Әзірлеген: Сулейменова А.Д. №167 ЖББМ химия пәні мұғалім Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр
Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары IV тоқсан Сабақтың нөмірі: 31 Сабақтың тақырыбы: §21. Кен және металдарды алу.
Мақсаты: 7.4.2.2 -кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;
-металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау.
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). (3 минут)
Кен – жер қабығындағы бір минералдан немесе әртүрлі минералдар қоспасынан тұратын, пайдалы қазбалардың ерекше табиғи жиынтығы. Ерекше бір территорияда орналасқан және жалпы геологиялық құрылысы жағынан байланысты кендер тобы бассейн немесе аудан деп аталады (мысалы: Қарағанды көмір бассейні, Атасу темір кені ауданы, Қаратау фосфор кені, Жезқазған түсті металдар кені тағы басқалар).
Кеннен әртүрлі металдарды технологиялық жолдармен бөліп алу металлургия деп аталады. Демек, металдар (алтын, күміс және платинадан басқасы) табиғатта бос күйінде кездеспейді, олар белгілі бір кеннің құрамында ғана болады. Кеннен бөліп алған металдардан бағалы құймалар алады. Мысалы: шойын, болат, қола т.б. Кейбір металдар таза күйінде электр тогін өндіру, лабораторияларда, медициналық аспаптар жасауда, электрондық технологияда қолданылады.
2-тапсырма. Кеннен металдарды бөліп алу күрделі технологиялық процесс. Ол бірнеше сатыдан тұрады. Металды алу кезінде көптеген қиыншылықтар кездеседі. Кеннен металдарды бөліп алу металлургия деп аталады. Металды кеннен бөліп алу сатыларын атаңыз: (2-3 минут)
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.