Сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал Павлодар (075. 8) Ббк 74. 6 я 73 А28



бет4/4
Дата20.11.2019
өлшемі447 Kb.
#52100
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
27 ajigalieva u.a. balajanova kh.m. muzikalikh pedagogikadagi halikhtikh salt-dasturler (1)


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1 Музыкалық сабақтардың мектепте оқытылатын өзге сабақтардан өзгешелігі мен ерекшелігі неде?

2 Музыка сабақтарына қойылатын талаптарға сипаттама беріңіздер.

3 Музыка сабақтарының типологиясы, құрылымы туралы түрлі көзқарастарды қалай түсінесіздер?

4 Музыкалық білім беру педагогикасынадағы музыка сабақтарына қатысты жаңа педагогикалық категориялар жөнінде сіздің пікіріңіз қандай?

5 Музыкалық поэма, ода, аңыз, фреска, вернисаж формасындағы музыка сабақтарының тақырыптық желісіне мысал келтіріңіздер.

6 Музыка пәні мұғалімінің сабақты жоспарлауына, даярлығына қандай педагогикалық шарттар ықпал етеді?

7 Музыкалық білім жетістіктерін тексеру және нәтижелеріне баға берудің білімділік және тәрбиелік маңызы қандай?

8 Музыка сабақтарына қатысып, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың қандай формалары мен әдістері қолданылатын және олардың тиімділігін анықтаңыздар?

Әдебиеттер [32; 33; 34]
9 Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы
Жоспары:

1) Сабақтан, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының ерекшеліктері;

2) Сабақтан, сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысының түрлері;

3) Музыкалық көпшілік іс-шаруаларын дайындау, өткізу әдістемесі;

4) Мектеп дискотекасы жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.
Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы оқушыларды қоғамдық мәні бар музыкалық іс-әрекеттерге белсенділікпен қатыстыру, бастамашылдық пен өз беттілікке ынталандыру, жеке тұлғалық музыкалық қызығушылығын арттыру негізінде музыкалық бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы, мектептегі оқу-тәрбие іс-әрекетінің табиғи жалғасы әрі маңызды элементтерінің бірі ретінде, музыка сабақтарында алған білім, іскерлік, дағдыларын әрі қарай тереңдетіп жалғастырушы болып табылады. Бұндай тәрбие жұмысы оқушыларға білім мен тәрбие берудің жалпы принциптеріне бағынады. Оған бірнеше ерекшеліктер тән.

Біріншіден, сыныптан, мектептен тыс түрлі музыкалық әрекет баланың музыка сабағына ашыла бермейтін жеке-дара музыкалық қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, балалардың ұжым болып әрекет етуге деген талпыныстарын қанағаттандырып, ұжымдық-орындаушылыққа, ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға үйретеді.

Үшіншіден, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатаң шектеу болмайды. Бұл баланың өз ынта-жігеріне қалауына, еркіне сәйкес ұйымдастырылатын әрекеті.

Төртіншіден, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың әлеуметтік-музыкалық тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оны музыка өнерінің таңдаулы үлгілерімен кеңірек таныстырып, қажетті музыкалық практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады.

Бесіншіден, балалардың сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстарымен шұғылдануы олардың өз беттілігін, бастамашылдығын белсендіреді, тұрақты қызығушылығы қалыптасып, өз бетінше шығармашылықты тапсырмаларды нәтижелі орындауын қамтамасыз ете алады.

Жүйелі түрде және мақсатты бағыттылықпен жүргізілетін сабақтан, сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысы, сондай-ақ балалардың музыкалық-шығармашылықтарын дамыту осы жұмыстың жоғарыда аталған ерекшеліктерін, оқушылар құрамының жас және жеке-дара ерекшеліктерін, материалдық базаны, педагог мамандардың кәсіптік деңгейін, жергілікті жердегі мәдени инфроқұрылымдардың және т.б. мүмкіндіктерін есепке алу негізінде түрлі ұйымдастыру формалары арқылы жүзеге асырылғанда ғана нәтижелі жетістіктерге қол жеткізеді.

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстарын негізгі үш топқа бөліп топтастыруға болады:


  • оқушылармен жеке жұмыс;

  • түрлі үйірмелердегі, клубтар мен қоғамдардағы, шығармашылық бірлестіктердегі топпен жұмыс;

  • балалардың үлкен ұжымдарға қатыстыратын көпшілік іс-шаралары.

Оқушылармен жеке жұмыс жеке дауыста ән салу немесе музыкалық аспаптарда: домбыра, қобыз, сырнай, фортепиано, скрипка, гитара және т.б. ойнап үйрену және т.б. әуесқойлық қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында музыкант-педагогтердің, музыка мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылады. Осындай жеке жұмыс балалардың болашақта топтық жұмысқа таратылуының алғашқы сатысы болып табылады.

Топтық музыкалық тәрбие жұмысының түрлері көп: хор үйірмесі, музыкалық аспаптық ансамбльдер, оркестрлер, балалардың музыка театры, балалардың музыкалық филармониясы және т.б. Оларды музыкалық іс-әрекеттің, балалардың жас мөлшерінің, музыканың жанрлық ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады. Мәселен, хор үйірмесін балалардың жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай балдырғандар хоры (1-4 сыныптар), жеткіншектер хоры (5-8 сыныптар); аралас хор, ер балалар хоры деп бөлуге болады. Осы ретте жалпы мектеп хорын ұйымдастырудың да маңызы зор.

Музыкалық аспаптар үйірмесінде жүзеге асырылатын топпен музыкалық тәрбие берудің түрлеріне түрлі ансамбльдер, мектеп оркестрлері мысал бола алады.

Ансамбльдер – балалар ансамблі, халық аспаптар ансамблі, фольклорлық ансамбльдер, вокаллды-аспаптық ансамбльдер, музыкалық аспаптардың түріне қарай сырнайшылар, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар және т.б. болып бөлінеді.

Музыкалық көпшілік іс-шаралар түрлеріне: музыкалық-тақырыптық ертеңгіліктер, кештер, кездесулер, музыкалық мейрамдар, апталықтар, конкурстар, байқаулар, концерттер, дискотекалар және т.б. жатады.

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы музыка пәні мұғалімінің жетекшілігімен ұйымдастырылады. Оны жоспарлап ұйымдастыруда мұғалім балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктерін, музыкалық қабілет, нышандарының даму деңгейлерін есепке алып, жергілікті жердегі балалардың шығармашылық орталықтарымен, филармониямен, театрлармен, музыкалық қоғамдармен және басқа да музыкалық тәрбие беретін қоғамдық инфроқұрылымдармен, ата-аналармен біріккен жұмыстарды ұйымдастырады. Сонымен бірге музыка пәні мұғалімі оқушылардың сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысының нәтижелерін қорытындылап отырғаны дұрыс. Ол үшін балалардың музыкалық іс-әрекеттері түсірілген бейнежазбаларды, үздіксіз басылым беттеріндегі материалдарды, мақтау қағаздары мен дипломдарының көшірмесін жинастырып, фотоальбом, қабырға газетін, көрме ұйымдастыруына болады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1 Сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмысының басты ерекшелігі неде?

2 Сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмысының түрлеріне сипаттама беріңіздер.

3 Музыкалық көпшілік іс-шараны дайындау, өткізу сценарийін жасаңыздар.

4 Мектеп дискотекасының жұмысының мәнін ашыңыздар?

5 Мектептегі хор үйірмесін ұйымдастыру ерекшеліктері.



Әдебиеттер
1 Абдуллин Э.Б. Теория и практика музыкального обучения в общеобразовательной школе: пособие для учителя. – М., 1983. – Б 260

2 Абдуллин Э.Б. Николаева Е.В. Теория музыкального образования: Учебник для студ. высш. пед. учеб. Заведений. – М., 2004. – Б. 150

3 Лихачев Б.Т. Педагогика. – М., 1993. – Б 47

4 Подласый И.П. Педагогика. – М., 1996. – Б 144

5 Пидкасистый П.И. Педагогика. – М., 1996. – Б 324

6 Сластенин В.А., Исаев И.Ф. и др. Педагогика. – М., 1997. – Б 223

7 Харламов И.Ф. Педагогика. – М., 1990. Б 132

8 Воронов В.В. Педагогика школы в двух словах. – М., 1999. – Б70

9 Апраксина О.А. Музыкальное воспитание в русской общеобразовательной школе. – М., 1948. – Б 105

10 Зарин Д.Н. Методика школьного хорового пения в связм с практическим курсом. – М., 1907. Б. 250

11 Щацкая В.Н. Музыкальное воспитание детей в юношества. – М.,1975. – Б. 65

12 Кабалевский Д.А. Прекрасное пробуждает доброе. – М., 1973. – Б. 120

13 Из истории музыкального воспитания: Хрестоматия // Сост. О.А. Апраксина. – М., 1990. – Б. 44

14 Абдуллин Э.Б. Методический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования. – М., 1999. – Б. 201

15 Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Музыкально-педагогическое образование в России на рубеже XX и XXI столетий. – М., 2002. – Б. 100

16 Философия, социология, психология искусства и музыкальная педагогика: Хрестоматия // Сост. Э.Б. Абдуллин, Б.М. Целковников. – Вып.1- с. 1.ч – М., 1991. – Б. 340

17 Сохор А.Н. Вопросы социологии и эстетики музыки. – Кн. 2. Л., 1981. – Б. 220

18 Щацкая В.Н. Становление теории и практики музыкально-эстетического воспитания в нашей стране // Музыкальное воспитание детей и юношества. – М., 1975. - Б. 115

19 Апраскина О.А. Детское музыкальное воспитание в России // Из истории музыкального воспитания: Хрестоматия // Сост. О.А. Апраскина. – М., 1990. – Б. 72

20 Ұзақбаева С. Өміршең өнер өрісі. Алматы, 1982. – Б. 251

21 Балтабаев М.Х. Казахская традиционная художественная культура в системе образования. – Алматы, 1994. Б. - 156

22 Ғизатов Б. Мектептегі ән-музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, мызыка тыңдау. Методикалық көмекші құрал. – Алматы, 1962. – Б. 160

23 Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің ән-күй сабағына арналған «Мұрагер» бағдарламасы 1- 4 класстар. – Алматы, 1994.

Жұбанов А.Қ. Музыка әліппесі. – Қызылорда, 1933. – Б. 85

24 Музыка // Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (I - IV сыныптар). (бірлестікте: Құлманова Ш.Б., Оразалиева М., Сүлейменова Б.). – Алматы, 1999. – Б. 98

25 Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М., 1990. – Б. 285

26 Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М., 1995. – Б. 155

27 Торопова Н.В. Проблема безсознательного в музыкальной педагогике. К началам музыкально-психологической антропологии. – М., 1997. – Б. 210

28 Суслова Н.В. Музыкальное мышление младших школьников и методика его развития: Автореферат канд. дис. –М., 1997. – Б. 204

29 Цыпин Г.М. Психология музыкальной деятельности: проблемы, суждения, мнения. – М., 1994. – Б. 118

30 Гесен С.И. Основы педагогики. Введение в прикладную философию. – М., 1995. – Б. 79

31 Теплов Б.М. Основные музыкальные способности – М., 1994. – Б. 93

32 Каган М.С. Музыка в мире искусств. – М. 1986. – Б. 106

33 Кабалевский Д.Б. Основные принципы и методы программы по музыке для общеобразовательной школы // Кабалевский Д.Б. Педагогические: Избранные статьи и доклады. – М., 1986. – Б. 238

34 Алиев Ю.Б. Методика музыкального воспитания детей (от детского сада к начальной школе). – Воронеж, 1998. – Б. 107

Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................3

1 Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері...................5

2 Музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы........10

3 Қазақстандағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы

мен қалыптасуы...........................................................................................17

4 Музыкалық білім беру педагогикаснының өзге

ғылымдармен байланысы...........................................................................26

5 Эстетикалық тәрбие және қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті..........30

6 Музыкалық педагогикадағы халықтық салт-дәстүрлер мұрасы............33

7 Музыканы оқыту әдістері..........................................................................44

8 Музыканы оқытуды ұйымдастыру............................................................48

9 Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы..........................53



Әдебиеттер...................................................................................................57




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет