44.Ал:Ихтиолдан 0,1
Стрептоцидтен 0,3
Какао майынан 2,0 ал
Суппозиторий түзілгенше араластыр.
Осындай 6 доза босат
Белгіле. Күніне 1 балауыздан
R.p.: Ichthyoli 1,0
Streptocidi 0,3
Olei Cacao 2,0
Misce ut fiat suppositorium
D.t.d. №6
S. Күніне 1 балауыздан
Есептеу. 1,0•6=6,0
0,3•6=1,8
2,0•6=12,0
Мж=6,0+1,8+12,0=19,8
М1=19,8/6=3,3
Б. П.
Streptocidi 1,8
Olei Cacao 12,0
Ichthyoli 6,0
Мж=19,8, М1=3,3 №6
Технологиясы. Стрептоцид негізде де, суда да ерімейді. Суспензия түрінде енгізіледі. Келіге 1,8 г стрептоцидті салып ұнтақтаймыз. Фарфор табақшада 12,0 г какао майын (қыздырып жібермей) балқытады.ерітілген какао майын стрептоцидтің үстіне қосып, араластырады. Соңынан үстіне6,0 ихтиолды балқымада ерітіп араластырады, жартылай
салқындатады. Алдын ала сабынды спиртпен сүртіліп,тоңазытқышта30-40 минут суытылған қалыпқа дозалап құйылады. Оны тоңазытқышқа 15-20 минут салқындатуға қалдырады. Уақыт өткен соң қалыпты алып, екі жақ бөлігін ажыратып, балауыздарды орайды. негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалармен «Салқын жерде сақта»
және «Балалардан сақта».
45.Ал: Новокаин ерітіндісінен 5% 10 мл
Стерильде!
Босат. белгіле. Жұлын анестезиясына
R.p.: Sol. Novocaіnі 5% 10 ml
Sterilisetur!
D.S. Жұлынанестезиясына
Есептеу. 5 – 100
Х – 10 , Х=0,5
Б. П.
Novcaini 0,5
Aquae pro infectionibus 10ml
Vж=10 мл
Технологиясы. Жұлын-ми ішілік анестезияға арналған 5% новокаин ерітіндісі
асептикалық жағдайда тұрақтандырусыз дайындалады. Ол үшін новокаин
ұнтағын 120оС температурада 2 сағат стерильдейді. Ерітіндінің рН мәні 5,0-
5,3 тең. 5% новокаин ерітіндісіне қышқыл қосқан кезде оның анестезирлеуші
қасиеті төмендейді.Асептикалық жағдайда стерильді қосымша дәрі
дайындайтын ыдысқа 10 мл шаншуға арналған суды өлшеп, онда 0,5 г
новокаинерітіледі. Ерітіндіні сыйымдылығы 10 мл флаконға сүзіп, химиялық талдауға
(сандық, сапалық) жібереді. Талдау қорытындысы тіркеу журналында
көрсетіледі. Содан соң флаконды тығындап, механикалық қоспадан
тазалығы тексеріледі. Бақылаудан соң егер көзге көрінетін бөлшектер
табылса, ерітіндіні алғашқы қолданылған фильтр арқылы сүзіліп, қайтадан
тексеріледі, тығынды өлшемі 3х6см ұзартылған ұшы бар пергамент
қағазымен жауып, жіппен байлап, оған ерітіндінің атауын, дайындалған
күнін, фармацевтің қолы қойылады. Осылай безендірілген ерітіндісі бар
құты стерильдеуге жіберіледі. Автоклавта 120 0С температурада 8 минут
стерильденеді. Уақыт өткен соң салқындатып, мөлдірлігін, түсін,
механикалық қоспалардан тазалығын тексереді. Сонан соң ерітіндінібосатуға безендіреді. Негізгі этикеткада көк түсті «Шаншуға арналған»толық ерітінді құрамы және қолдану тәсілі көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |