Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
|
Амандасу.
Оқушыларды түгел қосылғанын қарап, сабақ барысына өту. Сынып оқушыларының оқу белсенділігіне қарай, тапсырмаларды толығымен немесе жеке ерекшеліктеріне сай беру.
|
Мұғаліммен амандасады, дайындықтарын білдіреді.
|
|
Компью-тер, смарт-фон
|
Жаңа білім
5 мин
|
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
«Ой түрткі» сұрақтары ,
«Миға шабуыл» әдісі арқылы картаға қарап, сұрақтарға жауап бер.
Сен тұратын мемлекет Жердің қай бөлігінде орналасқан?
Картадан өз мемлекетіңнің географиялық аумағын көрсет?
Сенің мемлекетің қай елдермен шегаралас?
Дескрипторы:
-берілген сұрақты түсінеді.
-сұраққа жауап береді.
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер оқылады.
Жаңа сөздер:
Шикізат- тұтынуға қолайлы өнделмеген зат
Қазба – жер қойнауынан қазып алынатын заттар
Кен – жердің қойнауынан қазып алынатын пайдалы зат.
Кенші - кенде істеуші
Мәрмәр – әк тастың түріне жататын қатты тас
Қорғасын – көкшіл-сұр түсті, жұмсақ, өте ауыр металл
Мұнай - май тәрізді минералды сұйық зат
Құбыр – жер астымен ылғалды я газды бір орыннан екінші орынға жеткізетін түтік.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда «Қазақстан картасы бойынша елімізді аралайық!» тақырыбында әңгімелесетін боламыз.
Сабағымызды бастамас бұрын, сын –қимыл үстеуі туралы түсінік алайық.
|
Сұрақтарға дұрыс жауап береді, ой бөлісулері күтіледі.
Жаңа сөздерді есте сақтауы, дұрыс айта алуы күтіледі.
|
ҚБ
|
Оқулық
Жаңа сөздер
|