Шығармашылық жұмыс. Әріптер мен цифрларды пайдаланып жасырынған сөздерді тауып жазады. Нейрогимнастикалық жаттығулар. Саусақтарға массаж. Алақанымызды ашамыз.
Екі алақанымызды бір-біріне ысқылаймыз.
Әр саусақты келесі қолымыздың алақанымен сипаймыз.
Жұдырығымызды түйеміз. Екі қолымыздың алақанымен сыртынан ұстаймыз. Дәл солай екінші
қолымызбен жасаймыз.
Шығармашылық тапсыр- ма орындалады. Мысалы: дала, анар, тау, қуат. Нейрогимнастикалық жаттығуларжасайды.
Соңы
«Адасқан әріптер» ойыны. Әріптерді орнына қойып, ай аттарын дұрыс тапқызады.
З, А, Қ, А, Н – ҚАЗАН
Л, Е, Ж, С, А, Н, Т, О, Қ – ЖЕЛТОҚСАН У, А, Р, З, Ы, Н – НАУРЫЗ
Д, Е, Л, І, Ш – ШІЛДЕ
Ай аттарын табады. Кесте бойынша айтады.
Әріптер, кесте
Кесте бойынша ауызша айтқызады.
Кері
Кері байланыс. «Ыстық орындық»
Сабақтан алған әсерлерін
байланыс
Төрт тоқсанды ата.
орындықта отырып
Қазір қай жыл мезгілі?
айтады.
Сабақта ең қызықты болған сәт: ...
297
Жыл
мезгілдері
Айлары
Ауа райы
Адамдардың іс-әрекеті
Қыс Көктем Жаз Күз
92-сабақ
Бөлім:
Сөз және оның мағынасы
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Санамақ. Заттың санын білдіретін сөздер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану
Сабақтың мақсаты
Оқу түрлерін қолданады.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Заттың санын білдіретін сөздерді ажыратып, неше? нешеу? нешінші? сұрақтарын орынды қолданады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Шаттық шеңбері Айдай арайлап, Күндей күлімдеп, Жұлдыздай жарқырап,
Сабағымызды бастаймыз.
Өлең шумағына сай қимылдар жасайды.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы интербелсенді тақтадағы таныстырылымнан көреді.
Таныстырылым тапсырмалары
298
Ортасы
Бүгін үш топқа бөлініп жұмыс істейміз. 1-топ: «Айым».
топ: «Күнім».
топ: «Жұлдызым».
Топ басшылары бағалау парағын толтырып, сабақ соңында қорытындысын айтады.
Балалар, топта жұмыс істеу ережесін еске түсі- рейік. Топ ережесі тек «Т» әрпінен басталуы тиіс.
Осы ережеге келісеміз бе? Олай болса қол қойып, мөр басайық. Балалар, топ ережесін өзіміз қабылда- дық. Қол қойып, мөр бастық. Енді заңды, ережені бұлжытпай орындауымыз қажет. Келісеміз бе?
Келіскендерін бас бармақ арқылы көрсетеді.
«Қуырмаш» ойыны Жұппен жұмыс. Әр оқушыға парталас оқушылармен «Қуырмаш» ойынын ойнату. Оқушылардан білетін санамақтарын сұрау. Мұғалім түсіндірмесі Санамақ дегеніміз – он саусақ туралы атаулар ұғымына байланысты айтылған тақпақ.
Тақтамен жұмыс Тақтаға 1-ден бастап 10-ға дейін сандар ілінеді. Сол сандарға ұқсас сөздер құрастыру. Оқушылардан сұрау арқылы санамақ ұғымын ашу.
Сергіту сәті Кел, санайық, санамақ, Саусақтарды даралап. Бас бармағым алғашқы, Балаң үйрек – жалғасы. Ортан терек – атасы, Шылдыр шүмек – анасы. Шынашағым – балапан, Бәріне ортақ – алақан.
Топқа бөлінеді. Тақтадағы топ аттары бойынша оқып, бөлінеді.
ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.
Топ ережесін сақтап отырып, жұмыс жасайды.
Балалар ауаға саусақтарымен қол қойып, мөр басады.
ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.
Жұппен «Қуырмаш» ойынын ойнайды.
Санамақ туралы берілген ақпаратты ұғынады.
299
Автор туралы. Жеңіс Қашқынов1942 жылы Қара- ғанды облысы Ақтоғай ауданындағы Қуаныш ауылында туған. «Кешкі күн», «Тұлпар» өлеңдер жинағы бар.
Оқулықпен жұмыс Мұғалім оқулықтағы санамақтарды оқып, мағынасын түсіндіреді. Бұл сұрақ-жауап арқылы өтіледі. Оқушыларға кезек-кезек мәнерлеп оқыту. 2–3 рет қайталатып жаттауға жаттықтыру.
Нейрогимнастикалық жаттығу. – Балалар, сендер саусақтарыңның атын білесіңдер ме?
«Кім алғыр?», «Саусақ» ойындары. Төменде берілген саусақтардың атын тез жаттаған оқушы жеңімпаз болады.
1 – бас бармақ. 4 – шылдыр шүмек. 2 – балаң үйрек. 5 – кішкене бөбек. 3 – ортан терек.
Топ басшыларына сұрақ. «Бұл кім?» ойыны «Айым» тобының басшысына: Беделі әкеден жоғары, әулеттің тірегі. Ақыл- кеңес беруші кім? (Ата)
Шаңырақтың алтын қазығы. Ұрпағын мейіріміне бөлеп, үлкен өмірге бейімдеуші кім? (Әже)
«Күнім» тобының басшысына: Шаңырақтың иесі. Үйге табыс кіргізіп, бала- шағаны өсіріп жеткізуші кім? (Әке)
Отбасының ұйытқысы. Өмірге ұрпақ әкеліп, оларды бағып-қағып, тәлім-тәрбие беруші кім? (Ана)
«Жұлдызым» тобының басшысына: Ананың қамқоршысы. Әкенің тірегі. (Ербала)
Шаңырақтың шуағы. Әкенің көз қуанышы, ананың қолғанаты. (Қызбала)
Дұрыс жауап берген топ басшысы смайликпен бағаланады.
Оқулықпен жұмыс
істейді.
Нейрогимнастикалық
жаттығу жасайды.
Топтық жұмыс жасайды.
Топ басшылары жауап
береді.
300
Топтық жұмыс. «Күнім» тобы. Өз әжелеріңнен естіген ертегілеріңді айтыңдар.
«Жұлдызым» тобы. Өз аталарыңнан естіген мақал- мәтелді айтыңдар.
«Айым» тобы. Өз аналарыңнан естіген санамақтарыңды айтыңдар.
Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс. Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қаламды ұстай білуді қалыптастыру.
Топ ішінде ертегі айтады. Топ ұйғарымымен әр топтан бір оқушы шығып, өз ертегісін айтады.
Көркем жазу Төртеу, уақыт сөздерін көркем жазады.
«Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.
жаттығу. Санамақты оқып береді. Жеке оқушыларға оқытады. Тізбектей оқиды. Мазмұны бойынша сұрақ-жауап жүргізеді. Өлеңнің соңғы төрт жолын көшіріп жазғызады.
жаттығу. Апта күндерін жатқа білетін оқушылар- дан сұрайды. «Аптадағы демалыс күндерін атаңдар. Қайсы бұрын, сәрсенбі ме, жұма ма? Жұмыс күндері қай күн?» сұрақтарын қоюға болады.