3. Тұлғалық қалыптасу жобалары. Педагогикалық іс-әрекеттің даму жобасы.
Адам туралы жаратылыстану ғылымдық білімдер қандай көқарастармен қарастырылса да, қаншалықты күрделі және сентетикалық болсада адамның педагогикалық жобаларын ауыстыра алмайды.
Сондықтан қазіргі таңдағы немесе өткен шақтағы адамдардың зерттеулерімен қатар «адамды» педагогикалық жобалау арнайы іс-әрекеті қалады ( Масюкова.Н.А. Білім берудегі жобалау. – Минск, 1999.-с. 28). Жаңа типтегі оқу орындарындағы (I Петрдің навигация мектебі, М.В. Ломаносовтың академиясы, Смолный университеті, Хандық ауылдық лицей) «Адамның жаңа түрін» жасаудағы көптеген тарихи мысалдар мағынасы бойынша белсенділіктің бір түрін саналы дамытатын педагогикалық жобалаудың бір түрін көрсетті. Бұл жағдайда педагогтар жобалық күштерін тұлғаның ішкі әлеміне, әлеуметтің талап еткен адамдағы қасиеттер мен ерекшеліктерін алуға бағытталған.
Жобалау тетіктері тәрбиелеу сферасында да өнімді болды. XX ғ. 20–30 ж Ресей педагогикасында дамыған ұжымдық тәрбиелеу феномені жобалау идеясымен қатар түрде бұл идеялардың ұжым контекстінде тұлғаның мақсатқа бағдарланған өзгерісінің бөлігі болды. Жақын орташа және алыс перспективаларды жасаудағы перспективалық сызық әдісі ұжым дамуын субьект жиынтығы ретінде жобалаудың бір формасы деп бағалауға болады. Оның біркелкі даму кезеңдері педагогикалық талаптар жүйесінің сапалы динамикасы мен қызметтік-рөлдік тұлға аралық қатынастар мен сай келеді.
А.С.Макаренко қолданған «ертеңгі қуаныш» педагогикалық ұғым оның тәрбиелеу жүйесінде қажетті келешек бейнесі қызметін атқарды. А.С.Макаренко мен оның ізбасарларының тәжірибесінде сәтті орындалған қатар әрекет педагогикасы бірыңғай қоғамдық мағыналы мақсат шеңберінде әр түрлі деңгейдегі субьектілердің параллельді дамуын қамтамасыз ететін жауапкершілікті тәуелділік жүйесінде үлкен тәрбиелік потенциалын көрсетті. Кейінгі кезеңдерде ұжымдық тәрбиелеу механизмі комунарлық әдістемені алып жүруші В.А.Сухомлинский, И.П.Иванов тәжірибесінде қолданылып, гуманизация саласында дамыды: жауапты тәуелділік жүйесінен қамқорлық пен гумандылық қатынасқа дейін. Қазіргі зерттеушілердің бір қатары ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) әдістемесін жобалық іс-әрекет разрядына жатқызады. Шын мәнісінде, әрбір ҰШІ барлық қажетті белгілермен: ұжымдық күшті жұмсау ауданын іздеу; ұжымдық жоспарлау; бірлескен шығармашылық; ерекше өнімді алу; бірлескен іс-әрекетпен оның нәтижесі бойынша рефлексия арқылы педагогикалық жобаға айналады.
Технология қатарын алынған тәжірибені бекіту мен ой бөлісу жүретін салдар стадиясы аяқтайды.
Берілген жағдайдағы жобалық нәтиже есебінде ұжымдық шығармашылық жұмыс қана емес, сонымен қатар, И.П.Иванов қамқорлық деп атаған шығармашылық тәжірибесі мен қарым – қатынастың ерекше түрі есептеледі. Ұжымдық шығармашылық жұмыстар жүйесі ұжымның өмірлік іс-әрекеті кеңістігінде жалпы қамқорлық тәжірибесінің жиналуына әкеледі.
Тұлғалық қалыптасуға бағытталған жобалық іс-әрекет разрядына акмелогиялық жобалау немесе тұлғаның кәсіби жолын өзіндік жобалау ( биографиялық жобалау) жатады. Жобалаудың бұл тұрі білім беру тәжрибесінде XX ғ. 2-ші жартысында адамның функционалды жүйесінің жаңа түсінігі ретінде пайда болды.
Акмеологиялық жобалаудың негізінде Н.А.Бернштейн жасаған функционалдық жүйе дамуында ішкі бағдарламалардың (қажетті болашақ моделі, бейнелер) рөлін анықтайтын белсенділік физиалогия принциптері жатыр. Белсенділікті жаңа концептуалды түсіну адамды басқа адамдармен біріктіре, функционалдық жүйелерді индивидуалдық шеңберінен шығара отырып, олардың өмірлік шыңдарына субьективті шынайылық бейнелерін қозғалту мен дамыту процестерін бейнелеуге мүмкіндік береді.
Н.А.Бернштейннің әр түрлі әрекеттерді осы әрекеттер мәліметтері параметрлерін мақсат деңгейіндегі қалаулармен біріктіру арқылы басқару мүмкіндігі және «өз қалпынан» «қалай болу керекке» өзгерісі акмеологиялық жобаларды адами қасиеттерді жүйелі дамыту бойынша жұмыстар ретінде теория мен практикасын құрудың негізі болды (Ю.А. Гагарин). Акмеологиялық жобалардың жүзеге асуының мағынасы мен мазмұны адамның өзінің өмірлік мәселелерін түсініп, «қазіргі қалпын» «қалай болу керек» жобасымен үйлесімдеу арқылы қалаған мақсаттарға жетуге тырысады. Ю.А. Гагарин ұсынған бағытқа байланысты акмеологиялық жобалауда шынайы және маңызды күйлер үйлеседі. Гормондардан айырмашылығы олар қозғалыс, тыныс алу, кез келген арнайы таңдалған проктикамен іс-әрекет арқылы жанама әсер етеді. Болашақ бейнесін құралдардың бірі ретінде құру үшін «мақсатқа бағытталу матрицасын»қолдану керек. Оның көмегімен акмеологиялық үйлесімділік салаларының құрылымы анықталады және осы құрылымның негізінде акмеологиялық әрекеттер топтары қалыптасады.
Мақсаты педагогикалық шеберлікті қалыптастыру болып табылатын акмеологиялық жобаның жүзеге асу логикасын мысал ретінде көрсетеміз.
Алғашқы кезеңде педагог іс-әрекеті контекстін құрайтын адамдар (мұғалім, оқушы, ата-ана, акмеолог, басқа адамдар) шеңбері анықталады. Жобалауға ену процесі оның барлық қатысушыларының жалпыға ортақ қарым-қатынас пен тәрбиелеу мақсаттарын саналау және оларды императив ретінде қабылдаумен байланыстырылады. Жобаның мақсаттарын көп жоспарлы рефлексиялау кезінде педагогикалық процес қатысушыларының қол жетерлік шыңдарын түсіну жүреді. Акмеолог рефлексияны ұйымдастыруда және жоба қатысушыларының өзін жетілдіруінің мақсаттары мен мотивтерін келістіруде көмек көрсетеді.
Кейін мұғалімнің «қалай болу керек» педагогикалық іс-әрекетін зерттеу мен педагогикалық процстің қалған субьектілерінің іс-әрекет параметрлерін анықтау жүреді. Педагогикалық ситуацияны зерттеудің акмеологиялық бағдарламасы жасалады. Құрылған бағдарланған сызба негізінде әрбір қатысушы диагнозтикалық зерттеуге енеді. Оның шеңберінде бақылау өзіндік есеп тестілеу қолданылады. Акмеолог қарым-қатынастың сенімділігіне негізделіп жұмыста көмектеседі, ересектермен балаларға көмектеседі.
Бұл кезеңде болашақта жүйелі анализдеуді қажет ететін тұлға мен іс-әрекеттің маңызды сипаттарын анықтау керек. Инвариантты сипаттамаларды анықтау тұлға мен іс-әрекетті реттеудегі екі аналитикалық матрицаны құрумен анықталады. Матрицалық мәлімет негізінде іштей байланысқан және өзара күшейетін немесе өзара әлсіздене алатын тұлға мен іс-әрекеттің инварианттық қырларынан акмеологиялық жұптар құрылады. Әрбір жұп мақсатқа жетуіне байланысты жобалауға қатысушымен бағаланады. Ол өзінің жобада жұмыс істеу қабілеттілігі туралы шешім қабылдайды. Бұл жерде өзінің тәжірибесіне рефлексия амалдары қолданылады.
Келесі кезең педагогикалық іс-әрекеттің «қалай болу керек» құрылымын субъективті параметрлердің көптігін ескере отырып акмеологиялық моделді құрумен байланысты. Кейін педагогикалық іс-әрекеттің және оның субъектілерінің дамуы алдын ала жасалған акмеологиялық процедуралар көмегімен жобаланады. Жоба жоспарланға іс-әрекет жүйесі арқылы жүзеге асады. Нақтылы әрекеттер календарлық графиктерімен сәйкестендіріліп жүзеге асады (кездейсоқ пайда болған ситуацияларға тәуелді өзгерістер енгізуге көмектесетін сызықтық және желілік).
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Техникалық жобалаудың гуманитарлықтан айырмашылығы неде?
«Әлеуметтік серіктестік» ұғымы нені білдіреді?
Акмеологиялық жобалау негізінде не жатыр?
Достарыңызбен бөлісу: |