Тақырып №2: «Тазалық және гигиеналық бұйымдар»
Мақсаты: Студенттергі сырқаттарды күту, тазалық-гигиеналық бұйымдармен таныстырып, оларды тауартанулық талдау жүргізуді үйрету .
Оқыту мақсаты:
Студент білу керек:
тазалық және гигиеналық бұйымдарының қолданылуы мен түрлерін;
тазалық және гигиеналық бұйымдарының жіктелуін;
тазалық және гигиеналық бұйымдарының жіктелу әдістерін;
залалсыздандыру және дезинфекциялау;
орау-буу мен таңбалануын.
Студент үйреніп алуы қажет:
тазалық және гигиеналық бұйымдарың тауартанулық талдауын жүргізуін;
осы топ фармацевтикалық тауарлардың ерекшеліктерін ескере отырып сақтауды ұйымдастыруды;
тұрғындарға, емдеу-профилактикалық мекемелерге тазалық және гигиеналық бұйымдарды босату тәртібін жасауды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Резеңке – көп компонентті жүйе. Каучуктердің түрлері (табиғи және синтетикалық). Латекс.
2. Резеңкеден жасалған бұйымдардың жасалу әдістері.
3. Резеңке сапасының физикалық-механикалық көрсеткіштері..
4. Тазалық және гигиеналық бұйымдардың жіктелуі.
5. Қалыптастыру (пресстеу) әдісімен алынған резеңкелі бұйымдардың тауартанулық талдауы, сипаттамасы.
6. Латекстен жасалған бұйымдар. Сипаттамасы, қолданылуы, тауартанулық талдауы.
7. Тазалық және гигиеналық бұйымдардың сақталуы.
8. Тазалық және гигиеналық бұйымдардың тасымалдануы, таңбалауы мен оралып-буылуы.
9. Резеңкенің ескіру салдары. Осы процесті тездететін факторлар.
10. Тазалық және гигиеналық бұйымдардың залалсыздандыру әдістері.
АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК.
Резеңкенің құрамы:
Каучуктер – нақты табиғи: гевейядан, каучуктік, синтетикалық (спирттен- дивинил стирол)
Вулканизаторлар: күкірт, селен, кремний, циклогексан.
Вулканизациялауды тездеткіштер: РвО, МдО, цинк оскиді, NаОН, КОН, сөндірілген әк, қорғасын галеті.
Активаторлар: майлы қышқылдар, уротропин, металдар тотығы.
Толықтырғыштар:
Цинк, тальк – ақ резеңке каолин немесе бор.
Газ ысығы - қара резеңке, пемза, ағаш желімі – түсті резеңке.
Тотығуға қарсы қолданады: неозан, бетта-нафтол, нафталамин.
Бояғыштар:
Цинк, бор, ақ топырақ - ақ түс, темір тотығы - қоңыр түс, киноварь және сурьма - қызыл, ультрамарин – көк түс, хром тотығы – сары түс.
Жұмсартқыштар:
Майысқақтық, иілгіштік, созылғыштық қасиет береді.
Олар вазелин, керосин, гидрон, минералды май, парафин, скипидар, өсімдік майлары (зығыр және кастор майы).
Арнайы заттар: Рентген қосып алатын қорғасын.
Достарыңызбен бөлісу: |