Сабақ тақырыбы. Әлеуметтік басқару теориясының қалыптасуы, қағидалары мен міндеттері


«Кеңес – комитеттер жүйесі» үлгісі



Pdf көрінісі
бет13/55
Дата14.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#126512
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
downloadPdfUmkd (2)

«Кеңес – комитеттер жүйесі» үлгісі

. Кеңестің әр түрлі бағыттағы әрекеті ең алдымен, 

өкілдік етілген құзыреттердің маңызды бөлігіне ие кеңес комитеттерімен жүзеге асырылады. 

Атқарушы  биліктің  жалғыз  күшті  саяси  басшысы  болмайды.  Бас  басқарушы  ақы  төленетін 

шенеунік  аппаратының  басшысы,  тек  «теңдердің  арасындағы  бірінші»,  менеджер  болып 

табылады және толықтай кеңеске тәуелді. Әдетте бұл нұсқада кеңестің күшті саяси комитеті, 

қаржы комитеті және жоғарғы шенеуніктерден тұратын әкімшілік басқару тобы болады. 

«Басқарушы  (атқарушы)  комитет  үлгісі.  Кеңес  атқарушы  биліктің  ұжымдық  басшысы 

ретінде  қызмет  ететін  кішігірім  басқарушы  (атқарушы)  комитетін  тағайындайды.  Комитет 




мүшелері белгілі бір департаменттер мен қызметтер үшін атқарушылық жауапкершілікке ие 

болуы мүмкін. Егер қандай да бір комитеттер болса, онда олар атқарушы болып табылмайды. 

Олар басқарушы комитетке және жалпы кеңеске тек кеңес беру қызметін атқарады. Басқарушы 

комитет әкімшілік басшысының тұрақты қолдауымен әрекет етеді. Және де аталмыш нұсқада 

әкімшілік  басшысы  шенеуніктерге  үлкен  құзыреттердің  өкілдік  етілуімен  қатар  күшті  билік 

құзыретіне ие. 

Сонымен қатар бұл үлгіге «кеңес – комитеттер жүйесі» үлгісінде де бар кемшіліктер тән 

болады. Өйткені саяси қабілеттер мен департаментті, нақты қызметті басқару қабілеті әрдайым 

бір адамға тән емес. Осыдан көп жағдайда менеджерлік қателіктер орын алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет