Нейрогимнастикалық жаттығу. «Қолшам»
«Қолшамды жағу». Алақанның сыртын өзімізге қаратып, саусақтарымызды созып, бас бармағымызды түйістіреміз. Жұмып-ашамыз.
«Қолшаммен белгі беру». Бір алақанымыз жұмулы тұрады. Екінші алақанымызды жұмып, ашамыз.
«Қолшамды өшіру». Екі алақанымыздың сыртын өзімізге қаратып, жұмамыз.
жаттығуда берілген мақал-мәтелдердің қайсысы өлең мазмұнына сәйкес келетінін айтқызады.
жаттығуда берілген суреттердің ішінен дәрігер қолданатын заттарды айтқызады. Стетоскоп, градусник, дәрі, йод, балға, қобыз, кемпірауыз.
Шығармашылық жұмыс. Жұмбақты шешіп, заттың сынын білдіретін сөздердің астын сызады. Жұмбақтың шешуі: қант.
«Ашық микрофон». Жұппен жұмыс.
Бірінші оқушы тақырыпқа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
Дәрігер деген кім?
Өскенде кім болғың келеді?
|
жаттығу. Неліктен өлең мазмұнына таңдағанын айтады. Мақалдың мазмұнын түсіндіреді.
жаттығуда берілген суреттердің ішінен дәрігер қолданатын заттарды айтады. Олар: стетоскоп, градусник, дәрі-дәрмек.
|
ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.
|