С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет131/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

5.2.8 Тырнақ күтімі 
Он күн сайын гигиеналық іс-шараларға науқастың аяқ-қолының тырнақтарын алу 
кіреді. Тырнақ күтімін ұқыпты жүргізу қажет, себебі жарақат тырнақ ойысының 
зақымдалуына әкеліп әрі қарай инфицирленуді дамытады. Тырнақты негізіне дейін алу 
дұрыс емес, әйтпесе теріні зақымдаймыз. Қол және аяқ тырнақтарын алмас бұрын 5 
минутқа жылы суға саламыз. Қантты диабетпен, гемиплегиямен және т.б. терінің 
сезімталдығынығ төмендеуімен жүретін аурулармен ауыратын науқастардың тырнағын 
алғанда аса ұқыпты болу керек (сур. 68-69). 
Сурет
68.
Сурет
69. 
Қария адамдардың тырнағы Тырнақты алу 
Қажетті жабдықтар: 

Резенкелі қолғап 

Тырнақ алуға арналған қайшылар және қысқыштар

Жылы су, сусабын, аяқққа және қолға арналған иісмай, спирт (70%). 

Суға арналған шара және астауша, сүлгі
Іс-шараның орындалу реттігі 
1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуге дайындалу: қажетті жабдықтарды орналастыру, 
суды жылыту, қолғап кию. 


151 
2. Жылы суы бар астаушаға сусабын қосу және оған науқастың қолын 2-3 мин малу
(тырнақ алу реттілігімен кезек маламыз). 
3. Науқас саусақтарын судан кезек алып, сүртіп, содан кейін тырнағын аламыз
4. Науқас қолын иісмаймен өңдейміз. 
5. Жылы суы бар астаушаға сусабын қосу және оған науқастың аяқ басын 2-3 мин 
малу (тырнақ алу реттілігімен кезек маламыз). 
6. Аяқ басын сүлгіге қойып (тырнақ алу реттілігімен кезек маламыз), құрғатамыз да 
арнайы қысқышпен тырнақты аламыз
7. Науқас аяқ басын иісмаймен өңдейміз
8. Қайшыларды және қысқыштарды спиртпен немесе 0,5% хлорамин ертіндісімен 
дезинфицирлейміз
9. Қолғапты шешіп, қолды өңдейміз
5.2.9 Ауыз қуысы күтімі
Ауыз қуысының күтімін барлық науқастарға жүргіземіз, ауыз қуысында 
микроорганизмдер жиналады. Әлсіреген немесе қызбасы бар науқастардың аузының 
шырышты қабатында, тістерінде өңез пайда болады, ол жабысқақ шырыштан және 
эпителий жасушаларынан тұрады, сонымен қатар шіріген немесе ыдыраған тағам 
қалдықтары, бактериялар жиналады. Нәтижесінде кариес, қабыну үдерістері (стоматит), 
қызыл иектің қабынуы (гингивит) және т.б. дамиды. Науқастар жайсыздықты сезінеді: 
көңіл-күйі бұзылып, тағам қабылдағанда ауырсыну пайда болып, сілекей ағу, ауыздан 
жағымсыз иіс пайда болады және тәбет төмендеп ауыз кебеді, ауыз бұрышында жарық 
дамиды (хейлит).
Жалпы режимдегі науқастар ауыз қуысының туалетін өз беттерінше атқарады. Әрбір 
науқас тағам қабылдағаннан кейін немесе ұйқыдан кейін тістерін тазалауы керек. Тіс 
тазалау үшін тіс эмалін қатайтатын фтор қосылған тіс пастасын қолданады. Тіс шөткесі 
иекті жарақаттамайтын жұмсақ болуы керек, әлсіреген науқастарға мақта немесе дәке 
тампондарын қолданады. Ауыз қуысын шаю үшін 0,5% натрий гидрокарбонат ертіндісін
(ас содасы ертіндісі) немесе 0,9% натрий хлорид ертіндісін (физиологиялық ертінді) 
қолданамыз. Ауыз қуысын түймедақ, шайқурай және шалфей тұнбаларымен шайған 
пайдалы. Ауыз қуысын тазалауды аяқтағанда тілді де шөткемен тазалап, өңезді алған жөн.
Ауыз қуысының қабыну үдерісі кезінде аппликациямен емдейді: қабынған шырышты 
қабатқа дезинфицирленген ертіндіге малынған зарарсыздандырылған майлықты күніне 
бірнеше рет 3-5 минутқа қояды.
20 грамдық Жане шприці немесе арнайы груша арқылы дәрілік заттармен ауыз 
қуысын шаяды [6, 7, 29, 30, 32]. Бұл үшін шпатель арқылы ұртты тартып, ауыз қуысын 
жуады (сурет 70).


152 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет