Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы



бет92/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013

Нарықтық қоғамның ерекшелігі


Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттаңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.



счастье

бағы

богатый

дәулетті

не нуждаться

тарықпау

возможность, случай

орай

возможность

мүмкіндік

известить, прославить

паш ету

основа

негіз

активность

белсенділігі

судьба

тағдыр тәлкегі

несправедливость

әділетсіздік



1. Тыңдаңыз. Қайталаңыз / Слушайте. Повторяйте
Адамның кедей немесе бай болуы алдымен оның бағына да байланысты. Германия сияқты елде туылсаң, Африкадағы туған балаға қарағанда бағыңның бар болғаны. Ата-анаң дәулетті адам болса, сен өмірге келе салысымен-ақ кең үйге, үлкен бақшасы бар аулаға иесің. Бұл - ертең ақшадан да тарықпайсың деген сөз. Байқап отырсаң, осының бәрі басыңдағы бағыңмен байланысты.
Бұдан сырт «орай» деген нәрсе бар. Ол – сапалы білім мен бойыңдағы талантыңды паш ететін мүмкіндік. Жастардың кейбіреуі жалғастыра оқып жоғары білім алудан гөрі басқаша тіршілік етуді қалап жатады. Ондайда ата-аналары университетте оқуды талап етіп жатады. Жастар кейде ол ақылды тыңдамай жатады. Бірақ, мен ата-аналардікі дұрыс деген болар едім. Себебі, жоғары білім алудың өзі – үлкен мүмкіндік. Ал сапалы білім – жақсы табыс табудың көзі. Оның үстіне бұндағы мүмкіндік – бір кетсе, екінші қайтып келмейтін мүмкіндік. Білім алып, негіз қалайтын жастан өтіп кеткен соң, кім болсаң да бәрібір, сені енді талайың емес, тағдырың илей бастайды: сенің бай немесе кедей болуыңды мамандығың белгілейді.
Біз қазір нарықтық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұнда көп нәрсені адамдардың жеке басының белсенділігі шешеді. Бірақ, бұл жүйенің кемшілігі – барлық адамға әділетті бола бермейді. Нарықтық қоғам адамды тағдыр тәлкегінен қорғамайды. Біреу кәсібін сүйіп, беріле жұмыс істегенімен, оның жұмыс істеген саласы нарықтан өз орнын ала алмаса, бұл адам қаншалық ұмтылғанымен, бәрібір жұмыссыз қалудан қорғана алмайды. Бұл да әділетсіздік, алайда қоғамның заңдылығы – осы. (210 сөз)
(АҚШ экономисі, 2002 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Даниэл Макфайдонның «Неге бай және кедей болып бөліндік? мақаласы бойынша». Алматы ақшамы, 14 сәуір, 2009 жыл, № 43(4134). Әзірлеген А. Нұрғазыұлы. )




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет