Бақылау өзіндік жұмысы жоспарлы оқыту үрдісінің ең қажетті шарты жəне оқыту мақсатының негізгі формасы болып табылады. Өйткені оқыту жəне тəрбиелеу үрдістері үнемі қоғамның бақылауында болады. Адам қоғамда өмір сүретіндіктен, өзінің бар тіршілігінде қоғамдағы басқа адамдардың бақылау объектісіне айналады. Бақылау арқылы біз іс-əрекетімізді жоспарлаймыз, ұйымдастырамыз, түзетулер енгізіп ретке келтіреміз, алынған нəтижені талдап, болашақты болжаймыз, басқамен салыстыра отырып дамытамыз, нəтижесін тексеріп бағалаймыз, өзімізді де, өзгені де тани аламыз, салыстыра отырып сынаймыз.
Өзіндік жұмыстың негізгі формаларына кітаппен, оқу құралдарымен арнайы жұмыс, жаттығулар орындау, практикалық жəне зертханалық жұмыстарды орындау, семинарға қатысу, өзін тексеру, бақылау, диктант жұмыстары, баяндама, реферат дайындау, тəжірибе, сынақ т.б. жатады. Соған орай өзіндік жұмыстың түрлері үнемдемелі, реконструктивті, эвристикалық, шығармашылық т.б. деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |