Егеуқұйрықтардың дене қызуына жіті қозғалтпаулық стрестің әсері.
|
Егеуқұйрықтарда стрестің үлгісін әртүрлі ықпалдар арқылы алуға болады: қозғалтпау, гипоксия, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы, ауырулық тітіркендіру, ашығу, оташылдық әсер, физикалық күштеме ж.б. Қозғалтпаулық стресс егеуқұйрықтарда оларды қатты байлап тастау арқылы туындатылады. Осы мақсатпен егеқұйрықты корнцагпен ұстап алып, эфир наркозы арқылы ұйықтатады, сонан соң оны аяқтарынан 30 минөт бойы тақтайшаға мықтап байлап тастайды. Байлағаннан соң дереу, 15 және 30 минөттен соң егеуқұйрықтың тік ішегіндегі қызуды өлшейді. Алынған нәтижелерді салыстырады және стресстің егеуқұйрықтың дене қызуына әсері тұралы қорытынды жасалады. Алынған нәтижелерді түсіндіреді.
№ 4 тапсырма Калликреин -кинин жүйесі және комплемент жүйес әсерленуінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.
№ 5 тапсырма. Жалпы адаптациялық синдромның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру
№ 6 тапсырма. Есепті шешу
28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..
1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?
2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?
3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?
4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-89, 115-130.
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С.60-79.
Патофизиология в таблицах и схемах под/ред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 - 234.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.442-447, 564-568.
Патологическая физиология под/ред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 81 -96
Қосымша
Патофизиология под/ред. П.Ф.Литвицкого. М.: «ГОЭТАР-мед». Т.1 , 2003, с.689 - 721.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.90 – 101, 444 – 446, 465 - 467
Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.
Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.
Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.
Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.
Останин А.А., Черных Е.Р. Эффективность цитокинотерапии Ронколейкином в комплексном лечении хирургических инфекций. СПб: издательство СПб университета, 2002, 28 с.
http://www.rekicen.ru/php/content.php?group=1&id=400. 2000 г. Отчет о применении «Рекицена – РД» у пациентов с часто рецидивирующими воспалительными процессами различной локализации.
БАҚЫЛАУ
(тест тапсырмаларын орындау)
|