Біріншіден, егер жобаның идеясы белгілі бір тәжірибе бойынша терең білімді қажет етсе, сол бағыттағы білім мен оны толық игерген адам жоба үшін құндылыққа ие болады. Бұл жобалау тобының өз ішіндегі қатынастарға ықпал етеді.
Екіншіден, негізгі мектепте лидерлер қалыптасатыны айқын көрінеді, сондықтан лидерлік сапалар әркімнің жеке ерекшеліктеріне сай лидер болуға тәрбиелеу қажет, өйткені, ол өмірде әр адамға қажет болатын қасиет.
Бастауыш мектепте пайда бола бастаған лидерлік сапалардың тек қана белгілі бір оқушығы ғана «беріп» қою қате, одан барлық оқушы осы рольден өтуі тиіс. Мысалы, бастауыш мектепте лидерлік түгел қамтамасыз етілмейді, оның ролін мұғалім атқарады, онда да «лидерлікті» бір оқушыға беріп қоюға болмайды.
Негізгі мектепте жасөспірімдердің ерекшеліктеріне байланысты командалық жұмыстар басым болады, ол қатынасқа құрылатын болғандықтан лидерлік те ауысып отыруы тиіс. Бұл сатының ерекшеліктеріне байланысты пайда болған әртүрлі проблемаларды шешу үшін нақты топтар, командалар құрылып, онда өзара адресті қарым – қатынас қажеттігі пайда болады.
Мысалы, қазіргі оқытудың маңызды потенциалы – компьютерлік технологиялар. Оны тиімді пайдалану оқушылардың қарым – қатынасын дамытуға мүмкіндік береді.
Соған орай «компьютерлік сауаттылықты» оқушылардың жаңа қабілеттерін – түсіну, талдау, мағынасын тану, рефлексия жасау, талдау барысында оның ішкі байланыстарын көре білу, т.б. сапаларын дамытудың құралы ретінде қарастыру керек. Яғни, компьютерлік сауаттылық – түпкі мақсат емес, ол белгілі бір сапаларды қалыптастыру, дамыту құралы.
Атап айтқанда, компьютер арқылы жасалатын баяндаманы, презентацияны word тектімен слайдтарға бөліп – бөліп салуға да болады, немесе, графикалық модельдерді пайдалану арқылы текст мазмұнының тұтастығын, оның ішкі байланыстарын көрсету арқылы құрылымданған, модельденген баяндама жасауға да болады. Бұл оқушының текст мазмұнын меңгеруін ғана емес, оның коммуникативтік, ақпараттық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру қатар да, бір – бірінен бөлек те қызмет ете алады. Мысалы жобалау тобының құрамында креативті адамдар (жобаны ойлап табатындар оның орындалуының ерекше түрлерін, жаңа әдістерін жасайтындар; орындаушылар, рәсімдейтін адамдар мен презентациясын жасайтындар, жобаны тұтас басқарушылар, т.б). Жобаны басқару – оның өмір сүруін, тарап кетпеуін қадағалай отырып, топ мүшелерінің жобаны тұтас байланыстырып отыратын қызмет. Басқару қажет пе, әлде өздігінен еркін жұмыс жасау қажет пе?
Бақылау барысында кіші жастағы оқушылардың еркін ойнау әрекеттерін бақылау барысында олардың бірнеше топтарға бөлініп алып бірнеше ойындар ойлап тауып, оны жүзеге асыруға тырысқандығы байқалды. Олар белгілі бір уақыт ішінде бірнеше жобаны бастап, біреуін де аяғына дейін жеткізе алмады. 10 – 12 жастардағы қыздардың үй тұрмысы ойындары да сол сияқты, ойын кеңістігі бар, құралдары бар, бірақ ойын әрекеттері одан әрі дамымайды, өйткені қыздар уақытын бір – бірімен сөйлесуге жібереді; әрекеттерін, олар одан әрі не істейтіндерін әңгімелеумен болады. Ойын кеңістігі құрылып, өздері ойлап шығарған оқиғаларын жалғастыруға болар еді; бірақ бөлек – бөлек үзінді ойындар ретіндегі әрекеттер сюжеттерін тұтас жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
Жасөспірімдердің де қарым – қатынастарының мазмұны да осыған ұқсас келеді. Олар айналысатын сан түрлі сюжеттердің барлығына ортақ белгі – талқылаудың көп болуы: олар жоспарларын әңгімелейді, орындалған істеріне талдау жасайды, бір – бірінің қылықтары мен іс - әрекеттегі тәртібіне көңіл бөле талқылайды.
Осы аталған ситуациялардың идеясын анықтауда барлығына тән жалпы сипаттамалары бар екені байқалады.
Біріншіден, балалардың ұсынатын идеялары бұрын болмаған немесе болған, бірақ оны жаңаша құру, өздеріне өте қажет өнім жасау ұсыныстары болуы;
Екіншіден, идеяның ұжымдық болуы, яғни, ол бірнеше баланың қатыстыратын, біріктіретін іс болуы (бірақ жеке балаға да тән болуы мүмкін);
Үшіншіден, қатысушылардың өзара қарым – қатынасы идеяның, түпкі ойды жүзеге асыру әрекеттерінің айналасында шоғырланып, олар жаңа өнім алу, не қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін әр адамның міндеттерін анықтап, бөлісіп алады;
Бұлардың барлығы да пайда болған идея, не түпкі ойды жүзеге асыруға арналған арнайы әрекеттер жасалмаса, идеядан айырылып қалуы да мүмкін. Кейбір жағдайда бір идеяны орындамай, келесі идеяға қызығып, соған көшіп кетуі де ғажап емес.
Идеяның жүзеге асырылмауы – оқушылардың түпкі ойды ұзақ уақыт ұстап тұруға шамасы келмейтіні болуынан дей аламыз. Мысалы, идеяны іске асыру барысында кездесетін техникалық қиындықтар оқушылардың ынтасын басуы, сонымен қатар, сол істен көңілдерін қалдыруы да мүмкін.
Әсіресе мектепке дейінгі жастағы, кіші мектеп жасындағы оқушылар жобасы орындалмаса оның ешкімге қажеті жоқ іспен айналысқандық немесе уақыт жоғалтқандық деп түсінбейді. Олардың пайымдауынша, ойласқан идеяның жүзеге асырылмауы мүмкін емес, тіпті олар өз қолдарынан келмейтін іс болмайды деп санайды. Әрине, кіші мектеп жасындағылардың көптеген жобалары орындаусыз қалып та жатады, бірақ біз үшін олардың орындалуына үлкендер күш салуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |