Жалпымедидицина факультетінде АСУ ВУЗ бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әрбір студентке Логин, пароль ашу үшін жалпы медицина факультетінің 1-3 курс студенттерінің @-mail адрестері алынды. 3 курс студенттері тест орталығында «Тыныс алу жүйесі» және «Қан жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау тапсырды. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда студенттердің қатысуы, дәрістер мен сабақтардың күнтізбелік жоспарға, сабақ кестесіне сәйкестігі тексерілді (тексеру актлері бар). Оқытудың модульдік жүйесі бойынша 3 курс студенттерімен бірге кафедра меңгерушілері қатысуымен жиналыс өткізілді, оқу үрдісіндегі мәселелер қарастырылды, сол бойынша шешім қабылданды. 1 және 2 курс арасында барлық пәндер бойынша бірінші үлгерім рейтингі өтті. 21.10.2010 жылғы №1927 бұйрық бойынша 2,3 курс студенттері академиялық қарыздарын өтей бастады. 1 курс студенттері әскери есепке тұрды. Университеттің сырттан болатын аудитіне дайындық басталды. Деканаттың іс-құжаттар номенклатурасы алынды.