Сборник нормативных и инструктивных документов для использования в работе профсоюзных органов Астана-2015


Кәсіподақ мүшелерін есепке алу тәртібі



бет16/85
Дата12.10.2020
өлшемі2,36 Mb.
#68187
түріСборник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
3. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу тәртібі
3.1. Кәсіподақ мүшелері негізгі жұмыс (оқу) орындары бойынша кәсіподақ ұйымының есебінде тұрады, қоса жұмыс атқаратындар, егер негізгі жұмыс орындары білім және ғылым жүйесіне кірмейтін болса ғана есепке алынады.

3.2. Кәсіподақ мүшелерін есепке қоюды көрсетілген кәсіподақ билеттерінің негізінде кәсіподақ комитетінің (цех комитетінің) төрағасы немесе арнайы тағайындалған қызметкер, кәсіподақ ұйымдастырушысы жүзеге асырады.

3.3. Кәсіподақ мүшелерінің нағыз шұғыл әскери қызметінің уақыты кәсіподақ мүшелігінің өтіліне есептеледі.

3.4. Маусымдық жұмыстарға қатысатын кәсіподақ мүшелері маусымаралық мерзімде маусымдық жұмыс орны бойынша, егер келесі маусымға еңбек шартын жасасқан болса, кәсіподақ ұйымының есебінде болады. Келесі маусымда жұмыстарын қайта бастаған кезде, маусымдық жұмыстарға қатысатын қызметкерлердің кәсіподақ мүшелігіндегі өтілі сақталады.

3.5. Кәсіподақтағы мүшелік мынадай жағдайларда сақталады:

- еңбек қатынастарын сақтау мерзімінде еңбек қызметін уақытша тоқтатқан қызметкерлердің;

- жұмыс беруші-ұйымның тарауына, санының немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан айрылған қызметкерлердің 6 айдан аспайтын жұмысқа орналасу мерзімінде;

- шетелдік немесе бірлескен кәсіпорында, шет елдің білім беру ұйымында жұмыс (оқу) туралы шұғыл шарт жасасып, шарттың мерзімі өткесін білім және ғылым ұйымына қайтып келу жөнінде шарттасқан қызметкерлердің.

Кәсіподақ мүшелерінің бұл топтары есепте тұра алады және бұрынғы жұмыс немесе оқу орны бойынша кәсіподақ ұйымына жарна төлемейді.

3.6. Босатылған кәсіподақ қызметкерлері тиісті кәсіподақ органының құрамында құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының есебінде тұрады, аталған кәсіподақ органында бастауыш кәсіподақ ұйымы болмаған жағдайда – сол органның шешімі бойынша басқа бастауыш кәсіподақ ұйымына есепке тұрады.

3.7. Шет елге 3 айдан артық мерзімге жұмысқа іссапармен жіберілген кәсіподақ мүшелері бұрынғы жұмыс орындары бойынша есепте қалады және өздерінің кәсіподақ билеттерін сақтауға кәсіподақ комитетіне тапсырады. Кәсіподақ комитеті кәсіподақ билетінің сақтауға қабылданғаны көрсетілген анықтама береді.

3.8. Шет елге тұрақты тұруға баратын кәсіподақ мүшелері кәсіподақтан шығарылып, бұрынғы жұмыс орындары бойынша кәсіподақ комитетіне кәсіподақ билеттерін тапсырады.

Кәсіподақ комитеті олардың қалауы бойынша кәсіподаққа кірген күні, айы мен жылы, мүшелік кәсіподақ жарнасын төлеген соңғы айы және кәсіподақ билетін тапсырған күні көрсетілген анықтама бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет