Курстың мақсаттары: - Алгоритмдік ойлауды дамыту, нақты орындаушы үшін алгоритм құрастыру және жазуды үйрену;
- Объектілік-бағытталған және оқиғалық бағдарламалауды зерттеу.
Курс міндеттері: − Оқушыларда алгоритмдік конструкциялар, логикалық мәндер мен операциялар туралы түсінік қалыптастыру;
− Негізгі алгоритмдік құрылымдармен – желілік, шартты және циклді құрылымдармен таныстыру;
− Жобалық және ғылыми-танымдық қызметі барысында пәнаралық байланыстарды орнату;
− Scratch бағдарламалау ортасында тәжірибелік-бағытталған әдіспен теориялық білімді жүзеге асыру.