Біріншілік — бұл мәселелер егерде науқасқа уақытында көмек көрсетілмесе немесе емдемесе жақын уақытта өміріне және денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін және шұғыл түрде көмек көрсетуін талап етеді (АҚҚ көтерілуі, ауырсыну синдромы, күйзеліс жағдайлар және т.б.).
Екіншілік — бұл науқастың ауруына немесе болжамына жатпайтын қажеттіліктері (ота жасалғаннан кейінгі төсектегі мәжбүр жағдайы, өзін-өзі күтудің жеткіліксіздігі және т.б.).
Аралық – шұғыл емес және өміріне қауіп төндірмейтін науқастың қажеттіліктері (төсекте тәулік бойы мәжбүр жағдайда жатқанына байланысты арқасының ауырсынуы).
Мейірбикелік диагноз құрастыру процессі өте маңызды, өйткені ол кәсіби білім мен науқастың жай-күйіндегі ауытқулар мен олардың себептері және шақырушылары арасындағы байланысты таба білу керек.