А: - А: дискісіне көшу
В: - В: дискісіне көшу
С: - С: дискісіне көшу
Команданы енгізгеннен кейін ENTER пернесін басу керек.
Ағымдағы каталогты өзгерту. Каталогты өзгерту үшін Cd (Change Directory) командасы қолданылады. Команда форматы: Cd (дисковод:)жол
Каталогты қарау. Каталог мазмұнын көру үшін Dir командасы қолданылады. Параметрлері: /P – Мазмұнды толық экранда көру. /W –кең форматта мәліметтерді шығару: файлдар мен каталогтар атын көрсетеді(каталог атаулары квадрат жақшаның ішіне жазылады). /О – сұрыпталған түрде экранға шығару: ең алдымен каталог атаулары алфавиттік ретпен шығады, содан кейін файл атаулары алфавиттік ретпен шығады.
Каталог құру. Жаңа каталог құру үшін Md (Make Directory) командасы қолданылады. Команда форматы: Md (дисковод:)жол
Каталогты жою. Каталогты жою үшін Rd (Remove Directory) командасы қолданылады. Команда форматы: Rd (дисковод:) жол
Бос емес каталогты жою. Ол үшін DelTree командасы қолданылады. Команд форматы: Deltree файл-аты -немесе-каталог. Мысалы: Deltree temp – ағымдағы каталогтағы temp каталогын немесе файлын жою; Deltree \y temp – жою кезінде растауды талап етпейді
Каталог атын өзгерту. Move командасы қолданылады. Команда форматы: Move каталог-аты жаңа-каталог-аты
Уақыт және күнді орнату. Күнді орнату үшін, Date командасы қолданылады. Уақытты орнату үшін время, Time командасы қолданылады.
DOS-та файлдармен жұмыс Файлдарды көшіру. COPY командасы арқылы жүзеге асады. Мұнда бар файлды өзге атпен көшіру немесе файлды есімін өзгертпей басқа каталогқа көшіру мүмкіндігі бар. COPY [бастапқы мекен-жай мен файл аты] [жаңа мекен-жай мен файл аты]. Егер файлдың жаңа аты немесе жаңа адресі көрсетілмесе, онда олардың орнына ағымдағы (бастапқы) аттар мен адрес қолданылады. Файлдың бастапқы адресі ретінде ағымдағы дискінің ағымдағы каталогы үнсіз қабылданады.