Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты


Кәсіптік сұрақтар бойынша тесттер



бет26/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

Кәсіптік сұрақтар бойынша тесттер





1. сілекейдің қатты ағуы

2. шайнау

3. тағамды аз мөлшерде жұту

4. тағамды көп мөлшерде жұту

5. салынбалы протезді қолдану

6. ауызды күнделікті тазалау

7. ауыздың құрғауы

8. тағаммен қантты пайдалану

9. тіс жұғындысы

10. тіс тастары

11. тіл жұғындысы

12. қызыл иек сұйықтығы







        1. Ауыз қуысының қышқылдық-

сілтілік үйлесімділігіне

қалай әсер етеді

А) алкалоз жағына ығыстырады

В) ацидоз жағына ығыстырады

2. Ауыз қуысының қышқылдық-сілтілік үйлесімділігінің физиологиялық өзгерістеріне тән (3)


  1. Гомеостаздан ауытқиды

  2. Гомеостаздан ауытқымайды

  3. Ауыз қуысындағы физиологиялық үрдістерді бұзады

  4. Ауыз қуысындағы физиологиялық үрдістерді өзгертпейді

  5. Ауыз қуысының құрылымы мен қызметінің бұзылыстарын шақырады

  6. Ауыз қуысының құрылымы мен қызметінің бұзылыстарын тудырмайды

3. Сілекейдің минералдаушы қасиеті ауыз қуысының рН-ына бағынышты ма (1)

  1. иә

  2. жоқ

4. Сілекейдің әсерінен тіс жұғындысында Стефан графигі қалай өзгереді (2)

  1. рН төмендеуі аз мөлшерде

  2. рН төмендеуі айқын

  3. рН төмендеуі аз уақытқа созылады

  4. рН төмендеуі ұзаққа созылады

5. Сахарозаның тіс жұғындысына ацидогендігін қамтамасыз ететін жайттар (3)

  1. оның тіс жұғындысы микрофлорасымен тез ыдыратылуы

  2. оның тіс жұғындысы микрофлорасымен баяу ыдыратылуы

  3. тіс жұғындысы көбеюін күшейтуі

  4. тіс жұғындысы дамуын тежеуі

  5. тіс жұғындысында полисахаридтер түзілуін күшейтуі

  6. тіс жұғындысында полисахаридтер түзілуін тежеуі

6. Қызыл иек сұйықтығында рН мәнінің жоғарылауын қамтамасыз ететін жайттар (2)

  1. зәрнәсіл

  2. аммиак

  3. глюкоза

  4. калий

  5. сахароза

7. Ауыз қуысында қышқылдық-сілітілік үйлесімді реттеуге қатысатын буферлік жүйелер (3)

  1. бикарбонаттық

  2. фосфаттық

  3. гемоглобиндік

  4. нәруыздық

8. Ауыз қуысында 1. ацидоз 2. алкалоз дамытатыны:

  1. Гипосаливация

  2. Түнгі ұйқы

  3. Тісті күнделікті тазаламау

  4. Сілекейдің қатты бөлінуі

  5. Тағамды аз мөлшермен жұту

  6. Ксеростомия

Кәсіптік сұрақтардың жауаптары




сұрақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

жауаптар

А-1,2,3,6,10,12;

В-4,5,7,8,9,11



B,D,F

A

B, D

A,C,E

A,B

A,B,D

1.- A,B,C,F

2. - D,E

ЕСЕПТЕР: «Бақылау-өлшегіш құралдар» бөлімін қараңыз №№ 12-24
13 тақырып. ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Сабақтың мақсаты:


  1. Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын меңгеру

  2. Теориялық білімді есептер шығарғанда қолдану

  3. Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру

  4. Тәжірибелік жануарлармен машықтық дағдыны қалыптастыру

  5. ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын шеткері қанайналым бұзылыстарын үлгілеуде қолдану


Оқыту міндеттері:

  • Микроциркуляция бұзылыстары: артериялық, веналық гиперемияның, ишемияның, ишемиядан кейінгі репефузияның, тромбоз, эмболияның, стаздың туындау себептері, даму тетіктері, ерекшеліктері, сыртқы көріністері, организм үшін маңызын зерттеу

  • Теориялық материалды талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Теориялық білімді ситуациялық есептерді шығарғанда қолдануды үйрену

  • артериялық, веналық гиперемияны, ишемияны, май эмболиясын үлгілеуді үйрену.

  • ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын шеткері қанайналым бұзылыстарын үлгілеуде қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

  2. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары.Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

  3. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

  4. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

  5. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Қан қатпары пайда болуының паттогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары Теңгерілулік үрдістер: шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

  6. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Эмболдардың шығу тегі бойынша түрлері, сипаттамасы. Қанайналымының үлкен және кіші шеңберінің, қақпа көктамырының эмболиялары.Негізгі жүйелер мен ағзалардың қызметтері бұзылыстарының патогенезі. Эмболияның салдарлары.

  7. Микроциркуляцияның біртектес бұзылыстары (тамырішілік, тамырлық, тамырдан тыс). Қылтамырлық-нәрленістік жеткіліксіздік туралы түсінік.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, ситуациялық есептер шығару.



Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелері мен ситуациялық есептердің жауаптарын тексеру, тест жүргізу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет