Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования


  Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы.Алтынсариннің



Pdf көрінісі
бет11/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

 


13 
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы.Алтынсариннің 
идеяларын қолданудың
қисындылығы мен дәйектілігі 
Ыбырай Алтынсарин балаларға сапалы білім ғана беріп қойған жоқ, 
саналы тәрбие берді. Тәрбиенің түрлері – адамгершілік, еңбек және дене 
тәрбиесіне баса назар аударды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы 
тақырыпты алғаш рет талдады.
 
«Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, 
тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ 
даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» - дейді. 
Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны 
шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы – шыншыл, 
еңбексүйгіш, әдепті, қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге 
үйрету еді. Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту, ана қадірін түсіну, жақын 
достарын сыйлай білу керек деген жалпыхалықтық қағиданы әрқашан бала 
зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті дейді. «Ананың сүюі» деген 
өлеңі бала жанын тебірентіп, ана қадірін ұғынуға үндейді. Ата-ананы сыйлай 
білген, оның қадір-қасиетін өз ата-анасындай құрметтей алатын болып өседі 
деген тұжырымды білдіреді.
 
«Баланы жастан» дегендей жас кезінен түзу тәрбие беру, оның болашақ 
өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң, қисығын түзеу қиынға түседі.
Баласының: 
- Мына ағаш неге тіп-тік, ана біреуі неліктен қисық біткен? – деген 
сұрағына
Әкесі: 
- Түзу ағашты қисық бұтақтан кесіп бағып қағумен өсірген, ал қисық 
ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен. Мұнда көп мәні бар. Сен де жас 
ағашсың, саған да күтім керек: 
- Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің 
айтқанымды ұғып орнына келтіресің, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз 
бетіңмен кетсең сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деп жауап 
береді. 
Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы 
үшін қай заманда болсын құнын жоймайды. 
Қазіргі кезеңде баланың өз бетімен білімге ие болу барысында оның 
белсенді әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың 
бірі болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы Ыбырай 
Алтынсариннің алға қойған мақсаттарына тоқталатын болсақ: 

балаларға жан-жақты және кең көлемде білім беру;

ұстаздың рөлін жоғары көтеру, оқулықтардың сапасына көңіл аудару; 

оқу бағдарламаларын үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру; 

балалардың білімін қосымша материалдармен толықтыру. 
Біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қоғам құрамыз десек, дәл бүгін 
бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген балдырғандарды, мектеп 
шәкірттерін тектілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді қазіргі уақыттың міндеті, 
талабы деп қарауымыз керек. Осы талап пен міндеттерді орындаудағы ең бір 
пәрменді құрал-оқу, тәлім-тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың 


14 
алтын мұрасын пайдалану. Ендеше бүгін алға қойған мақсат Ыбырай 
Алтынсариннің еңбек, тәртіп, тәрбие идеяларына тоқталып, қазіргі заман 
талабымен ұштастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет