20. Ыстықты төмендететін дәрілерді тағайындаудың нағыз көрсетілімі болып табылады (4) шамалы қызба
асқын қызба
мый жарақаттары
эпилепсия
өмір тарихында селкілдегі бар 5 жасқа дейінгі балалар
№ 16.тақырып АЛЛЕРГИЯ
Сабақ мақсаты:
Аллергиялық әсерленістердің этиологиясы, патогенезі бойынша білімін қалыптастыру
Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану
Тақырып сұрақтары бойынша дискуссия жүргізу бойынша дағдылар қалыптастыру
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеу дағдасын жетілдіру
Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану
Оқытудың міндеттері:
Аллергиялық серпілістердің себептерін, даму тетіктерін, көріністерін және алдын алудың негізгі ұстанымдарын оқып-білу.
Теориялық материалды талдау барысында медициналық терминдерді қолдануды үйрету
Теориялық білімді ситуациялық есептер шығару барысында қолдануды үйрету
теңіз тышқанында анафилаксиялық сілейменің үлгісінде негізгі көріністерінің патогенезін түсіндіре алуды
Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы ( себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.
Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.
Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.
Сезімталдықты жоғарылату, түрлері, патогенезі.
Аллергиялық серпілістердің 1, 11, 111,1Ү түрі патогенезінің ерекшеліктері;
а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;
б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.
6. Аллергиялық әсерленістердің алдын алу және емдеудің патогенездік ұстанымдары. Сезімталдықты төмендетудің арнайы және бейнақты түрлері және тетіктері.
Оқыту әдістері: Пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу- тәжірибелер жасау немесе «Теңіз тышқанында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу» бейнефильмін көру, есептерді шешу, нәтижелерді талқылау.
Бақылау әдістері: Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру.