Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
5-тапсырма. Тіліміздің шырайлығына кері әсер етуші сөздерді санамалап жазады.
Дескриптор: Жалпы – 4 балл. - Тапсырманы орындайды.
8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
№3-тапсырма: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
5- тапсырма. «Ұлттық құндылықтар- ел болмысы» деген тақырыпты Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Толық өркениетті ел болу үшін, алдымен, өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені ингеруге ұмтылғанымыз жөн» деген сөзіне мағынасы жақын мақал-мәтелдер табады.