Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет45/52
Дата20.06.2018
өлшемі8,7 Mb.
#43693
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Үйге тапсырма беру: 1. 144-суретте берілген тетікбөлшектердің сызбаларын сол жақ көрініспен толықтырып салып шық. Сызбада алдыңғы және сол жақ көріністерде жарты тілікті жарты көрініспен біріктіруге болады, ал үстіңгі көріністі өзгертпей қалдыру керек. Тікбұрышты изометрияларын тұрғыз.

2. 145-суретте аксонометриялары берілген тетікбөлшектердің сызбаларын салу керек. Сызбаны салу үшін басты көріністі дұрыс таңдап ала біл. Көріністердің саны мүмкіндігінше аз болуы керек. Бұл тетікбөлшектердің пішіндерін толық түсіну үшін жергілікті тіліктерді пайдаланған тиімді. Сызбаға олардың өлшемдерін түсір.



Сабақ: №53

Сабақтың тақырыбы:

Күрделі тіліктер.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға

үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру,

өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,

сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін

тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,

белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін



дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ішкі құрылысы тек бір қиюшы жазықтықты пайдаланатын тіліктерде анықталмайтын тетікбөлшектер жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бірнеше қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қолданылады. Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Күрделі тілікте қиюшы жазықтықтың саны екеуден кем болмайды. Осы қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуларына қарай, күрделі тілік сатылы тілік және сынық тілік болып екіге бөлінеді. Сатылы тілікте қиюшы жазықтықтар өзара параллель болады, ал сынық тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады. Сатылы тілік жүргізілген қиюшы жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына қарағандағы орындарына байланысты горизонталь, фронталь және профиль сатылы тіліктер болуы мүмкін. 148-суретте фронталь сатылы тіліктің мысалы көрсетілген. Тілік алу үшін берілген тетікбөлшекті ойша екі фронталь жазықтықпен қию керек. Бұл екі параллель жазықтықтың біреуі цилиндр тәрізді тесіктің осі арқылы өтеді, ал екіншісі осьтері ортақ цилиндр тәрізді ойық пен тесіктің осі арқылы өтіп, бірінші жазықтыққа параллель орналасқан. Қиюшы жазықтықтардың орны, қарапайым тіліктегідей үзік сызық және оған тірелген нұсқамалардың көмегімен көрсетіледі. Нұсқамалардың бағыты тілікке қарау бағытын көрсетеді. Қиюшы жазықтықтардың біреуінен екіншісіне өтетін жерлерге бұрылу белгілері қойылады. Бұрылу белгілері тікбұрыш жасап орналасқан, жуандығы үзік сызықтың жуандығындай сынық сызық түрінде орындалады. Тілікте қиюшы жазықтықтардың біреуінен екіншісіне өткенде пайда болатын қырлары көрсетілмейді; күрделі тілік қарапайым тілік сияқты орындалады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет