Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет10/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39

Ол суасты жолы қанша қиын, қанша ұзақ болса да, бәрібір жақсы ниетінен арылмады. Басшы бұл серуен-сапарға дейін үнемі өзінің қатарына алып жүзетін. Бұл жолы өйтпеді. Ал іші бұрылыс-бұрылыс әрі терең, әрі тас қараңғы үңгір ішіне енгеннен кейін тіпті пиғылын да өзгерте бастады. Шамалы жүзген соң өзінен басқаларын алға қарай шығарды. Қыздың «Бұларын қалай? Мен кейінде жүзуге қоркамын» дегеніне құлақта аспады. Тек әлден сон басшы: «Сен қыз баласын. Біз өте қауіпті жердеміз. Сондықтан сен соңымыздан жүзе бер» деп уәж айткан. Қыз оған да сенген. Сөйтіп, бірте-бірте кейін ысырылып, құрамның соңынан бір-ақшыккан еді.

Бір кезде жағдай аласапыран болды да кетті. Үнгірдің түкпір жағынан бір алып бірдеме қараң етті. Сол замат басшының қорғануға беретін дабылы естілді құлағына телерадио - байланыс арқылы. Қыз тездетіп қынындағы нендей алып бол­са да мерт ететін қуатты қаруын қолына алды. Соның артынша да әлгі алып балыққа ұқсаған бірдеме тап өздеріне қарай ақулаша атылды. Бірақ бұлар үшін ол жылдамдық ештеме де емес-ті. Бәрі де одан тез бұлтарып үлгерді. Әлгі қатерлінің жүзісі де оңай емес екен. Осындай терендік, жоғары қысым мен суыққа төзімді болып жаралса амал қанша?! Құрам мүшелері жан-жаққа ыдырап кетті. Қайсысының қапай қарай қаша жүзіп кеткенін ажырата алмайтындай да жағдай туған. Кім- кімнің де өмір сүргісі келеді. Бұл сәтте басшының өзі де жан сауғалап кеткен. Бір кезде бірдеме қыздың мандайындағы жарқырап тұрған шамға сарт ете қалды. Шам күрт сөнді. Манадан бергі қаранғылық дегені жай нәрсе екен. Енді тіпті көзге түртсе көргісіз. Енді бір сәтте шлемінің ішіндегі телерадио - байланыс та тыйылды. Сапарластарынан біржолата адасты. Ендігі әрекеті де әлгі су асты жыртқышынан қорғану еді. Сәлден соң мандайындағы шамның қылын күйдірген де сол түсініксіз құбыжықтын ұзын күйрығының соққысы екенін түсінді. Қыз енді жедел жәрдем дабылын беруді де ойлады. Бірақ, өкінішке орай, ол әрекетінен де ештеме шықпады. Бай­ланыс мүлдем үзілген. Ендігі жобалауынша, әлгі үлкен су асты жыртқышы сапарластарын қуып кеткен. «Солар аман болса екен» деп тіледі ішінен жас қыз өз тағдырының қыл көпірде тұрғанына қарамастан. Өзінін қараңғы үнгір ішінде шамсыз, серіксіз қалғанын да есепке алмады. Сәлден соң су толқыны бәсейіп, құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады. Бұл тыныштық қыздың қатерден құтылғанын білдіргендей болғаны мен, енді қалай қарай жүзіп, кімнен кәмек сұрарын білмейтін бір дүниеге тоғытып жіберді. Ең болмаса маңдайындағы шамы жанып тұрса, онда да бір жолын табар еді. Мына тас түнек дүние ештемені аңғартпайды. Тек жай қараңғылық болса бір сәрі?.. Әлгі өзін кұйрығымен соғып өткен бірдеме де қайтып оралмай ма?

Қыз қорқайын деді. Тек қорқу ғана ма екен, енді бар жан- дауысымен айқайлаудың да жөні келген сияқты. Бірақ қыз оған бармады. Өйткені, бас шлемінің сыртқы жағындағы дыбыс күшейткіш арқылы айқай шығарса, әлгі құбыжық не менің қайта жетіп келуіде ғажап емес. Тыныш кеткен пәлені қайта шақырып алмақ. Тығырыққа тірелу деген де осы еді. Қыз қапелімде не істерін де білмеді. Аквариумның ішінде қалған жалғыз балықтай олай бір, былай бір жүзумен ғана шектелді. Ара-тұра үңгірдің шоқпыт-шоқпыт болып келген қабыр- ғасына да соғылады. Содан енді бір кезде кейін қарай жүзген. Жылт етер саңылау көрінсейші. Мұхит тереңіндегі қараңғылыққа бойы үйренген еді. Ал мына үнгір ішінің қараңғылығы бар дүниені қара ойдымша өзіне жұтып алғандай бір көрініс екен. Осы кезге дейін су асты әлемінің талай-талай ғажайыбын көргені де жылт еткен жарықтың ғана арқасы екен-ау. «Жарық дүние-ай» деп ақсақалдар бекер күрсінген бе? Онсыз шын мәнінде де өмір жоқ. Енді бір жағынан қараса құрлықта көртышқанға, мұнда осы терендік пен қараңғылықтың иелеріне жарықтың қажеті жоқ. Оларды Ұлы Жаратушы осылай бейімдеген. Сондықтан да жер беті өзіне қандай қолайлы бол­са, осы су тереңі оларға жайлы. Егер де олар су бетіне шығар болса, жағалауға жетсе, тап өзі сияқты қолайсыздықты сезініп, қиналар да еді.

Бірақ олар шығама?! Ол қажет емес оларға. Бәрініңде өмір сүрер ортасы осы. Мәнгілік қараңғылық, қысым мен суық. Қыз енді біраздан соң тоңа бастағандай да болды. Бұрын мұндай суық та қараңғы ортада бұлайша ұзак уакыт болмайтын. Содан ба, бойын суық алып көрген еместі. Оның үстіне мұхит тереңінің жазығы емес, оның тас қараңғы үңгірінің ішінде. Достарынан болса да хабар-ошар деген атымен жоқ. Бәрі де бейнебір өзінен әдейі қашып кеткендей. Бір жағынан қыз әлі де болса оларды жамандыққа қимайды. Қайта, олардың аман-есен болуларын тілейді ішінен. «Бәлкім, олар әлгі құбыжыкты әдейі менен алыстатып әкетті ме екен. Бұл да мені онан аман алып қалудың бір жолы ғой. Тек енді өздері аман- есен болса екен. Тек өздері», - деп бір тоқтады.

Енді бір кезде мұндай ойларды ойлап-толғамақ түгілі, тісі- тісіне тимей сақылдап кеп жөнелді. Қанша шыныққан, қанша су астында жүзгіш болса да енді жағдайы шынымен-ақ қиындай бастаған. Қиналмай қайтсін, тас қараңғыда, үлкен қысымда не олай, не былай жүзіп-зымырап кете алмай қалса. Қыздың көз шарасына еріксіз жас тығылды. Не істерін де білмеді. Біресе ілгері, біресе кейін қарай жүзумен шектелді. Қатты қозғалуға тағы қорқады. Су астындағы әлгі қарайған алып құбыжықтың аузы үлкен болса, оған оп-онай еніпте кетуі ғажап емес. Ал ондай үлкен азулы ауыз бен мына үңгірдің ауызын мына түнекте ажырату да мүмкін емес.

Сәлден соң қыз бір әрекет жасауға бекінді. Бекінбеске енді шарасы да жоқ. Үңгір қабырғасын сипалап, олай да былай да тынымсыз жүзе берді. Әлгі қарайған алып неме қайтып көрінбеді. Жақын манда болса, өзінің бұл қозғалысына «жауап та берген» болар еді ендігі. «Ол жоқ кезде бұл үңгірден шығуым керек, уақыт жоғалтпастан» деген ой-тұжырымға келді енді ол. Өйтпесе, нағыз қатер енді төнбек. Қыз үңгір қабырғасын жобамен алып ілгері жүзе берді, жүзеберді. Бақытына қарай ешқандай ұшы сүйір тасқа соқтыққан жоқ. Жүзуін жалғастыра берген. Үңгірді жағалап сәл де болса кең дүние әлеміне жақындап келе жатқанын жас жүрегі дәл сезді. Оған да іштей қуанып, іштей шүкіршілік етті. Сөйтіп ілгерілей бер­ген. Асыққан мезеттерінде үңгірдің қабырға-қабырғаларынан одырайып-одырайып шығып түрған бүйір тастарға жай соқтығысыпта қалады. Бірақ ол бүйір тастар қанша бұжыр, қанша үлкен болса да құрлыктағы Күн сәулесі мен желге қаңсыған ұшы өткір тастардай емес, жұмсақ тиеді. Олар жылтыр. Ком­бинезоны онымен жанасқанда оп-оңай сырғып өте шығады. Қалың қолғап киген қолдары да ондай одырайған тастардан тайқып кетеді.

Ондай сәттерде қыз бейнебір жер бетіне құлап бара жаткандай бір күйді басынан кешеді. Олардан өткен мезетте екі қолын алға қарай тік созып жіберіп, екі аяғын жиі-жиі кейін сермеп тап балыктың өзіндей бұлт-бұлт қозғалады. Аяқ-қолдарындағы арнайы материалдан жасалған жалпақ қалақтар суды кейін қарай ығыстыруына мол мүмкіндік тудырады. Егер осы тас қараңғы қапас үңгірден аман-есен шығып алса, арқа жонындағы шағын қозғалтқыш-итергішін іске қоспақ. Со­дан сон өзін ең жүйрік деген балықта қуып жете алмақ емес. Егер мына бұлтарыстары көп үңгір іші болмаған да, соны іске қосып әлде қашан талай жерге кетіп те қалған болар еді. Үңгірдің аты — үңгір. Қыз осыны да ойлап үңгір бұлтарыстарындағы бүйіртас пен бұжыр тастарға соқтығыса-соктығыса біраз жерді кейінге тастады. «Тірі адам тіршілігін жасайды» деген сөз бекер айтылмаса керек-ті. Әрекет етіп еді, қаншама қатерден құтылды. Денесі де сәл жылып, бойына қан тарады. Қоркынышы да бәсеңдеген. Тек шамалы алқынып шаршай бастағанын кезіп сәл кідірді. Сол кезде барып өзінің қорқыныштан соққан жас жүрегінің дүрсілін алғаш естіді. Қанша тыныштық сақтап, қанша тың тындайын десе де, сол жас жүрегі қабаттасқандай болып ештемені сырттан есттірмеді. Комбинезонының тұла бойына орнатылған дыбыс қабылдағыштары да енді әлсізденіп қалғандай. Екі құлағы да естуден қалайын деген бе? Әйтеуір, су асты әлемі енді тып-тыныш. Сонда да қарап қалмай, жан-жағын, аяқтарының астын, төбе тұсын көзімен жіті бакылаумен тұрды. Сақтық жасамай болмайды. Өзін сақтайтын бір кұдай мен өзі ғана енді бұл тұңғиық қараңғы да суық әлемде. Осылайша жарық дүниенің қадірін қыз бәрінен де бұрын өзінің дәл мынандай тас қараңғы, бұлта- рыстары көп үңгір ішінде жападан-жалғыз қалғанында түсінді. Бірақ налығанда не пайда, қолынан келер еш шарасы жоқ. Айқайлай да алмаған. Көкірегі тұсындағы байланыс кұралын жай әуенмен іске қосып көрді де қайтадан сөндірді. Ол дыбыссыз еді. Қыз енді шындап-ақ жалғыздықты сезінейін, қорқайын деді. Сапарластарының не тірі, не өлі екендері бол­са да белгісіз. Енді өзіне бұйрық беретін де, өзін өзгелерден қызғанатын да, кейде ренжитін де адам жоқ. Енді өз билігі өзінде. Нені қаласа да оны тек өзі шешеді. Мұндай оқиға, мұндай тағдыр үш ұйыктаса түсіне еніп пе? Тіпті, осы сапар- серуенге шығар алдында өз көзімен көрген тағдырына да мән бермеген. Әрине, сол «Тағдыр» кұралы экранда көрсеткен окиғаға ұксас оқиға шын мәнінде болды. Тек қыз мандайындағы шамының нендей себептен кенеттен күрт сонуінін ғана себебін анык білмеген еді. Оны енді көрді. Тек бір өкініші, сол кезде құрал экранынан тағдырын үзағырақ көруі керек еді. Сонда үңгірден кейін не болатыны өзіне айғақ болмак. Енді бір өкініштен өзге қолынан келер ештемеде жоқ. Қанша дегенмен де «Тағдыр» құралына ерекше мән бергеннің артык еместігі де енді айкындала түскен. Соған көзі жетті. «Сол көріністерді аяғына дейін көрсетпеген құпия күштің өзі де тағдыр емес пе еді?» деп бір тұжырымдады ойын қыз.

Осыны ойлап та қынжылды. Егер көз алдында әлдене қарайып түрса, аямай соғып-соғып алар еді. Ештеме жоқ. Мүлдем жоқ-ау. Көрінбейді де. Тіпті, су астының тіршілік иелері де өзінен бойын аула кұстаған тәрізді. Қандай өкінішті. Тас қараңғы дүние. Тас түнек. Осы ойлармен қыз алға қарай жүзіп келеді. Қалай дегенде де жүзуі керек, қалай дегенде де мына қарангы қапас дүниеден кең су әлеміне шығуы керек. Әйтпесе өміріне қауіп төнеді. Су суық. Оның үстіне жүрегі де саза бастаған. Бұлайша әрекет жасамаса, бойын суық алған сон аяк-қолдарының қозғалуы да нашарламақ. Кезінде қыз су астында жүзуде алдына жан салмайтын. Бәлкім, сол жат- тығудыңда пайдасы тиіп жатқан болар-ау. Енді тек кешікпей су бетіне жетсе ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет