Тапсырма: «Шеңберде қалу» әдісі Мақсаты: Үйге жаттауға берілген жаңа сөздерді еске түсіру.
Шеңберге тұрыңыздар.
Шеңбердегі бірінші оқушы сөзді айтып, қасыңыздағы оқушының алақанына шапалақ ұрыңыз.
Шеңбердегі келесі оқушылар осы тәртіппен жаңа сөздерді айтып, түсініктемесін беріп, ойынды жалғастырыңыздар.
3-слайд. Жаңа сөздер Алаш – қазақ халқы
Алашорда – Қазақстан
Үкімет – президент және министрлер
Тәуелсіз, дербес – бостандық
Қозғалысы – халықтың қарсылығы
Зиялы – білімі бар адам
Отаршыл – елін сүйетін
Ұлтжанды, ұлтын сүйетін – патриот
Партия – ұйым
Өркениет – мәдениет
Дескрипторлар: Сөздің түсініктемесін бере алмаған оқушы ойыннан шығады.
1-тапсырма. «Карусель» әдісі. Мақсаты: Алаштың ақтаңгері – Әлихан туралы мәтіндегі тақырып пен көтерілетін мәселені болжау. Берілген тақырып бойынша полилогте сөйлеу.
Берілген суреттерге қарап, олардың мазмұны не туралы болуы мүмкін екенін жұбыңызға айтыңыз.
Естіген болжам бойынша өз ойыңызбен бөлісіңіз.
Жұбыңызды ауыстырып, талқылауды жалғастырыңыз.
Дескриптор: Өз болжамына дәлел келтіреді.
Сөйлеуде айтқан сөздерін қайталамайды