Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.1.2.11 -элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Валенттілік бойынша бинарлы қосылыстардың
химия лық формуласын анықтайды
Көпшілік оқушылар үшін: Химиялық қосылыстың формуласы бойынша оның салыстырмалы молекулалық массасын есептеуді біледі
Кейбір оқушылар үшін: Химиялық формулаларды сипаттайды
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.