10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 68-71бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 36-38бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 96-97бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 161-165
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 37-40 беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№28 тақырып: Менеджмент пен фармацияның байланысы.
Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
Сабақтың тақырыбы: Менеджмент пен фармацияның байланысы.
Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері.
Мақсаты:
Сабақтастың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарының өзара интонация арқылы байланысы туралы мағлұмат беру.
Лексикалық тақырып бойынша мамандыққа байланысты студенттердің сөздік қорын байыту.
Жаңа сөз, сөз тіркесін үйрету. Оларды пайдалана отырып, сөйлем құру.
Өз ойын қазақ тілінде жеткізе білуге дағдыландыру.
Міндеті:
Когнитивті біліктілік компетенциясы бойынша кәсіби сауатты жазуға, мамандықтарына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-танымдық және медициналық терминологияны меңгерту.
Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерді түсіну, терминдердің дұрыс жазылуын, сөйлем құрудағы принциптерді сақтау, біліктілікті қалыптастыру.
Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді дұрыс таңдап пайдалану қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету. Аудармада еркін шығармашылық қарым-қатынас орнату.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша әр түрлі бағытта жазу мәдениетін дамыту.
Негізгі ұғымдар:
1) Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері туралы мәлімет.
2) Сабақтастың жасалу жолдары, сұрақтары.
3) Сабақтас құрмаластың тыныс белгісі.
Қазақстандағы фармацевтика мәселесі қалай шешілуде?
Импорттық фармацевтика өнімдері елімізде қандай сұранысқа ие?
Алматыда дәрі шығаратын қандай зауыттарды білесіз?
Сабақты өткізу жоспары:
Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.
Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.
Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин
Үзіліс - 10 мин.
Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.
Үзіліс - 10 мин.
Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.
Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.
Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.
Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.
7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):
Тапсырмалар:
1-жаттығу. Құрмаластың қай түрі екенін ажыратып, көшіріп жазыңыздар.
Егер менде мүмкіндік болса, кешке келемін. 2. Ол сабақты жақсы түсінбесе, біз көмектесеміз. 3. Біз бүгін билет алсақ, ертең ауылға қайтамыз. 4. Ертең мен ұмытпасам, саған телефон соғамын. 5. Сен кешікпесең, біз бірге барамыз. 6. Мен қателеспесем, бүгін оның туған күні. 7. Жексенбіде ауа райы жақсы болса, олар тауға барады. 8. Сіз дүкенге барсаңыз, маған сүт алыңызшы. 9. Егер сен оларды көрсең, бізден сәлем айт. 10. Егер сіздер мәтінді түсінсеңіздер, сұрақтарға жақсы жауап бересіздер.
2-жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар, құрмаласты мағынасына қарай ажыратыңыздар.
Если я открою окно, Вы не будете против? 2. Если ты меня не разбудишь, я опоздаю на уроки. 3. Если они встретят меня, я буду очень рад. 4. Если мы его увидим, то поговорим с ним. 5. Если ты не выучишь новые слова, ты не будешь их знать. 6. Если вы устали, отдохните немного. 7. Если мы купим билет, пойдем на концерт. 8. Если Вы не против, я провожу Вас домой. 9. Если ты узнаешь их новый адрес, скажи нам. 10. У меня сейчас нет времени, поэтому я не могу пойти с тобой в магазин. 12. Завтра в три часа у меня встреча, поэтому я не могу зайти к Вам. 13. У него болит голова, поэтому он не может помочь тебе сейчас. 14. Если ты будешь слушать хорошо его, сможешь ответить на вопросы. 15. Когда я перевел текст, я смог его понять. 16. Если ты хочешь кушать, можешь покушать в столовой. 17. Если ты пригласишь их в гости, они могут прийти.
3-жаттығу. Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын түсіндіріңіздер. Сөйлем мүшесіне қарай талдаңыздар.
Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.
Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі.
Сүйгеніңді іздесең, жел оңынан тұрады.
Баста ми жоқ болса, екі аяққа күш түседі.
Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
4-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Когда Вы заняли свою должность? 2. Какие обязанности Вы исполняете с особым удовольствием? 3. Что Вы не любите в своей работе? 4. Удовлетворены ли Вы тем, как идут дела в Вашем отделе /институте/ организации?
5-жаттығу. Абайдың сөзін тақырыпқа алып, шағын эссе жазыңыз.
Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді.
(Абай, отыз жетінші сөз).
1-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.
Әрине, таныстық. Менің ойымша, өте қажетті және дер кезінде шыққан Жарлық.
................................. .
Иә, бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық аспектілері қамтылған сияқты, бірақ, меніңше, экономикалық аспект бойынша нақты шаралар көрсеткен дұрыс болар еді.
................................. .
Арам ақшаны таза айналымға жібермеудің басты бір жолы – кез келген ұйымның, мекеменің, заңды тұлғаның, жеке тұлғаның өз табыстарын декларация арқылы ашық көрсетуі. Ал тиісті органдар банкке ақша салған кезде, кәсіпорын ашқан кезде осындай декларацияны талап етуі керек.
.................................. .
2-тапсырма. Берілген сөздерді оқытушының көмегімен аударып, естіріңізде сақтаңыздар.
Айналым қаржылары, шикізат, мәліметтер бойынша, отандық фарминдустрия, дәрі-дәрмек, тұтыні шығындары, баға өлшемдері, өнеркәсіпті дамыту, сұраныс, пайыздық көрсеткіш, қамтамасыз ету, өтемақы, төлеу, сауда орындару.
3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар. Мәтінге 6 сұрақ әзірлеңіздер.
Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі шикізат (субстанциялар), жабдықтар мен қаптаушы материалдар импортына өте тәуелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2012 жылы импорттық медикаменттер рыноктың барлық құнының 90 пайызын құрады. Физикалық көлем тұрғысынан алғанда ахуал сәл жақсырақ – ІMS Health бағалауынша, импорт 70 пайыз деңгейін құрайды. Бірақ жалпы табыстылықта ұтыла отырса да, отандық фарминдустрия денсаулық сақтау саласын нақты көрсеткіште 30 пайыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.
– “СК-Фармация” бірегей дистрибьюторы арқылы іс-қимыл жасай отырып мемлекет медикаменттер жеткізіп беруде барған сайын маңызды рөл атқаруда. Бірақ сонымен бірге бөлшек сектордағы ахуал мен тұтыну шығындарының деңгейі әлі де болса өсудің басты факторы болып қалып отыр.
– Отандық фармацевтика өнімдері рыногындағы жағдайды қалай бейнелеуге бола ды? Қазақстандықтар кімдердің дәрілерін жиірек сатып алады және баға өлшемдері қандай?
– Бағалық көріністе алғанда Қазақстанның рыногына импорттық фармацевтикалық өнімдерді негізгі жеткізушілер ЕО мен АҚШ ком паниялары болып табылады. 2008 жылы халықққа рецепт бойынша берілетін препараттар рынок құнының 65 пайызын құрады, ал рецепсіз берілетін дәрі-дәрмектер – 36 пайыз. 20 АҚШ долларынан жоғары тұратын өнімдер 2008 жылы 23 пайызға көтеріле отырып рыноктың айтарлықтай бөлігін құрады.
– Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдары фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламада протекционистік те, маркетингтік және бизнес шешімдер пакеті де қарастырылған. Осы орайда бағдарламада нақты индикативтік көрсеткіштердің белгі ленгендігін атап айту қажет. Біз 2014 жылға қарай республиканың нақты көріністе алғандағы сұранысының 50 пайыздық деңгейін отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етуді ойластырып отырмыз. Оған еңбек өнімділігін арттыру, ассортиментті айтарлықтай кеңейту, қазіргі бар кәсіпорындарды модернизациялау және жаңаларын салу арқылы қол жеткізілмек. Сол сияқты отандық дәрі-дәрмектерді тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі шеңберінде Бірегей дистрибьютор жүйесі бойынша жеткізіп беру жолдары да қарастырылуда.
Кәсіпорындардың шығындарына өтемақы төлеу жолымен қазақстандық фармацевтикалық өнімдер экспортының үлесін арттыру жоспарлануда. Бүгінде ол көрсеткіш 5 пайыздан аспайды. Сондай-ақ шетелдік өкілдіктерді, сауда орындарын, кеңселерді ұстау, өнімді шетелде тіркеу және сертификаттау, мамандандырылған көрме лерге қатысу шығындары субсидияланатын болады. Дегенмен, ең басты міндет – қазіргі барларын модернизациялап, жаңа өндірістер ашу.
– Отандық фармацевтика өнер кәсібінің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Медициналық бұйымдар шығаратын Алматыдағы зауыт құрылысы, Алматы облысындағы инфузионды ерітінділер шығаратын зауыт құрылысы бар. Сол сияқты Алматыда жұмыс істеп тұрған көзге және құлаққа тамызатын тамшылар мен спрейлер (бүрікпе дәрілер) шығаратын өндірісті модернизациялап, оның өнімділігін жылына 15 миллион данаға дейін жеткізу жоспарланып отыр
.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі қандай?
Бөлшек сектордың ахуалы қандай?
Қазақстандағы дәрі-дәрмекті кім шығарады?
2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама не туралы?
Өтемақы төлеу қандай жолмен шешіледі?
Операционалды дағды компетенциясы бойынша
4-тапсырма. Өз ойыңызды айтыңыз.
Товарищество «Арай» с ограниченной ответственностью было открыто два года назад. 2. Недавно в Республике Казахстан был принят Закон о коррупции. 3. Государство предпринимает все усилия, что бы развивать предпринимательскую деятельность. 4. Нами был сделан депутатский запрос в Парламент. 5. Что вы делаете с большим удовольствием – идете на работу или идете с работы?
Коммуникативтік компетенция бойынша
Сіз Қазақстандағы ірі фармацевтік компанияның жетекшісісіз. Осы компанияның қызметі мен жоспары туралы БАҚ өкілдері мен баспасөз конференциясын өткізіңіз.
10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 72-75бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 40-43бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 98-100бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 165-168
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 45-49беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№29 тақырып: Ұтымды ұйымдастыру.
Сөздіктану. Терминтану.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
Сабақтың тақырыбы: Ұтымды ұйымдастыру.
Сөздіктану. Терминтану.
Мақсаты: Грамматикалық тақырып бойынша сөздіктердің түрлерімен таныстыру. Сөздіктерді пайдалана білудің жолдары.
Лексикалық тақырып бойынша студенттердің мамандықтарына байланысты сөздік қорын молайту.
Міндеті:
Когнитивті біліктілік компетенциясы бойынша дұрыс жұмыс істеу, алфавитті меңгерту, ғылыми-танымдық, медициналық терминдерді қалыптастыру.
Операционалды дағды компетенциясы бойынша терминдердің дұрыс жазылуын қадағалап, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.
Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді дұрыс таңдап пайдалану қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету. Аудармада еркін шығармашылық қарым-қатынас орнату.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша әр түрлі бағытта жазу мәдениетін дамыту.
Негізгі ұғымдар:
1) Лексикография туралы жалпы түсінік.
2) Салыстырмалы және түсіндірме сөздіктің көп тілдік сөздікке жақындығы?
3) Бір-біріне жақын, туыстас халықтардың сөздік құрамын қамтитын салыстармалы сөздік туралы түсінік.
4) Академиялық сөздіктің ерекшеліктері туралы мәлімет?
Этимологиялық сөздіктің зерттелуі туралы не білесіз?
Терминологиялық сөздіктің ғылым мен медицинадағы орны туралы мағлұмат беру.
Сабақты өткізу жоспары:
Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.
Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.
Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин
Үзіліс - 10 мин.
Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.
Үзіліс - 10 мин.
Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.
Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.
Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.
Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.
7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8.Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сұраққа жазбаша жауап беріңіздер.
Лексикография ғылыми нені зерттейді?
«Лұғат» сөзі қандай мағына береді?
Түркі тілінің ең алғашқы сөздігін кім жасаған?
Махмұт Қашқари кім?
2-тапсырма. Махмұт Қашқаридің өмірі мен творчествосы жайлы реферат жазыңыздар.
3-тапсырма. Салыстырмалы сөздіктен 10 сөзді алып жан-жақты зерттеу жүргізіңіздер.
4-тапсырма. Академик В.Радлов туралы білгеніңізді дәптерге жазып келіңіздер.
5-тапсырма. В.И. Дальдың, І. Кеңесбаевтың, Д. Ушаковтың шығарған сөздіктері туралы еңбектерді оқып, әрқайсысынан мәлімет жинаңыздар.
Түркі тілдерінің ең алғашқы сөздігі – Махмуд Хусаин ұлы Қашқаридің 1068 жыл жазылып біткен «Диуани лұғати түркі тілдері сөздігі» . Бұл сөздік өз заманында аса жоғары бағаланған. Сөздіктің құрысы, сөздерді жүйелеу тәртібі қиын болғанымен, оларды салыстыра түсіндіру жағынан күні бүгінге дейін көне түркі тілдері тарихы жөнінде аса құнды еңбек ретінде бағаланады.Бұл сөздік үш томдық еңбек болып ХХ ғасырдың басында ғана басылып тарады.
Сөздікте автор түрткі тілдері сөздерін ғана беріп қоймайды, ол тілдегі сөздердің кейде тарихын айтып, грамматикалық өзгешеліктерінен де мәлімет беріп отырады. Сонымен бірге өз заманындағы ру-тайпалардың, халықтардың топонимикасымен байланысты тарихи мәліметтердің этногенезін де айта отырады.
Атақты тюрколог профессор П.М. Мелиоранский «Араб филолог о турецком языке» деген атпен бұл сөздікті 1900 жылы Петербургте бастырып шығарған.
Бұл сөздік негізінен қыпшақ тілдеріне жақын бола тұра, оғыз тобына жататын тілдердің де фонетикалық ерекшеліктерін көрсете отырған.
Сөздік – шағын жасалған көне сөздердің сырын ашуға пайдас тиетін құнды ескерткіш.
Сөйтіп, тарихи сөздіктердің осы сияқты түрлері болса, соңғы кезеңде сөздіктердің түрлері көбейе бастады. Осы күнде салыстырмалы, түсіндірме, академиялық, шет тілдік, екі тілдік, көп тілдік, т.б. және фразеологиялық, терминологиялық, диалектологиялық, этимологиялық, энциклопедиялық, синонимдік чөздіктер деп бөлеміз. Бұлардың өзін тілдік материалына қарай тағы да бірнешеге бөлеміз.
Салыстармалы сөздік. Бір-біріне жақын, туыс бірнеше халықтың сөздік құрамын қамтитын сөздікті салыстырмалы сөздік дейміз. Салыстырмалы сөздік туыс тілдерді қамтуы жағынан көп тілдік сөздікке жақын.
Түсіндірме сөздік. Түсіндірме сөздік әдетте архаизмдерді де, неологизмдерді де, фразеологияны да, мақал-мәтелдерді де қамтып, кейде жеке сөздің этимологиясынан да мәлімет береді. Сонымен қатар ол сөздікте қазіргі тілдегі негізгі сөздермен бірге, туынды сөздер де қамтылады. Дегенмен күні бүгінге дейін ешбір сөздік белгілі бір тілдің сөздік құрамын түгел қамтыған емес.
Түсіндірме сөздік екі түрлі болып жасалады. Бірінде тілдегі сөздер алфавит тәртібімен реестр етіліп беріледі; екіншісінде сөздік ұя системасымен жасалады.
Түсіндірме сөздік бір тілдің негізгі сөз байлығын қамти отырып, сол тілдің әдеби тілінің нормасын қалыптастырады. Сондықтан оны норматив сөздік деп те атайды.
Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі ек том болып, проф. І.Кеңесбаевтың редакциясымен жарыққа шықты. Оның І томында 9 мыңдай, ІІ томында 12 мыңға жуық реестр сөз берілген. Сөйтіп, реестрдегі сөз санының шағындығына қарамай-ақ, осы түсіндірме сөздіктің шығуы – қазақ халқының мәдени өсуінің көрсеткіші.
Академиялық сөздік. Сөзді қамтуы жағынан түсіндірме сөздікке жақын болса да, бұл сөздіктің өзіне тән ерекшелігі болады. Мұндай сөздікте берілген әр сөздің статьясындағы мағыналары документацияланып, цитаттармен дәлелденіп отырады. Ол цитаттар әдеби тілмен жазылған ең көрнекті, таңдаулы шығармалардан алынады. Сөздің мағынасын анықтайтын цтат болмаса, яғни сөздің сол мағынасы әдебиетте кездеспесе, жұртқа түсінікті сөз бола тұрса да, ол сөз, әдетте, бұл сөздікке енбейді.
Тілдің сөз байлығын мо қамтуы нәтижесінде әрі әдеби тілді сұрыптап алуына байланысты, бұл да нормативтік сөздік деп аталады.
Энциклопедиялқ сөздік. Бір тілдің лексикасындағы кесек мағыналы сөздер, ғылыми-техникалық терминдер, басқа түрлі сөздіктерге енбейтін жер, ел, кісі аттары берілетін және әр сөздің этимологиясы тарихы қамтылады. Бұл сөздік ғылыми сөздіктердің ішіндегі ең толығы болып саналады. Ал көлемі жағынан ең үлкені.
Этимологиялық сөздік. Бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, этимологиясын талдап түсіндіретін сөздікті құрамдағы сөздердің бәрі бірдей кіре бермейді, тек түбір сөздің біразы ғана енеді.
Этимологилық сөздік дегеніміз – бір тілдің сөздік құрамындағы қандай түбірден қандай сөздер жасалғанын көрсететін сөздік.
Этимологиялық сөздік – бір тілдің лексикасындағы жеке сөздердің шығу, жасалу тарихын, түпкі төркінін білу үшін өте керек құрал.
Терминологиялық сөздік. Бір тілдің сөздік құрамындағы ғылыми-техника саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін терминология сөздігі дейміз.
Синонимдік сөздер. Тілдегі сөздер (әрине, бір тілдің) кейде біріне-бірі синоним болады. Синонимдердің негізгі, тұрақты, ауыспа және контекстегі орнына қарай, қайсысы қай кезде киноним болып, бірінің орнына бірінің қолданылады.
6-тапсырма. Төмендегі берілген әріптерден басталатын түрлі ғылым саласына байланысты сөздерді тауып жазыңыздар.
Берілген әріптер
|
Терминдер
|
грамматикалық
|
экономикалық
|
медициналық
|
заң
|
биологиялық
|
А
Б
В
Г
Д
Ж
К
М
П
С
Т
Х
|
|
|
|
|
|
10. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша:
Алғашқы сөздікті кім құрастырған?
Сөздіктің қанша түрі бар?
Салыстырмалы, түсіндірме сөздіктер қалай жасалады?
Академиялық, энциклопедиялық сөздік деген не?
Синонимдік сөздік қашан шықты?
Операционалды дағды компетенциясы бойынша:
берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер ойлап жазыңыздар.
Іскер топтарп, бақылаушы-сарапшылар, саяси-экономикалық өзгерістер, қызығушылық таныту, назардан тыс қалу (қалмау), тыйым салу, экономикаға инвестициялар тарту, пікірдің қалыптасуы, экономикалық әлеуеті мол, табиғи қорларға бай.
Когнитивті білім компетенциясы бойынша:
Тестілер:
Лексикография ғылымы нені зерттейді?
а) сөйлем мүшелерін
ә) сөз табын
б) ғарыш айлағын
в) медицина саласын
г) сөздіктер әлемін
2. «Лұғат» сөзін қалай түсінуге болады?
а) сөздік қор деген мағынаны білдіреді
ә) түсінік деген мағынаны білдіреді
б) құбылыс деген мағынаны білдіреді
в) синтаксис деген мағынаны білдіреді
г) физиология деген мағынаны білдіреді
3. Алғашқы сөздікті кім жазды?
а) В. Виноградов
ә) Н. Ильминский
б) В. Радлов
в) М. Қашқари
г) П. Милиоранский
4. Жеке сөздің этимологиясынан мәліет беретін сөздік қалай аталады?
а) салыстырмалы сөздік
ә) синонимдік сөздік
б) түсіндірме сөздік
в) академиялық сөздік
г) этимологиялық сөздік
5. Ғылым мен техника саласының атауларын беретін сөздік?
а) академиялық
ә) салыстырмалық
б) терминологиялық
в) этимологиялық
г) синонимдік
10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 77-79бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 45-46бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 100-102бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 168-170
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 49-53беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№30 тақырып. Аралық бақылау
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
Сабақтың тақырыбы: Аралық бақылау.
Мақсаты: Студенттердің өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.
Өзектілігі: Студенттердің өткен сабақ тақырыптарын қалай меңгергенін анықтау.
Міндеті:
Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету.
Күнделікті өмірге қажетті сөздерді, медициналық терминдерді үйрету.
Термин сөздер мен әртүрлі сөздіктер жөнінде мағлұмат беру.
Сөздік диктант
І – нұсқа
Законодательство
Продажа автивов
Менеджер по связям с клиентами
Менталитет
Международная биржа
Мобильность
Мнение
Напряжение
Обращение
Обратный
Обязательство
Отвод
Отдел
Пенсия
Передышка
Перекладывать
Предположение
Разработка
Разногласие
ІІ – нұсқа
Жай сөйлемнің жасалу жолдары туралы айтыңыз.
Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?
Құрмалас сөйлем деген не?
Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Салалас құрмалас нешеге бөлінеді?
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Сабақтас құрмаластың баяндауыштары туралы айтыңыз.
Сабақтас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Салалас құрмалас мағыналық қарым-қатынасына қарай нешеге бөлінеді?
Салалас құрмаластың байланысу тәсілдері туралы айтыңыз.
Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларына 5 сөйлем құраңыз.
Қарсылықты салаластың тыныс белгілері қандай?
Іліктес, себеп-салдар салаластың жасалу жолдары туралы айтып, мысал келтіріңіз.
Жұмысты басқаруда басшының ролі қандай?
Менеджмент пен фармацевтиканың байланысы туралы айтыңыз.
ІІІ – нұсқа
Ұтымды ұйымдастыру дегеніміз не?
Сөздіктануды қалай түсінесіз?
Терминдердің бүгінгі аудармасы туралы не айтуға болады?
Терминкомның бүгінгі жұмысы туралы газет-журналдан не оқыдыңыз?
Терминдерді аударған дұрыс па?
Сөздіктің неше түрі бар?
Сіз сабақ барысында қандай сөздіктерді пайдаланасыз?
20 медициналық терминдерді жатқа атаңыз.
Сабақтас құрмалас туралы айтыңыз.
Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары туралы айтыңыз.
Сабақтас құрмалас мағынасы жағынан нешеге бөлінеді?
Шартты бағыныңқы сабақтастың сұрақтары қандай? Мысал келтіріңіз.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмаласты жасалу үшін қай жұрнақтарды пайдаланса болады?
Себеп бағыныңқы сабасқтастың сұрақтарын айтып, 3 мысал келтіріңіз.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?
Махмұт Қашқаридің қандай еңбектерін білесіз?
10 медициналық сөзді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
Синонимдік сөздікті медицинада пайдалана ма?
Басшы өзін әріптестерінің алдында қалай ұстауы керек?
3.Өздік жұмыс бойынша сұрақ:
1. Қазақтың медицина саласындағы танымал қайраткерлері туралы не білесіз?
4.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілждері, пікірталас, сұрақ-жауап, аударма жұмысы, топпен жұмыс, сөйлесу.
5. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 79-83бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 47-48бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 102-105бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 170-171
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 55-58беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 1. Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.
2012 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері.
Қазіргі медицинаның жетістіктері.
2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке ақпарат көздеріндегі ғылыми-көпшілік мақалалардың жазылу-үлгісін, олардағы ғылыми ойдың берілу жолдарын үйрету. Ақпарат көздеріндегі медициналық мақалаларға талдау жасату арқылы студенттерге қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, медициналық терминдердің қолданылуы туралы мағлұмат беру. Адамзат баласының ең басты байлығы денсаулық болғандықтан, денсаулық сақтау мәселесі, ұлт саулығы, болашақ ұрпақтың сау болып өсіп-өркендеуі сияқты мәселелерді өз бетінше талдай білу.
3. Тапсырмалар:
І. Медицина саласындағы соңғы жаңалықтарға шолу.
ІІ. Тәжірибеге жаңадан енгізіліп жатқан емдеу тәсілдерін оқып, танысу.
ІІІ. Қазақстандағы медицинаның дамуы жайлы мақалаларды білу.
ІV. Қазақ тіліндегі медициналық газет-журналдарды оқу.
4. Орындалу тәсілі. Конспект, реферат, эссе, баяндама, беріліген сұрақтарға жауап, талдау, глоссарий құрастыру, талдау (аналитикалық) шолуын жазу, бақылау жұмысы
5. Орындалу талаптары:
Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.
Ақпарат құралдары негізінде өзіне берілген тақырыпқа шолу жасау.
Өздік жұмыс ретінде берілген тақырыпқа реферат немесе конспект жасап, глоссарий жазу.
Ақпарат көздерінен тақырыбына қатысты барынша мол мағлұматтар келтіру.
6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.
1. Жұмыстың сапасы – 100 б.
2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8. Әдебиеттер:
1. Қазақ тіліндегі «Денсаулық», «Отбасы және денсаулық», «Парасат», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас алаш», «Айқын» т.б. газеттер мен журналдар.
2. Интернеттегі www.abai.kz, www.newskaz.kz , www.bbc.com сияқты әртүрлі сайттар.
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.
Қазақ тіліндегі қандай газет-журналдарды білесіз?
Өзіңіз таңдап алған газет немесе журналдағы медицинаға қатысты қандай мақалаларды оқыдыңыз?
Қазақстан медицинасының дамуына зор үлес қосып жүрген дәрігерлерді атаңыз.
Қазақ тіліндегі қандай ақпарат көздерін білесіз?
Өзіңіз таңдап алған ақпарат құралдарын медицинаға қатысты қандай мақалаларды
оқыдыңыз?
Ғылыми мақала дегеніміз не?
Ғылыми стиль туралы не білесіздер?
Ғылыми-көпшілік мақалалардың өзіндік ерекшеліктері туралы не білесіздер?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 2. Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.
2012 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.
2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке игеріп отырған мамандығы бойынша кәсіби сөздік қорын байыту, медициналық терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Оларды әртүрлі аурулар бойынша рөлдік ойындар арқылы сұхбат жасай білуге баулу. Дұрыс диагноз қойып, аурудың түрін анықтауда дәрігердің қойған сұрақтарына науқастың нақты әрі айқын жауап беруінің маңызды екенін түсіндіру.
3. Тапсырмалар:
Дәрігер мен науқас арасында белгілі бір ауру бойынша сұхбат ұйымдастыру
Белгілі бір жүйе аурулары бойынша рөлдік ойындар өткізу
Белгілі бір жүйе бойынша іскерлік ойын құрастыру.
Белгілі бір жүйе аурулары жайлы мәліметтер келтіріп, жазбаша есеп (ақпарат) жазу.
4. Орындалу тәсілі. Жазбаша есеп (ақпарат), сценарий.
5. Орындалу талаптары:
Іскерлік ойын барысында дәргердің сөздік қорының барынша мол әрі түсінікті болуын қамтамасыз ету.
Сұхбатта науқастың жауабы ойын тақырыбына сай болуы.
Сұхбатта қолданылған медициналық терминдерді медициналық оқулықтардағы терминдермен салыстыру.
Рөлдік ойындағы медициналық сөз тіркестерінің қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету.
Сөйлемдердің грамматикалық құрылымдары туралы қазақ тілі грамматикасы бойынша жазылған оқулықтарды пайдалана отырып, өз ойларын айту.
Рөлдік ойындардың сценарийінің жазбаша нұсқасын өткізу.
6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.
1. Жұмыстың сапасы – 100 б.
2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8.Әдебиеттер:
1.Доскеева Б.Ж. «Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған». Алматы, «Қайнар», 2002 ж.
2. Дәрменқұлова Р.Н. «Медициналық мәтіндер жинағы». Алматы, 2002 ж.
3. Дәрменқұлова Р.Н. «Қазақ тілі», Алматы, 2010 ж.
4. Рақышев А. «Қазақша-латынша-орысша анатомиялық сөздік».
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.
1. Сұхбат бойынша қандай медициналық терминдер қолдандыңыз?
2. Рөлдік ойындардың сізге қандай көмегі болды?
3. Сізге берілген рөл өзіңізге ұнады ма? Неге?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 3. Орта ғасыр ойшылдары
2012 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Орта ғасыр ойшылдары.
2. Мақсаты: Түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын Орта ғасыр мұраларының мәні өте зор. Сондай құнды рухани жазбалардың қазақ жерінде өте көп болуы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. Сондықтан, бұл жердегі мақсат – жастардың көне ойшылдар еңбектерінің тәрбиелік мәнін жете түсініп, одан тағылым алуы.
3. Тапсырмалар:
І. Ұлы дала ойшылдарын білу.
Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи, Баласағұни
ІІ. Олардың өмірі мен еңбектері туралы жақсы білу.
ІІІ.Өзі таңдап алған бір ойшылдың айрықша еңбектеріне тоқталып, айта білуі керек.
ІV. Сол тұлғаның шығармаларын, еңбектерін оқуы керек.
4. Орындалу тәсілі. Реферат түрінде.
5. Орындалу талаптары:
Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.
Әдебиеттердің негізінде өзіне берілген ойшылдың қысқаша (1 бет көлемінде) өмірбаянын жазу. Шығармашылық жолына (1 бет көлемінде) шолу жасау.
Өздік жұмыс ретінде берілген ғұламаның бізге жеткен мұрасына тоқталып, қысқаша талдау (аннотация) жасау.
Ол туралы белгілі бір тұлғаның (ғалым, жазушы т.б.) пікірін келтіру.
6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.
1. Жұмыстың сапасы – 100 б.
2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8.Әдебиеттер:
Мағауин М. «Ғасырлар бедері», Алматы, «Жазушы», 1991ж.
Жарықбаев Қ. «Ақылдың кені», Алматы, «Қазақстан», 1991ж.
Бердібаев Р. «Дәстүр тағылымы», Алматы, «Жазушы», 1973 ж.
«Даналардан шыққан сөз» (Құрас.Ұ.Асылов), Алматы, «Мектеп», 1987.
«Бес ғасыр жырлайды» (Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев), Алматы, «Жазушы», 1989, 1т.
Баласағұн Ж. «Құтты білік» (Ауд. А Егеубай), Алматы, «Жазушы», 1986 ж.
Сүйіншәлиев Х. «VIII-XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті», Алматы, «Мектеп», 1989 ж.
Бердібаев Р «Сарқылмас қазына», Алматы, «Мектеп», 1983 ж.
Жолдасбеков М. «Асыл арналар», Алматы, «Жазушы», 1990 ж.
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.
1. Орта ғасыр ойшылдары деп кімдерді айтамыз?
2. Өзіңіз таңдап алған ойшыл тұлға туралы не білесіз?
3. Ол ойшылдың халық, қоғам алдындағы қандай айрықша еңбектерін айта аласыз?
4. Сол тұлға өмір сүрген жылдарда қоғамда қандай өзгерістер болып жатқан еді?
5. Жүсіп Баласағұн толғауларының негізгі тақырыбы?
6. Махмұд Қашқаридің бізге жеткен еңбегі қалай аталады?
7. Ахмет Яссауи хикметтерінің идеясы неде?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 4. Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу.
2012 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу.
2. Мақсаты: Берілген тақырып бойынша студенттің нақты сұрақтар құрастыра білуі. Әртүрлі әлеуметтік мәселелерге байланысты мамандар (студенттер, тұрғындар, тұтынушылар, дәрігерлер т.б) арасында сауалнама жүргізіп, оған талдау жасау.
3. Тапсырмалар:
1. Сапасыз дәрі-дәрмек өнімдері бойынша тұтынушылар арасында сауалнама жүргізу.
2. Медицина саласына енгізілген соңғы емдеу тәсілдеріне қатысты дәрігерлер арасында сауалнама жүргізу.
3. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясына байланысты көпшілік арасында сауалнама жүргізу.
4. Білім сапасы жайлы студенттер арасында сауалнама жүргізу.
4. Орындалу тәсілі. Сауалнама. Сауалнама нәтижелерін талдау.
5. Орындалу талаптары:
1. Сауалнама сұрақтары нақты әрі айқын болуы шарт.
2. Сауалнамаға қатысқан адамдар санын, жасын көрсету.
3. Сауалнама нәтижесі бойынша пікірлер келтіру.
6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.
1. Жұмыстың сапасы – 100б.
2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8. Әдебиеттер: Әртүрлі тақырыпқа жүргізілген сауалнама үлгілері.
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.
1. Әртүрлі пікір алуандығын туғызатын, сізді толғандырып жүрген қандай мәселелер бар?
2. Өзіңіз сауалнама жүргізген тақырып бойынша айтар ойыңыз қандай?
3. Сауалнама жүргізілген мәселе бойынша қандай ұсыныстар айтылды?
4. Берілген мәселені шешудің ең тиімді жолы қандай деп ойлайсыз?
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан. Қазақтың ұлттық мейрамдары
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан. Қазақтың ұлттық мейрамдары.
2. Мақсаты:
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы толық мағлұмат беру.
«Қазақтың ұлттық мейрамдары» мәтінін пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу.
Ұлттық мейрамдардың түрлерімен таныстыру.
Эстетикалық тәрбие беру.
Отанын, елін, жерін сүюге, сыйлауға тәрбиелеу.
еліміздің шекарасы, табиғаты, қалалары туралы баяндай алуы
сөйлеу үлгілерін иегере алуы, сөйлеу үлгілерін мақсатты пайдалана алуы
Қазақстанның көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет екендігін түсіндіре отырып, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай мемлекет екендігін айту
Қазақстан мәдениетті, білімді, саяси тұрақты мемлекет
3. Міндеті:
лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру;
терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру;
ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді, қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымға ниетін қалыптастыру;
қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты жазуға үйрену.
болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру
студентке мемлекеттік тілді оқып үйренуде өз әрекетінің жемісті екендігін сезінуіне жағдай жасау
мәтінмен еркін аударма жасай отырып, қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру, мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға студенттің жігерін қалыптастыру;
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексикалық тақырып бойынша
Мейрамдар туралы түсінік беру.
Тәуелсіздік алу жолында қандай қиындықтар болғаны туралы мәлімет.
16 желтоқсанда құрбан болған жастар туралы айтып өту.
22-наурыз халықаралық наурыз мейрамы туралы.
Наурыз сөзі қазақ тіліне қай тілден енген?
Наурыз мейрамының ерекшелігі.
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні туралы мағлұмат.
Астана күні болып қай күн белгіленді?
Астана бұрын қалай аталған?
Айт мейрамы.
Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығыстағы табиғаты.
Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жерлері, аң-құстары, өсімдіктері.
Қазақстанда кездесетін кен байлықтары
Қазақстанның қалалары.
Қазақстан Президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық республика.
Қазақстан тәуелсіз, егеменді, әр түрлі халық өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан ел.
Сабақты өткізу жоспары:
1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі) - 5 минут
2. Өткен сабақты пысықтау - 25 минут
3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 минут
ҮЗІЛІС
4. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 минут
5. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 минут
ҮЗІЛІС
6. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 минут
7. Жаттығу жұмыстары, тестілер - 20 минут
8. Қорытындылау,үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 минут
Өткізу түрі: тәжірибелік
Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, пікірталас, ситуациялық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, топпен жұмыс т.б.
Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.
Тапсырмалар:
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15.000 шақырымнан асады. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, Өзбекстан, Түрікменстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның жерінің аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым. Халқының саны 16 миллионнан астам. Республикамызда көп ұлттың өкілдері тұрады. Онда жүзден астам ұлттардың өкілдері қазақ халқымен бірге тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Республикамыза 14 облыс, 90-ға жуық қала, 200-ден астам аудан бар.
Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстандағы ең ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле т.б. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері, Каспий мен Арал теңіздері жатады. Қазақстан қара және түсті металдарға, көмір, газ, бағалы металдарға (алтын, күміс, платина), сирек кездесетін металдарға (тантал, индий, иридум т.б.) бай.
Қазақстан ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған ел. Өнеркәсіптің негізгі салалары – металлургия, машина жасау, металл өңдеу, отын – энергетика, химия және басқа салалары. ауыл шаруашылығының негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы. Ауыр өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Өскемен, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Екібастұз, Шымкент және тағы басқалар.
Сонымен қатар Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстанда Ұлттық Ғылым Академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, жолғары оқу орындары, опера және балет тетры, драма театры, кинотеатрлар, мектептер, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты көптеген ғылым мен мәдениет ошақтары бар.
Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл, суы тұщы және мөлдір. Көлдің ең терең жеріндегі жәндіктер мен балықтар айқын көрінеді. Көлдің айналасы қарағайлы, қайыңды орман. Көкшеде әйгілі «Оқжетпес», «Жұмбақтас» сияқты көрікті жерлері бар. Көлінде әр түрлі балықтар бар. Бурабай көлінің айналасында курорт, демалыс орындары орналасқан. Ол таза ауасымен, қымызбен емдейтін ірі курорт. Бурабай табиғатының көркемдігі жөнінен әлем курорттарының ішінде ерекше орны алады.
Қазақстанның астаналары: Орынбор (1925), Қызылорда (1929), Алматы (1929-1997) және Астана (1997 10-желтоқсан) қалалары.
Сөздік
тату-тәтті – счастливо
жазық дала – степь
өнеркәсіп – промышленость
салалар – раздел
егіншілік – растениеводство
мал шаруашылығы – скотоводство
тұщы – пресный
мөлдір – прозрачный
орталық бөлігі – центральная часть
шаршы шақырым – квадрат километр
батыс – запад
шығыс – восток
даму – развиваться
айнала – вокруг
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
Қазақстанның табиғаты қандай?
Қазақстанда қандай кен байлықтар бар?
Қазақстан қандай республика?
Қандай қалалар Қазақстанның астаналары болды?
Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіз?
Қазақстандағы өнеркәсібі дамыған қалаларды атаңыз
Астананың болашағын қалай елестетесіз?
а) Төмендегі сөздердің ауармасымен танысу:
Ыдырау – раcпад
Ежелгі – древний
Үндеу – листовка
Табалдырық – порок
Қасиетті – благодатный
Теңелу- приравниваться
Ықылас – внимание
Ұйымшылдық-организованность
Татулық-дружба
Бірлік-единство
Жомарттық-щедрость
Ізгілік-добро
Малтығу-тонуть
Дән-зерно
Аяусыз-безжалостно
Жазалау-наказать
Дүмпу-взрыв
Наразылық-протест
Дүр сілкіндіру-потрясти
Дербес-самостоятельный
Оралу-возвратиться
Оқиға-событие
Талап ету-требовать
Бас көтеру-восстать
Үстемдік-господство
Бетпе-бет-лицом к лицу
Айқын-ясный
Әкеп соғу-привести
Құрбан-жертва
Малыну-окунуться
Тегіс-полностью
Қамтылу-охватываться
Тән-характерно
Күллі-все
Құқық-права
Перзент-дитя
Мәре-сәре-радостно
Күннің нұры ерекше төгілетін-осебенное отражение лучей
ә) Мәтінді оқу.
Қазақтың ұлттық мейрамдары (Наурыз, Құрбан айт, Тәуелсіздік күні т.б.)
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жеке дербес ел болды. Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түледі, қазақ тілі мемлекеттік тіл болды, ұлттық мейрамдары да қайта оралды. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ресми мейрамдарына:
16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;
1 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі;
8 наурыз – Халықаралық Әйелдер мейрамы;
22 наурыз – Халықаралық Наурыз мейрамы;
1 мамыр – Ынтымақтастық күні;
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні;
6 шілде – Астана күні;
30 тамыз – Конституция күні жатады.
Тәуелсіздік күні
1986 жылы 16-17 желтоқсанда дүниені дүр сілкіндірген оқиға болды. Ол еркіндік пен теңдікті талап еткен жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді. Империялық үстемдікке қарсы бетпе-бет келіп, наразылық көрсетудің айқын көрінісі еді. Қазақ жастарының үстемдікке бас көтеруі мен қозғалысының дүмпуі алып держава – КСРО-ның ыдырауына әкеліп соқты. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғана қазақ елі көптен аңсаған арманына жетті. Өз алдына тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жолында көптеген жастарымыз құрбан болды. Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззәт Асанова сияқты көптеген жастарымыз қаза тапты.
Халықаралық Наурыз мейрамы
Наурыз атауы қазақ халқына парсы тілінен келіп сіңген, ноу-«жаңа», руз-«күн» деген сөз. Бұл қазақ ұғымында жыл басы, жыл тойы деген мағына береді. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңеліп, көктем күш алып, күн нұры ерекше төгілетін, жер ана жасыл желекке малынып, адам да, табиғат та жаңғырып жаңаратын ғаламат жарқын күн. Наурыз мейрамында ұлттық салт-дәстүріміз бен ойын-сауығымыздың бәрі тегіс қамтылып, зор ықыласпен тойланып, үлкен мерекелік салтанаттар өткізіледі. Наурыз мейрамында әр адам өзіне, отбасы немесе жақын туыстарына туған-туыстары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілектер тілейді. Наурыз мерекесіне ғана тән көпшілікке арналған тағам - Наурыз көже дайындалады. Оның ішіне 7 түрлі тағам қосылады. Наурыз көже мерекемен құттықтап келгендерге ерекше ықыласпен ұсынылады. Бұл мереке барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алған. Бұл күні әйелдер сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді.
Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді.
Астана күні
Республика Президентінің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Кейін Ақмола қаласы Астана атанды.
Бүгінде Тәуелсіздігіміздің Перзенті – Астана қаласы күннен –күнге көркейіп, құлпырып келеді. Оны қазір барша жұрт қызыға тамашалауда. Халқымыз бүгінде онымен мақтанатын болды.
Ал еліміздің тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың туған күні 6-шілде – Астана күні аталатын болды.
Айт мейрамы
Айт мейрамы қазақ халқы үшін қасиетті мейрамдардың бірі болып саналады. Мейрамда халық отыз күн ораза ұстап, үш күн бойы Айыт мейрамын тойлайды. Айт мерекесінде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Бұл бұрыннан келе жатқан Мұсылман халықтарының салттарына жатады.
Сол сияқты христиан халқында да діни мейрам бар. Бұл – Пасха деп аталады.
б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.
1-тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.
1.Нысапсызға не керек істің ақ пен қарасы. (А.) 2. Абай бұл арада үлкен түйін түйілгенін білді. (М.Ә.) 3. Аспан қою бұлттан айығып, таң белгі бере бастады (С.Б.) 4. Науқасынан тез айығып кете алмады. (С.Қ.)
2-тапсырма. Төмендегі мысалдарда қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағынаны білдіретінін айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.
1.Қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. 2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. 3. Қисық ағаш, қисық мінез. 4. Суық күн, суық сөз, суық хабар. 5. Жылы су, жылы сөз. 6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар, онда әр сөз кемінде екі түрлі мағынада қолданылатын болсын.
Ағаш, темір, саңырау, алыс, жол, ойыншық, бұлақ, көз, ащы, тәтті, қол, жал, жар, қабақ, жаға, тұнық, жалын, ұшқын, жеу, қақпақ, қармақ, аю, қасқыр, түлкі, бұлт, күн.
4-тапсырма. Қарамен терілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңіздер.
Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); жылы (су, сөз, киім, өң); суық (су, сөз, хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қотыр, қарын, ауыз, бауыр, балақ, аяқ, су); бет (әжімі, моншақ, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, қайту, орамал); арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос).
5-тапсырма. Қара мен терілген сөздердің тура я ауыспалы мағынада қолданылып тұрғандығын ажыратып, егер ауыспалы мағынада қолданылса, оның тура мағынасын өздеріңіз ойлап табыңыздар.
I. 1. Қалың қызыл матадан жасалған сахна шымылдығы шам сәулесін өзіне тартып алып, оны өз түсімен бояп, кең залды ал қызыл нұрмен толқытады. (М.И) 2. Қайрақбайдың «әне!»- деген жағына қарасақ, дауыл көтерген сияқтанып қалың шаң көрінеді. 3. Даусы бұрынғыдан қалыңдаған сияқты. (С.М) 4. Пар айдап жатқандарға өзің бас-көз бол. ( Б.М) 5.Қағазыңыз мықты екен, Боқа . 6. Бірақ ісіне мықты бол, шырақ. 7. Ол жағын сұрай көрме, ағатай, ішіме мықтап түйгем. 8. Осы денедегі есіл қайрат көзі ашық адамға бітсе, тау қопарар еді. 9. Өмірдің бетінде қалқып жүрген сияқтымын. 10. Көруге бар, ұстауға жоқ сағым болдың, Ардақ. 11. Солар менің оқитын, сенімен әнгімелесетін қымбатты уақыттарымды да ұрлап жатыр, Ардақ. 12. Тек алысқа шап, Ермек Борантаевич.(Ғ.Мұст.)
II. 1. Осы ашудың әлегімен Раушанның өтінішіне саңырау болды. 2. Қожар беттің ашумен таяғын сындырып алғаны былайғылардың күлкісін келтірді. 3. Осы жаманмен біраз күн өмір өткіздің ғой. (Б.М) 4. Айнала қарап тұрғанында, жердің семіз қара топырағы жасыл ала шөптен көрінбейді. 5. Енді торғындай майда ескектің жібектей жұмсақ гүлден алған жас демі балбыраған денені сергітіп тастады (С.С) 6. Осы өлең аса бір аяулы шағымның белгісіндей маған әлі ыстық.(Т.Ақт) 7.Қол ұшы тиесі, не үзіліп кетердей, не өзі әлі істемеген соншалықты ыстық үн төгіп жіберердей. (С.Шайм) 8. Сендер болсаң мынау, осындайда дұрыстап қол ұшын да бермейсіңдер. 9. Тамағына әлдене тұрып қалғандай, сөзі шорт- шорт үзіліп, үні бітті.(М.И)
Бақылау
Қандай мейрамдарды білесіздер?
ҚР тәуелсіздігін қашан алды?
Тәуелсіздік алу жолында қандай қиындықтар болды?
16 желтоқсанда құрбан болған жастар туралы не білесіздер?
22-наурыз халықаралық наурыз мейрамы туралы не білесіздер?
Наурыз сөзі қазақ тіліне қай тілден енген?
Наурыз мейрамының ерекшелігі қандай?
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қашаннан бастап тойланады?
Астана күні болып қай күн белгіленді?
Астана бұрын қалай аталған?
Айт мейрамы туралы не білесіз?
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
Сөздің тура және ауыспалы мағыналарына мысал келтіріңіздер.
11. Әдебиеттер:
1.Ж.Т.Исаева, А.Е.Тәттібаева. Қазақ тілі. 2011ж. 15-20 беттер.
2.Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994ж.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |