, оны периодты түрде СКҚ-ға болат 
сыммен түсіреді; 
б) периодты түрде СКҚ бағанының парафинді бӛлігін шығару және оның 
ішкі бетін механикалық қырғышпен жер бетінде тазарту; 
в) автоматты, ұшатын деп аталатын қырғышты пайдалану. 
2.Жылулық әдістер: 
а) қыздырылған буды құбыр сыртқы кеңістікке айдау жолмен құбыр 
бағанасын жылыту; 
б) ыстық мұнайды айдау жолымен құбырды жылыту. 
3.Ішкі беті шыны, эмаль немесе эпоксидті смоладан жалатылған 
құбырды қолдану. 
4.Парафинді қабаттанудың әртүрлі еріткіштерін қолдану. 
5.Парафиннің құбырдың ішкі бетіне жабысуын алдын-алу үшін 
химиялық қоспаларды қолдану. 
Парафинді қабаттанудың түзілу қарқындылығына, оның беріктігіне, 
құрамына және басқа ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі әдістер және оның 
комбинациясы қолданылады. 
Парафинді жылу әдістерімен жою үшін, қозғалмалы автомобильді 
немесе шынжырлы жүрісті бу генераторлы қондырғылар ППУ-3м 
қолданылады, оның бұл ӛнімділігі 1т/сағ., 310
0
С, ол қондырғыны 
қоректендіретін бу қазанынан, таза су қорынан тұрады. Мұндай қондырғы 
парафинді қабаттануды тек фонтанды құбырда ғана жою үшін емес, сонымен 
қатар манифольд және лақтырынды желілерде қолданылады. 
Бұл үшін сорап агрегаты 1АДП-4-150 қолданылады, ол арқылы 4дм
3
/с 
беру кезінде, 20 МПа дейін қысымда 150
0
С дейін қыздырылған ыстық мұнай 
айдалады. 
Фонтанды ұңғымадағы бүлкілдеуді алдын-алу үшін фонтанды құбыр 
бағанасының тӛменгі ұшында арнайы жұмыс саңлауы немесе клапан 
қолданылады. 
Бүлкілдеу-СКҚ-ғы ағын бағанасы тығыздығының қысқа уақытқа артуы 
нәтижесінде уақыттан бұрын фонтандаудың бітуіне әкеледі, газсыздануына 
және түп қысымының артуына әкеледі. Құбыраралық кеңістіктің үлкен 
кӛлемі оның ішінде газдың үлкен кӛлемінің жиналуына әкеледі, ол Рс‹Рнас 


шарты кезінде периодты түрде СКҚбашмағы арқылы фонтанды құбырды 
толық үрлегенше ӛтеді. Түптік қысым тӛмендейді. Содан кейін, ұңғыма ұзақ 
уақыт бойы сұйықты жинау үшін істейді. 
СКҚ-дың башмагынан біршама биіктікте (30-40м)кішкентай (бірнеше 
мм) саңылаудың болуы, СКҚ-ың құбыраралық кеңістігіне газдың 
салыстырмалы тұрақты енуін қамтамасыз етеді, және газдың башмак арқылы 
шығып кетуін болдырмайды. Жиналатын газ, сұйық деңгейін саңылаудан 
тӛмен ығыстырғаннан кейін, ол СКҚ-на еніп, бүлкілдеу сӛнеді. Егер 
саңылаудағы қысым айырмасы ∆Р болса, онда сұйық деңгейі а=∆pqg 
тереңдікте сақинадан тӛмен сақталады. Соған ұқсас рольды жұмыс клапаны 
атқарады, онда қысым белгіленген шамадан артып асқан кезден, серппелі 
клапан іске келіп, газды құбыраралық кеңістіктен СКҚ-ға жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет