Болжамы: Зертхана жұмысында жоба жетекшілерінің өз ұйымындағы жағдайларды талдай білу, проблеманы және оны шешу жолдарын анықтау, жоба құрастыра білу және оны нақты кезеңдерімен жүзеге асыру, оның тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері қалыптасады, өйткені теориялық білім алу және тәжірибелік жұмыстар қатысушылардың жобалау қызметін тікелей өздері ұйымдастыру барысында орындалады.
Жұмыс кезеңдері және міндеттері:
Дайындық кезеңінде атқарылатын жұмыстар:
Жобалау қызметін ұйымдастыру шарттарын анықтау;
Модульдік бағдарлама мазмұны мен әдістерін айқындау;
Зертхана жұмысының нәтижелік өлшемдерін белгілеу;
Жүзеге асыру кезеңіндегі жұмыстар:
жоба жетекшілерін білім берудегі жобалау түрлерімен, ерекшеліктерімен таныстыру;
жоба жетекшілерін жоба технологиясының алгортмі бойынша дайындау, оны жүзеге асыру, нәтижесін бағалауды үйрету;
қатысушыларға білім беру процесіндегі жобалау; түрлі шараларды жобалау; субъектілердің белсенді әрекеттерін жобалау; инновациялық өзгерістерді жобалау технологиялары мен әдістемелерін өз тәжірибелері арқылы меңгеруге мүмкіндік жасау;
қатысушыларды өз әрекеттеріне рефлексия жасай білуге үйрету;
жобаның тиімділік өлшемдері мен сараптама жасау әдістемесін жасау.
Бағалау, қорыту кезеңіндегі жұмыстар:
жобаларды презентациялау, жасалған өлшемдер бойынша бағалау;
жоба жетекшілерінің өз ұйымдарындағы өзгерістер динамикасын анықтау;
жоба жетекшілерін даярлаудағы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау;
жоба жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау.
Жобалау зертханасына қатысушылар – мақсатты түрде дайындалатын жоба жетекшілері, олардың қатарында: білім беру ұйымдары директорлары, директорлардың орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктер жетекшілері, түрлі деңгейдегі әдіскерлер, универитет оқытушылары, бөлім жетекшілері бола алады. Соған орай, зертхананың бағдарламалық модулі білім беруді басқарудағы, әдістемелік жаңартудағы, өзігінен оқыту жобалары, т.б. жобаларды дайындау, құрастыру, жүзеге асыру, нәтижесін бағалау жолдарын үйретуге құрылады.
Зертхана барысында жоба жетекшілерінің жұмыс бағыттарына, немесе сұраныстарына қарай (білім беру ұйымын басқаруда, әдістемелік жұмыста, тәрбие жұмысында, оқыту процесінда, зерттеу әрекеттерінде, т.б.) проблемаларын анықтау, жоба алды талдау, мақсатты бағдарлы жобалар арқылы өзгерістер ендіру, оларды бағалау құзыреттіліктері өздерінің жобаларын жасау арқылы қалыптасады және тәжірибеде бекітіледі.
Осыған байланысты қатысушылар жобаны дайындауда өздері қызмет істейтін білім беру ұйымдарындағы проблемаларды анықтап, дамыту жолдарын белгілейді. Сөйтіп, олар өз саласын жетілдіру проблемасы бойынша мақсатты бағдарлы жоба тақырыбы таңдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |