Кірістіру қойындысынұмытпаңыз Кірістіру қойындысын суретті — слайдтың басқа элементтерін кірістіру үшін де пайдалана аласыз. Кейбір жағдайларда PowerPoint бағдарламасының суретті қандай толтырғышқа орналастырғыңыз келетіндігін біліп отыру осы әдісті пайдаланудың жалғыз ерекшелігі болып табылады.
1. Сурет салу құралдарындағы Пішім қойындысында мәтін ұялары мен басқадай кескіндерге арналған мәнерлер бар.
2. Кескіндер жиынтығын көрсетіп, кез келген мәнерге меңзерді апарыңыз.
3. Мәнерді алдын ала қарауды мәтін ұясына қолданылған слайдтан көресіз.
Сурет тақырыбы үшін мәтін ұясын кірістіріңіз. Оны Кірістіру қойындысынан табасыз.
Мәтін ұясын кірістіргенде Сурет салу құралдары көрсетіледі. Пішім қойындысын нұқып, ондағы пәрмендерді келесі мақсатта пайдаланыңыз:
Мәтін ұясы немесе басқадай кескіндер үшін және кескіннің градиент түстері сияқты бояуы үшін; кескін құрылымының түсі; және ылди немесе көлеңке немесе жарық сияқты әсерлер үшін кескін таңдаңыз.
Жаңа ұйымдастыру диаграммасымен жұмыс істеу.
1. Ұйымдастыру диаграммасы қолданылған тақырып түстерін қабылдайды.
2. Диаграмманың қасында мәтін аймағы пайда болып, мәтінді сонда тере аласыз.
3. Мәтін аймағында терілген мәтін диаграмма кескінін суреттеп, терген кезде диаграммада шығарылады.
Бұрын көргеніңіздей, суреттер мен сызбаларды Тақырып және мазмұн орналасуындағы белгішелерді пайдалана отырып кірістіре аласыз. Олардың қатарына SmartArt сызбаларының белгішелері жатады және осы сызбалар ұйымдастыру диаграммасының орналасуын, сонымен бірге PowerPoint 2007 бағдарламасындағы барлық диаграммалардың орналасуларын ұсынады.