Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері
Сабақтың мақсаты:балаларды үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілімен таныстыру; есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру. Сабақтың барысы. Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.
Ауызша есептеуге №1 тапсырманы қосыңыз. Кестедегі және кестеден тыс көбейту мен бөлуді қайталау үшін «ИӘ-ЖОҚ» деп аталатын математикалық диктант алуға болады. Оқушылар берілгендермен келісетінін не келіспейтінін білдіру үшін « + » немесе «-» таңбаларын қойып отырады:
6300 бен 7-нің бөліндісі 900-ге тең.
77-нің жетіден бір бөлігі 111-ге тең.
16 санын 7 есе арттырғанда, 112 саны шығады.
490-ды 7 есе кеміткенде, 63 саны шықты.
56 мен 7-нің қосындысын 9 есе кемітсе, 5 саны шықты.
630-ды 270 пен 3-тің бөліндісіне бөлгенде, 7 саны шығады.
Бір жәшікте 8 кг алма бар. Сонда 7 жәшікте 56 кг алма болады.
3 қорапта 21 қарындаш бар. Сонда 6 қорапта 42 қарындаш бар.
Тексеруге арналған баспа дәптерін пайдаланыңыз. Таңтаға мысалдар жазамыз: 3 215 • 14 3 215 • 145903 • 12 903 • 125 - Бұл өрнектерді қандай екі топқа бөлуге болады? Сабақтың тақырыбын белгілеңіз. Бүгінгі сабақта сендер үш таңбалы санға көбейтуді үйренесіңдер. Жаңа материалмен танысу.
Сабақтың тақырыбын оқулық бойынша түсіндіруге болады. Оқушылар екі таңбалы және үш таңбалы сандарға көбейту амалдарын салыстырып, оқулықтағы сұрақтарға жауап береді (№2 а, ө). а) 1364 санын екі таңбалы және үш таңбалы сандарға көбейту тәсілдерін салыстыр. Өрнектердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы қандай? Толымсыз көбейтіндінің саны неге байланысты? Үш таңбалы санға көбейткен кезде үшінші толымсыз көбейтіндіні қалай жазады және неліктен? ә) Көбейтудің қалай орындалатынын түсіндір. Алғашқы бекіту.
Балалар оқулықтағы №2 (ә) тапсырманың мәтініне сүйене отырып, өз пікірлерін білдіреді. Мысалдарды дауыстап түсіндіре отырып, тақтаға және дәптерге орындайды (№2 б) 1235 • 231 = 285 285 2541•235=597135
4 078 • 133 = 542 374 5261 • 175 = 920 675 2311 • 253 = 584 683 4703•221=1039367
Өткен материалмен жұмыс.
№4, 5 есептерді оқушылар шартын талдап болғаннан кейін, өз бетінше орындайды және бір-бірін тексереді. №6. Дәптерге оқулықта берілген өлшемге сәйкес, қораптың екі бетін (беткі және жанындағы) екі тіктөртбұрыш түрінде сызуды тапсырыңыз. Олардың өлшемдерін жазып шығады. Содан соң тіктөртбұрыштардың периметрін табу керек. Қорапты таспамен екі рет айналдырып байлап, бантик жасау үшін 50 см артық таспа қалдыратынын естен шығармаңыз.
P1= (25 + 15) • 2 = 80 (см)
Р2=(20+ 15)• 2= 70 (см)
80 + 70 + 50 = 200 (см) = 2 (м) - бір сыйлық үшін қажет таспа.
2 • 5 = 10 (м) - 5 сыйлық үшін қажет таспа.
№8 - топпен бірге орындалатын тәжірибелік жұмысты балалар тақтаға шығып қорғайды.
а) ә)
Үй тапсырмасы. №4 (ә). Шығармашылық деңгейге арналған жұмыс: №7 тапсырма немесе №6 сияқты таспамен байлауға арналған бір есеп құрастыру.