Сүдігерде изен ызыңдайды
– Ей, болбыраған боқмұрын, қараптан-қарап
отырып өліп қала жаздағаның не-ей?! – деп əбден
жерден алып, жерге салды.
Ақыры отыра қалып, қара топырақты қобырата
шашып жіберіп, солқылдап жылады.
– Саған соқа айдатып қойған соғыс оңбас, сені
маған серік қылған шолақ бригадир оңбас. Ей, болбырақ
боқмұрын.
Егер сол жолы Жақаш болмаса, яки көрмей қалса,
мен бүйтіп қалқайып, терезеден сүдігерге қарап
отырмас едім. Мені сол жолы топырақ көміп қалғанда,
ешкім таба алмас та ма еді?..
Осылай ойлауым мұң екен, өзімді өзім аяп, жападан-
жалғыз отырып жылағым келді. Қоңыр күзде өзім
жыртқан сүдігер, сұлқ түсіп жатыр, тек соқа жыртпай
кеткен мия мен изен ызыңдайды. Теп-тегіс қылпықсыз
сүдігерде аядай жер арал болып, миясы мен изені
қырқылмай аман қалған.
Мылтық даусы гүрс етті. Жалт қарап, терезеге
үңілдім. Сүдігерден басқа ештеңе көрінбеп еді, кенет
сүдігердің жал-жал топырағын малти кешіп, артына
қарай-қарай Ақжол қашып барады.
Жүрегім зу ете қалды. Ақжол қылмысты сияқты.
Ол ұзай түскенде құтылып та кететін еді. Бірақ ол
сүдігерге малтыққандай тоқтай қалып, артына бұрылып
қарады. Оны қудалаушы адам ұратынын, əрине, біледі.
Білмесе, қашпас еді ғой. Ал сол адам өлтіретінін Ақжол
қайдан білсін. Өлім бар деп ойына да кірмеген шығар.
Сондықтан ол енді қудалаушы адамның таяғы жетпес-ау
деген жерге барып, артына бұрылып қарады. Көзқарасы
кінəлі еді. Содан да бір сұмдық істегенін сезе қойдым.
17
Сүдігерде изен ызыңдайды
Енді сүдігердің шетіне шыққан адам сұлбасы да
көрінді. Жуанқұл көрші галифе шалбарлы аяғын
алшайтып қойып, мылтықтың дүміне басын қисайтып,
əбден көздеді.
– Қаш, – деп айқай салғанымша, мылтық гүрс етті...
* * *
Ақжолды жазда Евгеньевкадан алып келіп едім.
Шынын айтсам, өзі ілесіп келді. Борандының
элеваторына бидай тапсырып, шаңқай түсте бір топ
бала ауылға қайтқанбыз. Арасындағы ең кішісі мен
едім. Астымдағы көк тайқар да қашыр сияқты шабан
неме, арам қатқыр. Басқалардың көлігі əсіресе ауылға
қайтарда есіре жөнеледі. Бірінен-бірі қалғысы келмей
қосаяқ қағып андыздайды.
Менен басқалары ызы-қызу, қиқу салып топтана
қарауытып, қара жолдың шаңын бұрқылдатып, ұзап
кетті. Көптің аты – көп. Көпке ешкім тиіспейді.
Евгеньевканың əккі балалары жалғыз-жарымды
ториды. Серіктерім мені жалғыз тастап кетейін демеген
де шығар, бірақ қалың шаңның арасынан кім бар, кім
жоғын байқамай қалған да болар. Не десе де мен жалғыз
қалдым. Қашыр тектес тайқарды қанша қамшыласам
да, жүрісі өнбей, дүние өртеніп бара жатса да мимырт
жүрістен танбайды.
Төбесіндегі қамысы қарауытып, тозып кеткен мая
жон үйдің бұрышынан айнала беріп, ауылдың жолына
енді түсейін дегенде, көк тайқардың əдеттегі салпаң
құлағы тікшие қалып, жалт бергені. Басына жаман тонды
айналдыра жамылып, үйдің тасасынан бір бала шыға
келгенде, тайқар үрейлене үркіп, оқыс бұрылғанда,
үстінен ұшып түстім. Аузы-басымның шаңын сүртіп,
18
Сүдігерде изен ызыңдайды
орнымнан тұрып болғанша, Евгеньевканың қағынды
келгірлері көк тайқарға ит қосып қуалап, мəз бола
қалыпты.
Егделеу бір əйел қамысы тозған маяжон үйден
шығып, əлгі мені жəбірлеушілерге бажылдап, қарғыс
жаудырған сияқты. Не айтып айқайлағанын онша
түсінбесем де, əйтеуір, маған пана болып тұрғанын
сезіп, ішім жылып қалды. Өзге тұрмақ, өз шешеңнен
айналайын деген сөзді сирек еститін заманда бейтаныс
адамның мені аяп, араша түскеніне көңілім босаңсып,
көкіректе қатып жатқан көп қоя мына бір жылудан еріп
ала жөнелгендей, еңіреп жылағым келді.
– Болды. Сеники үлкен бала. Қорықпа. Олар енди
саған урмайды, – деп жұбатты əлгі егде əйел үсті-
басымның шаңын қағып, жерде жатқан кенеп дорбаны
қолыма ұстатып. Шұбар ала алжапқышының астына
күс-күс қолын жасырып:
– Бедные, – деді.
Онысын мен түсінбедім. Рақмет айтуды да білмей,
ауылға қарай кете бардым. Арам қатқыр көк тайқар
алды-артына қарамай ауылға қашып кетті. Үстімде
бала бар еді-ау деп қарамады.
Евгеньевканың тағы бір қамыс шатырлы шеткі
үйінің тұсынан өте бергенімде, ажырық тұтқан арықтың
ішінен бір бітік көз күшік тырмысып, тырбаңдап жатып,
жолға шығып, жанары жылт-жылт мөлиіп, құйрығын
бұлғаңдатты
– Күшкə, күшкə, – дедім кетіп бара жатып. Неге
айттым, өзім де білмеймін. Сол-сол екен, əлгі жəрбиген
жаман күшік құлдыраңдап маған ілесе берді...
Евгеньевкадан былай ұзап шыққан соң, бір терең сай
кездеседі. Әдетте бір топ бала сол сайға түсіп, бұлақ
|