Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Сабақтың мақсаты



бет23/32
Дата07.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#96269
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
Биология 7 а
Дидактикалык материал Косымша 2
- Қыста ұйқыға кететін жануарларға қандай жануар жатады?
Құрғақ шөппен апаның жабатынын, басын шығысқа қарай беріп, ұйықтайтынын, бұл уақытта қоректенбейтінін, жинаған майы арқылы өмір сүретінін біледі.
- Қыс мезгіліне қарамастан жануарлар өз тіршілктерін жасайды. Азық жинап дайындайды. Аю ұйықыға кетеді. Кейбір жануарлар азық жинамайды, азықтарын күнді жүріп табады.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп –теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
10.Оқулықпен жұмыс: Ақ тиін Қ.Жұмағалиев өлеңді оқып беру.
«Қоян» Ж.Карбозин өлеңді жаттату.
Дидактикалық ойын:”Қай жануар қайда мекендейді?”Аңдар айтысы.
Дала жануарларын айтқанда секіреміз, үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.
11.Қорытындылау:
-Бүгін нелерді бақыладық?
-Қайда шықтық?
-Нелерді көрдік?
-Аңдар өз қорегін қалай табады?
-Саған ұнағаны?
Бағалап, мадақтау.

Биология үйірме 7 сынып 01.02.2017 жыл


Сабақтың тақырыбы Балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті
Сабақтың мақсаты: 
a) Балықтардың сыртқы және ішкі ортасымен, олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктері, сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарап, шеміршекті және сүйекті балықтарды бірінен-бірін топтық жүйесіне сүйене отырып балықтарды ажырата білу білімдерін тексеру;
ә) Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін ой – өрісін дамыту.
б) Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
д) оқушылардың алған білімдерін жинақтау және қолдана білуі
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: хабарлау,сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, көрнекілік, әңгімелеу т.б.
Сабақтың көрнекілігі: презентациясы, микроскоп, микропрепарат, сазан балығы, сазанның сыртқы және ішкі құрылысы. 
Сабақтың барысы: 
Омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көп тараған түрі – балықтар. Балықтар әлемі өте бай да сан алуан.Олар мұхит,теңіз, бұлақ, су қоймалары, тіпті үңгірлерде, артезиан құдықтары мен ыстық қайнар суларында да тіршілік етеді. Балықтар түрінің шамамен төрттен үші теңіз суларын мекендейді.
Балықтар тек қана жүзе біліп, жүре алмайды екен деуге болмайды. Мәселен,жыланбалық сусыз бірнеше тәулікке шыдап, кейде жағаға жорғалап шығады және егіндіктен сұлы мен бұршақты да теріп жейді. Олардың құрғақшылық арқылы бір судан екінші суға көшетін кездері де жиі ұшырайды. Ал,Африка суларында мекендейтін протоптера балығы құрғақ салындағы оралып 3-4 жылға дейін жаиып қалады. 
Балықтар суда тіршілік еткенімен,олардың іс-әрекеттері әр түрлі. Табиғатта балықтардың небір таңғажайып пішіндерін кездестіруге болады. Бірі шар тәрізді домалақ болса, енді бірі оқтауға ұқсас жұмыр, тағы бірі белбеу тәріздес жіңішке де ұзын, кейбірі жапыраққа ұқсаса, тағы бірі жалбыр-жалбыр жыртық-жамаулы шүберек сияқты, тіпті жайма нан тәріздес қабыса біткен, сыртқы пішіні,бояуы бір-біріне ұқсамайтын балықтар бар.
1-тапсырма Балықтардың сыртқы пішінінің алуан түрлілігі (2-слайд) 3-слайдтағы кестені толтырыңыздар. (тапсырманын жауабы 4- слайдта бағалаудын өзін-өзі тексеру түрінде өткеріледі)
2-тапсырма. (5слайд) Слайдтағы сурет бойынша оқушылар балық қанқасы бойынша білімдерін түйіндейді және 6-слайд бойынша өз жұмыстарын тексереді
3-тапсырма. (7-8 слайдтар) Балықтардың ас қорыту жүйесі бойынша оқушылар топпен кластер құрастырып және оны жақтайды.
4-тапсырма. (9-слайд) Балықтардың қан айналым жүйесі бойынша оқушылар топпен кластер құрастырып және оны жақтайды.
5-тапсырма. (10слайд) Балықтардың тыныс алу жүйесі бойынша оқушылар жеке өздеріне (11-слайд)та берілген парақтағы кестені толтырады және оны нәтижесін өздері келесі (12 слайд)бойынша тексереді немесе бір-бірінің жұмыс тексеруді сұраймын.
6-тапсырма. (13слайд) Балықтардың жүйеке жүйесі бойынша оқушылар топпен кластер құрастырып және оны жақтайды
7-тапсырма.(14-15 слайдтар) (Балықтардың жүйелік топтары бойынша оқушылар топпен кластер құрастырып және оны жақтайды.
Балықтар әлемі (оқушылардың дайындаған мәліметтері)
(16-17-18-слайдтар)
1-оқушы : Балалар сіздер электр балықтар туралы не білесіздер ? (16-слайд)Электрлі балықтардың тіршілік ететіндігі жайлы көне заманда да белгілі болған. Электрлі мүшелері бар балықтардың негізгі топтары:скаттар,жыланбалықтар және жайындар.Электр разряды бар бұл балықтар өздерінің бұл қабілетін қорғаныш ретінде,жемін жансыздандыру үшін, жемі орналасқан жерді бағдарлау үшін пайдаланады. Электрлі жыланбалық тарататын токтың кернеуі орта есепппен 350 вольттан көп болмайды. Тіпті ежелгі римдіктер электрлі скаттың электр разрядын жүйке ауруын емдеуге пайдаланған.
2-оқушы: (17-слайд) Аквариумға акула сыймайды.... мен сіздермен келісемін, бірақ Қара теңізде кездесетін шаншарлы акула болғаны 2 метр. Шеміршекті балықтардың силур дәуірінде тіршілік еткендігін білеміз.Акулалардың дене тұрқы да әр түрлі мөлшерде.Ұзындығы 15-40 см-ден аспайтын жасыл акуламен қатар 15 метрге дейін жететін алып акулалар болады.Акуланың алты қатар тістері бар.Ол тістер кезек-кезек,тозған сайын алмасып отырады. 10 жылда 24 000 өткір тісін ауыстырады екен. Акула бір тістегенде 5кг, кейде 7 кг, бұлшық етті бірден алқымға алады екен. Акуланың торсылдақтың болмауынан өз денесін қимылсыз бір деңгейде ұзақ ұстап тұра алмайды батып кетеді.Акулалар шабағының салмағы 45 кг, туа салысымен жетіліп кететіндіктен тамақты бірден өздігінен аулауға бейім болады.
3-оқушы: (18-слайд)Аквариумде пішіні шахмат атына ұқсайтын залалсыз кішкене балық тірі ағзадан гөрі ойыншыққа көбірек ұқсайды.Тіссіз кішкене аузын басының созындысы, ұзынша түтік тәріздес тұмсықша ұшынан көруге болады. Тұлғасын сүйекті жұқа сақиналар жапқан,құйрық қанаттары жоқ,құйрығы ілгекке ұқсайды. Осы құйрықтың көмегімен балдырларға жабысып алып, өзінің қорегін аңдиды. Қозғалғанда денесін тік ұстап жүзеді. Дене бітімі залалсыз балықтың жауынан қорғану кепілі іспеттес. Бұларды теңіз атбас балығы деп атайды. Теңіз атбас балығының негізгі мекені – Авсралия жағалаулары.Бізде Каспий,қара теңіз және Жапон теңіздерінде кездеседі
6-тапсырма Шеміршекті және сүйекті балықтардың салыстырмалы кестесі толтырыңыздар 19слайд , 20-слайд бойынша тапсырма орындалып және тексеріледі.
Үй тапсырмасы: Балықтар тақырыбына сөз жұмбақ құрастыру


Биология үйірме 7 а,б сыныптар

Сабақтың тақырыбы



15.02.2017 жыл

Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар



Сілтеме

Оқулық, әдістемелік нұсқаулық, қосымша мәліметтер.

Сабақтың мақсаты

Қосмекенділер класы және олардың отрядтары туралы ұғым қалыптасады Олардың сан алуандығын салыстырып саралайды.Топтық жұмыс істеуге дағдыланады. Табиғатты қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға үйренеді.

Оқыту нәтижесі

Қосмекенділер класына тән белгілер туралы мағлұмат алады.
Әрбір отрядына тән ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстанда кездесетін түрлеріне және Қызыл кітапқа енген түрлеріне назар аударады.

Түйінді идеялары

1.Көру арқылы қабылданған және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту,өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпал етеді.
2.Бір - бірімен пікірлесуі, ашық диалогке қатысулары балалардың өз идеясын толық сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.

Сабақтың көрнекілігі


Қосмекенділердің ылғалды препараты, қаңқасы,суреттері, слайдтар .



Сабақтың барысы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

I.Ұйымдастыру
2- мин

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу

Сәлемдеседі, сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындайды

Оқушылар тыңдайды,өз топтарына барып отырады.

II.Қызығушылығын ояту.
3- мин

Үй тапсырмасын сұрау


10 - мин



"Ой қозғау" Шаттық шеңберіне тұрып; Менің көңіл- күйім көктемнің күніндей шуақты, сіздердің көңіл - күйлеріңіз қандай? Өте жақсы. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі топқа бөлініп, топ бойынша жұмыс істейміз.
Сол тұрған күйлерінде 1,2,3.4 сандарын айтқызу арқылы 4- топқа бөлем.
Әрбір топтың алдына топ ережесін қоямын.( 1,7 - модуль)
Ереже:
Бір - біріміздің пікірімізді тыңдаймыз.
Әрқайсымыз өз идеямызды қосамыз
Тақырып жайлы ғана сөйлесеміз

Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар беру( 1,2, 3 - модуль )


I- топ. Сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді жазыңыз;
Бір орыннан екінші орынға қоныс аударатын балықтарды .......... балықтар деп атайды.
Асыл тұқымды будан балық ....... деп аталады.
Қазақстанның Қызыл кітабына( 2010 жыл ) мынандай бекіре балықтары тіркелген; ........ Қазақстандағы ...... өзені бекіре балықтарының отаны деп аталады.
2-топ Сөйлемдегі дұрыс жауапты көрсетіңіз;
А. Саусаққанатты балықтарға жататын балық ;
- табан, бекіре, акула, латимерия, жұп балық.
Ә.Тасбекірелер қандай класс тармағына жатады?
- сәулеқанатты, саусаққанатты, шеміршекті - сүйекті, қостынысты.
3- топ.Сөйлемде қалып қойған сөзді тауып жазыңыз.
Сүйекті балықтарда ерекше мүше ...... болады. Іші ауаға толы торсылдақ ....... ........ ...... ішектен бөлінеді.Торсылдақ кейбір балықтарда ...... ......, ...... ....... шығаруға қатысады.
4-топ .Сөйлемде қалып қойған сөздерді тауып жазыңыз.
Сүйекті балықтарда да .... ....., екі ...... ..... өзек болады.Оларда ..... ... зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - ....... пайда болған.Есту мүшесі де тек ..... ....... тұрады.Алдыңғы ... - шағын, екі .... ....... бөлінбеген. ...... ми мен ....... көлемі үлкендеу.

Тапсырма
мен танысады.
Топ бойынша жұмыс істейді.
Оқушылардың іс - әрекетін қадағалайды

.



Балықтың қаңқасына, ылғалды препаратына, алуан түрлі сүйекті балықтардың суретіне қарай отырып нақтылауға арналған сұрақтарға топ болып жұмыс жасап өз ойларын айтады.



















1- тапсырма. ( 1,2,3 - модуль)
1 -топ. Неліктен класс қосмекенділер деп аталған? Құйрықсыздар отрядына сипаттама.
2-топ. Аяқсыз қосмекенділер отрядына сипаттама.
Асқорыту, тыныс алу,қанайналым шеңберлеріжүйесіндегі ерекшеліктері.
3- топ. Жүйке жүйесі, сезім мүшелері, зәр шығару жүйесі және көбею әрекеттеріне тән ерекшеліктерін көрсету.
4-топ.Қосмекенділер қаңқасында қандай ерекшелігі бар?Құйрықты қосмекенділер отядына сипаттама.

Берілген тапсырма бойынша топпен бірлесе отырып ойларын флипчартқа түсіреді..
( Топтық әңгіме)

Топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес өздеріне берілген әдісті қолдана отырып жұмыс жасайды.

.





2- тапсырма. (2- модуль)
"Жұппен жұмыс"
1- жұп.
а) Қосмекенділер - алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануар.
ә) Денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады.
б) Оларда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі қуық пайда болған.
2- жұп
а). Алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған, оны өкпелік шеңбер деп атайды.
ә) Алдыңғы миы шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген.
б) Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған.

1. Үш ұйғарым жазу керек,оның біреуі жалған болуы тиіс
2.Өз ұйғарымын басқа жұпқа беру керек.
3. Екінші жұп ұйғарымды оқидыда, қайсысы дұрыс емес екенін талқылайды.

Жауапта тыңдалып талқыланады.

IV.Қорытынды-
лау
5- мин

4- тапсырма. ( 1, 2- модуль )
Венн диаграммасы" сүйекті балықтар мен қосмекенділерді салыстыру(. дәптерге орындайды
"Ой толғау"
Қосмекенділердің табиғаттағы, адам өміріндегі, ғылымда, медицинада маңызы туралы әңгіме құрастыру
Осы кезде жалпы қомекенділер жайлы таныстырылымды қоямын. АКТ -ны пайдалану: Электронды оқулық .

Әрқайсысы өз бетінше жазады Жұп болып бірінің жұмысын бірі тексереді.






VI.Үйге тапсырма
2- мин
Қосмекенділер жайлы қызықты мәліметтер, қосымша материалдар.
Қосымша мәліметтерді ақпараттық технолгия арқылы немесе кітап арқылы іздеп табуға дағдыланады.
Өздеріне қосымша мәлімет жинақтау арқылы білімі шыңдалады,шығарма
шылық жұмыс істеуге талпынады.
Рефлексия
2- мин

Мен нені білемін ? ( 1,2,3 - модуль ) Мен нені білгім келеді?


Мен нені білдім

Таратылған парақшаларға жауап жазады..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет