Зерттеу нәтижелері Сонғы жылдары азот тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуін және олардың
құрамындағы азотты өсімдіктің әртүрлі жағдайда қабылдауын зерттеу үшін N
15
изотопы
кеңінен пайдаланылып жүр. Азот тыңайтқыштарының топырақта өзгеріске ұшырау
процесін N
15
көмегімен анықтау нәтижесінде тыңайтқыш құрамындағы азотты пайдалану
коэффициенті анықталды. Сонымен азот тықайтқышының құрамындағы азоттың егістік
тәжірибеде 40%-ын, вегетациялық тәжірибеде 50-60% өсімдік пайдаланатыны белгілі
болды. Ал 20%-ын топырақты мекендейтін микроорганизмдер қабылдайды, біраз бөлігі
денитрификация процесінің өсерінен ысырап болады.
Зерттеулер жүргізілген жылдары себу мерзімі ұсынысқа сәйкес 25 қыркүйек және 1
қазан күндері қолдан реконструкция жасалынған көкөніс сепкішімен СО-4,2 егілді.(сепкіш
тетіктерін модернизациялап 70 см арақашықтықта жалдың қыратына 20 см 2 қатарлы егу
қамтамасыз етілді(кесте 1).
Кесте 1. Тәжірбие нұсқасы
р/р Сорттар
Дәннің себу
мөлшері,
млн.дана/га
Тәжірибе нұсқалары
1. 1. Стекловидная 21,
2. Шымқала
2,0
Өндірісте қалыптасқан технология (бақылау)
2.
3,0
Топырақты өңдемей тікелей себу
3.
4,0
Топырақты өңдемей тікелей себу + ерте көктемде
тырмалау
4.
5,0
Топырақты өңдемей тікелей себу + ерте көктемде
азот қоректендіру + тырмалау
Зерттеу жұмысы алғы дақыл - дәндік жүгері, зерттеу нысаны бидайдың «Стекловидная-
24, Шымқала» сорттары алынып жүргізілді.