Ұйымдастыру кезеңі
|
Амандасу.
Оқушыларды түгел қосылғанын қарап, сабақ барысына өту. Сынып оқушыларының оқу белсенділігіне қарай, тапсырмаларды толығымен немесе жеке ерекшеліктеріне сай беру.
|
Мұғаліммен амандасады, дайындықтарын білдіреді. Бір-біріне көтеріңкі көңіл күй, сәттілік тілейді.
|
|
Компьютер, смартфон
|
Жаңа білім
|
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі. Жаңа сабақтың жаңа сөздеріне түсініктеме беріледі.
әулие – қасиетті
жұмырлана өрілу – жуан есілген арқан секілді өру
қызғалдақ қауызындай – қызғалдақ күлтелерінің дөңгелене біріккен жері
құлаш – өлшем бірлігі
өлшем – сандық сапа
|
Жаңа сөздерді қайталайды, естерінде сақтайды.
|
«Қолдау, қолпаштау әдісі
Жарайсың!
Бәрекелді!
Керемет!
Іске сәт!
|
Жаңа сөздер
|
|
1-тапсырма. Сөздерді пайдаланып, сөйлем құра.
Надан, хикаят, ізгі қала, қоғам, әулие, кесене, қария, түс, ғасыр, аңыз.
Дескрипторы:
Сөздерді пайдаланып, құрылымын сақтай отырып, сөйлем құрайды.
Сауатты жазады.
2-тапсырма. Суретте қандай ескерткіш бейнеленген?
Дескрипторы:
Суреттегі ескерткіш жайлы айтады.
Сөйлемнің құрылымын сақтайды.
3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Тірек сөздерді пайдаланып, мәтінді мазмұнда.
Арыстан бап, кесене, аңыз, Әмір-Темір, өгіз, дуал, мүйізімен сүзу, құлату, қария түс, жарлық беру, Қожа Ахмет Ясауи.
Халық ішінде мынадай аңыз бар: Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз көтерілген дуалдарды мүйізімен соғып құлатады. Ғимарат қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда бұл оқиға тағы да қайталанып, бәрі үйілген төбеге айналады. Бұл жайт Әмір Темірді көп ойландырады. Түсінде бір шал келіп, аян береді. Ол Қожа Ахметтің ең алғашқы ұстазы – Арыстан бап моласының үстіне кесене көтеруге әмір ететінін жеткізеді. Бұл талап орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы құрылысын ойдағыдай аяқтайды.
Дескрипторы:
Тірек сөздерді пайдаланып, баяндайды.
Сөйлем құрылымын сақтайды.
|