Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты:көбейтудің үлестірімділік қасиеті туралы оқушылардың білімін кеңейту; есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру; кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту; өзін-өзі бағалай білуге үйрету.
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі. Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру. 1. Бір-бірінің үй тапсырмасын тексеру.
2. Ауызша жаттығуларға «Компьютер» және «Үндемес» атты дидактикалық ойындарды қосамыз.
18 • 10 : 2 • 60 • 10 : 2 : 100 • 3 • 2 (162)
900 : 2 - 50 • 8 : 2 - 800 : 100 • 11 - 7 : 9 (9)
720 : 8 • 9 - 400 • 2 : 4 • 3 + 75 : 3 (230)
Өзіндік жұмыс: 1-нұсқа - 1-бағанды, 2-нұсңа - 2-бағанды орындайды
Тексеру барысында оқушылар есептеудің қай тәсілінің ыңғайлы екенін түсіндіреді.
Оқу материалымен танысу. №1(ә) суретке қосымша берілген сурет көбейтудің үлестірімділік қасиетінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
- Тіктөртбүрыштың ауданын қалай табуға болатынын айтып беріңдер. (Алдымен ұзындығын тауып, содан соң оны еніне көбейтеміз. Немесе әр тіктөртбұрыштың ауданын тауып, алынған нәтижелерді қосамыз).
- Көбейтудің үлестірімділік қасиетін анықтаңдар. (Қосындыны санға көбейткен кезде әрбір қосылатын санды көбейту жеткілікті, содан соң нәтижелерді қосамыз).
Бастапқы бекіту. №5 тапсырма таңтада және дөптерге жан-жакты түсіндіре отырып орындалады.
250 • 6 = 1 500 542 • 4 = 2 168 (125 + 875) • 24 = 24 000
3 600 • 2 = 7 200 815 • 2 = 1 630 (356 + 444) • 8 = 6 400
Өткен материалмен жұмыс. №10 тапсырманы орындаған кезде бөлінгішті табу тәсілін анықтайды: бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтіп, оған қалдықты қосамыз.
Өрнекті (№13) сыныппен бірге құрастырады, содан соң оның мәнін балалар өз бетінше табады.
14 728 : 28 : 2 + 78 336 : 306 + 1 005 : 5 • 9 = 2 328
№12(а) есепті сыныптағы балалар бірге орындайды.
16 326 : 6 = 2 721 (авт.) - қызыл.
16 326 - 2721 = 13 605 (авт.) - жасыл және ақ.
13605 - 2725 = 10 880 (авт.) - ақ.
Оқушылар №12(ә) есепті өз бетінше орындайды.
236 • 425 = 100 300 (белшек) - барлың жұмысшы жасап шықты.
100 300 : 25 = 4 012 (бөлшек) - сатуға жіберілді.
100 300 - 4 012 = 96 288 (бөлшек) - қалғаны.
96 288 : 2 = 48 144 (бөлшек) - машина жасайтын зауыт сатып алды.
Үй жұмысы: №8. Шығармашылық деңгейге арналған жұмыс: «Үш таңбалы санға көбейту мен бөлу» тақырыбы бойынша 6 мысал дайындау.