Сап – әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы. Қатар



бет2/6
Дата19.10.2023
өлшемі320,71 Kb.
#186630
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саптық д-қ №1-2

Жинақталған сапта әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтары арасында алақанның еніне тең аралықтарда орналасады.
Жазылған саптағы әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір адымда немесе командир көрсеткен аралықтарда орналасады.
12. Лек – әскери қызметшілердің бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықта орналасатын сабы.
Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп болуы мүмкін.
Лектер бөлімшелер мен бөлімдерді өрістетілген немесе жорықтық сапқа тұрғызу үшін қолданылады.
Төрт және одан аз әскери қызметшілер лекке бір-бірден тұрғызылады.
13. Өрістетілген сап – бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығына) немесе лектер сызығына Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына тұрғызылатын сабы. Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар, парадтар өткізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
14. Жорықтық сап – бөлімшенің лекке сапқа тұрғызылған немесе бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі сапқа тұрғызылатын сабы.
Жорықтық сап бөлімшелер шеру жасаған кездегі қозғалыс, салтанатты шерумен, әндетіп өту үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
15. Бағыттаушы – көрсетілген бағытта бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өз қозғалысын реттейді.
16. Тұйықтаушы – лекте соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).


1 тақырып. Сап және оны басқару.
1 сабақ. Взвод саптары.
Оқу сұрақтары:
1. Өрістетілген сапта взводтың іс-әрекеті үшін берілетін командалар, оларды орындау.
2. Жорықтық сап. Жорықтық сапта взводтың іс-әрекеті үшін берілетін командалар, оларды орындау.
3. Взвод құрамында саптағы орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау.


1 оқу сұрағы. Өрістетілген сапта взводтың іс-әрекеті үшін берілетін командалар, оларды орындау.
Өрістетілген сап – бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығына) немесе лектер сызығына Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына тұрғызылатын сабы. Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар, парадтар өткізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет