Реферат орындағн: Нурмухамет Дамир Тексерген: Ислямов Берик



бет7/12
Дата21.06.2023
өлшемі58,72 Kb.
#179046
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дамир физра

Арнайы дене дайындығыбаскетболшыларға тән арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған және ойынның әдіс-тәсілдерімен жарыс жүктемелерінің көрсеткішімен психологиялық толқумен тығыз байланыста болады. Ол ойыншының бұл дағдыларды жарыс жағдайында пайдалану сипаты мен жағдайы есебінен баскетболдағы білік пен дағдыны меңгерумен және жетілдірумен тығыз байланыста іске асырылады.
Арнайы дайындық таңдаған спорт түрінде бұлшық ет қызметінің нақтылы түрін орындау барысында алынады.
Арнайы дайындық жаттығулары – жарыстық қызметтің элементтері, олардың байланыстары және түрлері, сонымен бірге олармен түр немесе көрінетін қабілет сипатымен елеулі ұқсас қозғалыстар мен іс-әрекеттер кіреді.
Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы шешуші деңгейде таңдаған спорттық пәннің ерекшелігімен анықталады. Жаттығулар спортшыға қажетті дене қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыруды жетілдіруге көбірек бағытталған бөліктермен әсер етуді қамтамасыз ету есепке алынып іріктеліп алынады және құрастырылады.
Көптеген арнайы дайындық жаттығуларының ішінде нақтылы қойылған міндетті шешу үшін жаттықтырушы тек қана жаттығуларды теріп алуы ғана емес, сонымен бірге бөліктерден, элементтерден, қозғалыс тізбегінен жаңаны жасай білуі тиіс. Бұл үйлесімділігі, күш салуы, сипаты, амплитудасы, жағынан басқа да ерекшеліктерімен жарыстық жаттығулармен ұқсас жаттығу болуы мүмкін. Алайда, барлық жаттығу құралдары шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп іріктеліп алынуы тиіс. Олардың біреулері спортшының бұрыннан күшті жағын одан әрі жақсартуы тиіс, ал басқа құралдары жекелеген артта қалған әдістік әрекетті немесе дене сапаларын көтеруі тиіс.
6.Спортық дайындықтың мақсаты, міндеті және құралдары
Спорттық жаттығу құрылымының жалпы сипаттамасы Спортшыны дайындаудың мақсаты, міндеттері және негізгі жақтары. Спорттық жаттығудың негізгі мақсаты алдын-ала жоспарланған жарыстық іс-әрекетінің және спорттық жарыс нәтижелеріне жетуді қамтамасыз етуге кепілдік беретін белгілі бір спортшы үшін дайындық деңгейінің барынша жоғары мүмкіндігінше жетуге бағытталған спорттық сайыстарға дайындалу болып табылады.
Спорттық жаттығудың мазмұнына спортшыны дайындаудың мына төмендегі ілімдік, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық сияқты әртүрлі жақтары кіреді. Жаттығу және әсіресе жарыстық қызмет әрекетінде жоғарыдағы спортшыны дайындаудың жақтарының бірде-бірі бөлек, жекеленіп көрінбейді. Олар ең жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге, бағытталған күрделі кешенге бірігеді.
Спорттық жаттығу барысында негізгі мына міндеттер шешіледі:
1/ таңдап алған спорттық пәннің әдістері мен тәсілдерін меңгеру;
2/ спорттық жаттығуларды табыспен орындау және жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және қозғалыс сапаларын жетілдіру;
3/ қажетті адамгершілік және ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу;
4/ қажетті арнайы психикалық дайындық деңгейін қамтамасыз ету.
5/ табысты жаттығу және жарыстық қызмет үшін қажетті практикалық тәжірибені және ілімдік білімді меңгеру.
Спорттық жаттығу міндеттерін іске асырудың кешенді нәтижесі мына ұғымдармен түсіндіріледі: “жаттыққандық”,“дайындалғандық”,“спорттық бап”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет