Сауалнама Оқу орны:Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Универсиететі
Факультет:Қазақ филологиясы және әлем тілдері
Мамандығы:филология 4-курс
Аты-жөні:Ботанбек Дана Қонсбекқызы
Инста-аккаунт және телефон номері:@dana_qonysbekqyzy(өзгеріп кетуі мүмкін😅) 87077471398
Төрт жыл ішінде есіңізде қалған ең қызықты оқиға: Есіме түскені , ағылшын пәні.1 курс кезі -ау шамасы.. Екі группаға бөлініп оқитынбыз. Ағылшын пәнінен беретін Махаббат апайымыз күн сайын сөздік жаттауға беретін. Мінезі де сәл қырсықтау болатын. Дәл рейтинг уақыты болатын. Әдеттегідей, апай журнал бойынша кезекпен сөздік сұрап жатыр. Мен жаттауға шебер едім, мүдірмей сөздіктерді айтып , орныма отырдым. Ендігі кезек Маңғыстаудың ерке қызы – Жанерке есімді қыз болатын(группада Жәнке дейміз). Ол қыз жаттағанымен, 1-2 сөздерді ұмытып қалды. Апай біздің алдымызда партада отыр, мұғалімдер үстелінде емес. Ары айтып, бері айтып Жәнкеге сөзді түсіндіре алмадық. Апай сұрағын жаудыртып жатыр. Жәнкеге көмектесу керек. Қалай көмектесеміз деп ойланып, параққа жазып көтеріп отырдық. Солай 1-2 сөзді айтып болып, ол да біз жаққа қатты қарап алған, білдіртпей қарауға болады ғой))😅 Солай Жәнке судыратып , қағаздағы сөзді оқып жатқанда,апай артта қағаз көтеріп отырған бізге қарап қалмасы бар ма?! Апай бірден мінезін өзгертті да, « отыр, Жанерке.Бәріңе рубежка 3 , боссыңдар»- деді. Ал , не істейміз? Апайдан кешірім сұрап едік, тыңдағысы да келмеді, амал жоқ бірдеңесі болар деп шығып кеттік. Шыққан соң, Жәнке кешірім сұрап ол жүр. Не болса да бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін деп , болар істі топпен көрейік деп шештік. Рубежка уақытында сөздігімізді көтеріп, тапсыруға апайға барсақ , « сендерге 3 дедім ғой, боссыңдар»- деді. Старостамыз ол жүр , сендер- ақ бірдеңе бүлдіреді да жүреді екенсіңдер деп. Апаймен сөйлесу ешкімнің қолынан келе қоймады. Сонымен не болса да көрерміз енді деп қойдық.Содан біршама уақыт өткен соң универ жүйесін ашсақ, апай өзімізге тиісті 4-5 бағамызды қойып қойыпты. Осылай Жәнкеге көмектесеміз деп, бәріміз 3 алайын дегенбіз. Бір- бірімізге қамқорлығымыздың арқасында болу керек, апай жақсы бағасын қойып берді.
2) Мен үшін тағы есте қалатын қызық оқиға – өзімнің сессия тапсырған кезім болатын. Сессия кезінде негізі қыздар нешетүрлі шпорға жүгініп жатады. Біздің шпор – сотка болатын. Қыс мезгілінің бір жақсысы сотканы кез-келген жерге тыға саласың , қалтаға не болмаса етіктің ішіне деген сияқты) Ал,көктем мезгілінде сотка тығу сәл қиындау болады. Себебі, қабат- қабат киіміңді шешесің. Ондай кезде профессионал қыздар капронмен көйлек киіп, капронның ішіне тығып алатын. Олай істеуден біздің группада Айзада есімді қыз шебер болатын. Капронның ішіне тығып, көйлегіңді көтеріп, көшіріп отыра бересің. Апай келе жатса, көйлекті жаба саласың. Орыс әдебиетінен сессия болатын... Менде қыздар сияқты көйлек киіп, капронның астына тығып көрейін деп шештім. Дәл солай істедім. Орыс әдебиетінің сұрақтарын айта алмаймын енді.. Сөйтіп, сессия басталды. Билетімді алып, орныма отырдым. Басқа қыздар билет алып жатқанда, гуглды ашып сұрақтың жауабын тауып үлгеруің керек. Сөйтіп, 1 сұрағымның жауабын байқатпай көшіріп алдым. Екіншісін көшіріп бастап жатқанда, апай мен жаққа келе жатыр екен. Көйлегімді түсіре қойдым. Сөйтсем, көйлегімнің жұқалығынан астындағы сотканың жарығы көрініп қалған . Апай «шығарыңыз» дейді, мен « апай болды көшірмеймін, осында тұра берсінші» деп қоям. Ойымда қайтадан көшіру емес, сотканы капронның ішінен шығару қиын болғандықтан солай дедім. Апайда қоймай тұрып алды, болмағасын тұрып, көйлегімді қатты көтеріп, 20 қыздың алдында (хорошо что қыздар) капронның ішінен соткамды шығардым, онда да тез шыға салған жоқ. Жабысып бұтыма, әрең шықты.Енді елестетіңіз, бұтына қолын салып тұрған қызды... Апай сотканы алып кетті. Ойымда келесі сұрақтың жауабын қалай жазу емес, ұят болғанын ойлап , 2-3 сұрақтарымның жауабын қалай жазғанымда есімде жоқ. Опытым жоқ екенін осылай көрсеттім…
3)Есімде қалған тағы бір қызық оқиға да сессия туралы болмақ... Негізі бізге бақылаушы ретінде басқа факультеттердің апайлары түседі. Ол кезде көшіру мүмкіндігі көп бола бермейді. Апайдың мінезіне қарай қимылдайтынбыз. Бір рет көшіріп көреміз, көрсе де көрмегендей болса, әрі қарай жалғастыра береміз. Ал егер ескерту жасаса, қаталдау екенін біліп , өтірік сөздерді құрастырып жазып шығатынбыз. Қай сабақ екені есімде жоқ, бір сабақтан сессия тапсыратын болдық. Қыс кезіндегі семестр болатын... Бақылаушы болып, бағымызға қарай өзіміздің факультеттің, өзімізге сабақ берген Көшекова Айнұр апай кірді. Сөйтіп, сессия басталды. Билетімді алып, орныма жайғасып, соткамды екі бұтымның арасына қойып көшіре бастадым.Бұтыңды айқастап отырып аласың.. Апай дәл менің артымда тұрған. Көшіруге қатты беріліп кеткенім сонша, бұтымнан сотка сырғанап жерге құласы бар ма...Сотканың құлаған дауысы қатты шықты. Бәрі маған қарап қалған, апай не істер екен дегендей... қорқып артымда тұрған апайдың бетіне қарасам, апай «дұрыстап тықпайсың ба» деді да қойды. Апайдың неге олай айтқанын түсінбей, артыма қарасам, құдағиының туылған күні екен, соған артымдағы қызға «интернеттен маған әдемі гүлдің суретін тауып бер» деп жатыр екен... Шын өмірде гүл таңдап жатқандай, әдемі гүлдің суретін интернеттен іздеп әлек болып жатқандықтан, маған көңіл аудармағанда екен... Осылай сессия тапсыру кезіндегі орын алған екінші оқиғам..