Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет37/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
1 тапсырма. Бақаның тілінде қабыну кезіндегі әлтерация және қан тамырларының
әсерленістерін зерттеу.
Әдісі: Бақаны, жұлынын зақымдап, қимылсыздындырады.Тілінің препаратын дайындайды. Қабынуды тілінің астына азотқышқылды күмістің ұнтағын салып туындатады. Тілдің бүлінген және бүлінбеген жерлерін жәй көзбен қарап, салыстырады. Сонан соң тілдің үстіне метилен көгінің бірнеше тамшысын тамызып, тазаланған сумен тез шайып тастайды. Бүлінген жасушалар және қан тамырларының бояуды сіңіру қабілетін бүлінбеген жермен салыстырады. Тіршілігін жоғалтқан ошақта және оның шеткері жағында қан тамырларының өзгерістерін зерттейді.

2 тапсырма. Бақа шажырқайында қан айналымның өзгерістері мен лейкоциттердің


эмиграциясын зерттеу (Конгейм тәжірибесі)
Әдісі: Бақа шажырқайын тақтайша тесігінің үстіне керіп бекітеді. Микроскоптың кішкене үлкейтуімен ұсақ тамырларындағы қанайналымын бақылайды. Қан тамырларының саңылауларнының өзгерістеріне, қылтамырлар санына, қан ағысының жылдамдығына назар аудару кажет. Лейкоциттердің қан тамырларының жиектеріне кемерленіп тұруын байкайды. Ары қарай микроскоптың үлкейтуін кішкенеден үлкенге алма-кезек ауыстырып отырып, қан ағысы жылдамдығының өзгерістерін байкай келе, лейкоциттердің тамырдың сыртына шығуын көруге болады. Дәптерге лейкоциттердің эмиграциясының сатыларын жазып, сүретін салады.

3 тапсырма. Іріңді экссудаттың морфологиялық көрінісін зерттеу.


Әдісі: Іріңді жалқықтың жағындысын Романовский – Гимзе әдісімен бояйды да, оның морфологиялық көрінісін зерттейді. «Іріңді денешіктер» (тіршілігін жоғалтқан лейкоциттер) тіндердің ыдырау бөлшектері, бактериялар бар болса, оларға назар аударады.

4 тапсырма. Микроскоппен тауық эритроциттерін теңіз тышқандарының


моноциттерімен фагоциттелуін зерттеу.
Әдісі: Теңіз тышқанының құрсақ қуысына, асептикалык қабыну туындататын, зарарсыз дандырылған ет-пептондык сорпа ерітіндісін енгізеді. Құрсақ қуысы экссудатында көптеген макрофагтар жиналып қалады. Бір тәулектен кейін, қабыну дамыған соң, теңіз тышқаның іш қуысына тауық эритроциттерін енгізеді. Артынан іш қуысынан 1 мл-дей эксудатты шприцпен сорып алады да, одан әйнекке жағынды жасап, Романовский-Гимзе әдісмен бояйды. Бұл жағындыны микроскоптын кішкене және үлкен үлкейтулері арқылы зертейді. Тауық эритроциттері теңіз тышқандарының моноциттермен фагоциттелінеді.

5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу


1есеп. Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.
3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.
Сұрақтар:
1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?
2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?
3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?
4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?

2 есеп.Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,30С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.


1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз
2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз
3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?

7 тапсырма. Сөзжұмбақты шешу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет