Структуралық-логикалық схема: v 2h v2 g = ––– ; g = –––; g = –– .
t t 2 2h
Дененің тығыздығына массасына, көлеміне ,пішініне тәуелді болмайды
Ауырлық күшіне ғана әрекет етеді
V. Есеп шығару 202-204 (Р) тақтаға шығару
І деңгей 1. Кішкентай шар 80 см биіктіктен тасталған, жерге 4 с -та жеткен болса , еркін
түсу үдеуі қандай болғаны ?
2. Еркін құлаған дене 3с-та жерге түссе, дене қандай биіктіктен түскені?
3. Дене 19,6 м биіктіктен еркін құлап келеді . Еркін түсу уақытын және жерге
түсу мезетіндегі жылдамдығын табу керек .
ІІ деңгей 1. Зенит зеңбірегінің снаряды 800м/с жылдамдықпен тік жоғары атылып ,
6 с-тан кейін нысанаға тиді . Қарсыластың ұшағы қандай биіктікте еді және
нысанаға тиген кездегі снарядтың жылдамдығы қандай?
2. Тасты биіктігі 20 м көпірден тік тастағанда су бетіне 1с-та жету үшін , оның
бастапқы жылдамдығы қандай болуы керек ? Бастапқы жылдамдығы болмаса ,
тастың осы биіктіктен түсуі қанша уақытқа созылар еді ?
ІІІ деңгей 1. Допты тік жоғары лақтырғанда ұл бала қыз балаға қарағанда допты 1,5 есе
артық жылдамдық береді . Ұл бала лақтырған доп неше есе артық биіктікке
көтеріледі ?
2. Вертикаль жоғары лақтырылған тас 4 с ішінде 50 м биіктіке жетеді.
Еркін түсу үдеуі 10 м /с2 деп есептеп тастың жылдамдығын табыңыз .
Ой толғаныс
Венн диаграммасы
Пайдалану арқылы жаңа сабақты меңгереді жинақтайды