Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Ішкі секреция бездері мен гармондары



бет37/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

1.Ішкі секреция бездері мен гармондары.
Адам организмінде көптеген бездер болады. бездер өздерінің әрекеттік нәтижесінде секрет затын бөледі. Секреттер арнайы өзекшелері арқылы дене қуысынан –ауыз қуысына, қарынға, ішектерге шығады. Секреттерін сыртқы және дене қуыстығына бөлетін бездер –сыртқы секрециялық бездер (сілекей, қарын, тер) деп аталады.
Организм секреттерін тікелей қанға құятын өзексіз бездер қатарын- ішкі секрециялық бездер дейміз. Бұл бездерге гипофиз, эпифиз, ұйқы безі, қалқанша без, қалқансерік безі, бүйрек үсті және жыныс бездері жатады. Ішкі секреция бездері- гормон (грек сөзі-қоздыру) деп аталатын физиологиялық белсенді зат бөледі. Гормондар организмнің өсіп-дамуына ықпал жасайтын белсенді заттар.
Гормондар организмнің өсу және даму процестерін, зат және энергия алмасу процестерін реттеуге, организмнің барлық физиологиялық қызметінің үйлесімділік процесіне қатысады. Организмнің өсу, даму динамикасы және жас кезеңдері әрбір гормондардың ерекшеліктеріне, гормонның аз, көптігіне тәуелді. Баланың денесі мен ақыл- ойының қалыпты дамуында ішкі секреция бездерінің қызметі өте маңызды.
Ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуы бүкіл организмде өзгеріс туғызады. Қанда гормондар көп болуын –гиперфункция, аз болуын- гипофункция деп атаймыз. Эндокринді бездер организмде былайша орналасады: 1.Мида- гипофиз, эпифиз; 2.Мойын мен кеуде қуысында- қалқанша, қалқансерік, айыршық бездер; 3.Құрсақ қуысында- ұйқы (аралас), бүйрек бездері; 4.Жамбас, жамбас мүшелерінде- ұрық, аналық бездер (аралас бездер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет